билет Сөйлеуді дамыту әдістемесінің пәні, міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы


Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі балалар әдебиеті. С.Бегалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс» әңгімелеріне әдеби талдау



бет4/14
Дата15.09.2022
өлшемі62.01 Kb.
#460769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
сұрақтар емт (2) (1) (2)

Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі балалар әдебиеті. С.Бегалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген», «Алданған жолбарыс» әңгімелеріне әдеби талдау.


7-билет.

  1. Естияр және мектепалды дайындық топтарындағы балалармен жұмыс жасауда сөздік қорын дамытудағы әдістер.

5-6 жасқа қараған бала әрекетінде тілді, сөйлеуді меңгеруде мазмұндық және құрылымдық-формалық бағыт айқын байқалады. Балалардың осы кезеңде өздігінен сөз шығарғыштық белсенділігі басым болуына байланысты оларға сөздің мағыналық және формалық құрылысы туралы нақты білім берілу көзделеді. Заттарды жеке-жеке аталымдарымен қоса, жалпы аталымы болатыны кей сөздердің дерексіз, белгісіз нысандарды да белгілі бір сөздермен берілетіні балаға біртіндеп түсіндіріледі. Осындай жас ерекшеліктеріне қарай тіл жетілісін ескеріп, балалармен сөздік жұмысын жүргізу әдістерін білу керек.
1) өзі үшін, сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті-сөздердің дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модульдеу және оларды есту;
2) дыбыс түрлері мен интонацияны тілден тыс элементтермен, өз ана тілімен салыстыра алу қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу элементтеріне тән мағына ретінде түсіне алуы;
3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалауы;
4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-кұлқын тәртіптеу үдерісінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті ерекше рөл атқарады.
Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланьң тілі солғұрлым тезірек байиды және оның психикасы жан-жақты дамиды. Ал тілді екінші тіл ретінде үйретуде лингвистикалык-дидактикалық ұстанымдарға құрылған әдістерді қолдану керек болса, үйретуші олардың төмендегідей жіктелісін еске ұстағаны ләзім: Алдымен тілге арнайы оқыту әдісі қолданылады. Оқыту әдісі деп білімді бір адамнан басқа адамға беруді, үйренуші мен үйретушінің арасында жүйелі түрде, біртіндеп орындалатын іс-әрекетті айтады. Оқыту бірыңғай теориядан тұруы, тілді үйретушінің әрекеті тұрғысында болуы – балабақша үдерісіне жат нәрсе. Сондықтан да мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі. Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, ырғақ жағынан әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегідей біршама қарқындырақ, сөздің дыбысын артикульдеп және сөздің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, соңынан қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстьң артикуляциясы мен модуляциясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б. көрсететін дыбыс комплекстерін, мәліметін салыстырады).Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялык норма деңгейінен төмен түспеу және баланьң сөзіне еліктемеу (сақауланбау, шолжаңдамау) аса маңызды. Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарға (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас үдерісінде еріксіз түрде болуы мүмкін. «Мына құлыншақтың айдары, құйрығы қайсы?» деп тәрбиеші ойыншық құлыншақтың алдымен айдарын, кейіннен құйрығын сипап, «айдар», «құйрық» деген сөздерді ерекше бөліп, дауыстап «Міне, айдары, міне, құйрығы! Қандай әдемі десейші! Қазір біз оның айдары мен құйрығын жұмсақ тарақпен тараймыз. Міне, айдары да, құйрығы да жап-жақсы, жұп-жұмсақ болды» –деп, баланы өз сөзіне еліктете алуы керек.
Балабақшада сөздік жұмысын жүзеге асыратын сабақтардың бірнеше түрі бар. Олар:
1) Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары;
2) Сөз мағыналарын меңгерту сабақтары;
3) Сөздерді бейнелі қолдануға үйрету сабақтары. Бұл сабақтардың қай-қайсысында да төмендегідей әдістер қолданылады:
1. Бақылау әдісі;
2. Сурет қарастыру әдісі;
3. Техникалық құралдарды қолдану әдісі;
4. Көркем шығарманы, оқу, жаттау, талдау әдістері.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет