Былғары және мех өҢдеу технологиясы



бет1/14
Дата16.06.2016
өлшемі2.44 Mb.
#140929
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Б.К.Әсенова, Г.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова

БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ МЕХ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оқу құралы

Семей – 2007 жыл.

Мазмұны
Мал терісінің былғарысы мен жүнді

жабын құрлысы ............................................................................................................................ 3


Малдың терісіне әсер ететін факторлар...................................................................................... 7
Теріні біріншілік өңдеу: реттеу, жөндеу, консервілеу.............................................................. 13
Мех өңдеу технологиясы .......................................................................................................... 17
Жібіту .......................................................................................................................................... 22
Шелдеу ........................................................................................................................................ 23
Пикельдеу ................................................................................................................................... 24
Илеу ............................................................................................................................................. 25
Майлау ..................................................................................................................................... 26
Уату ............................................................................................................................................. 27
Жекеленген операциялар ........................................................................................................... 28
Қалың тері тінін өңдеу ерекшеліктері ................................................................................... 29
Мехті ашықтымен өңдеу ........................................................................................................... 43
Мехті бояу ..................................................................................................................................... 44
Өндірістік процестерді бақылау ....………………………………………………………………45


І – тарау

МАЛ ТЕРІЛЕРІНІҢ БЫЛҒАРЫСЫ МЕН ЖҮНДІ ЖАБЫН ҚҰРЛЫСЫ

І - бөлім

Тері топографиясы

Тері – жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Тері түктен, жүнді жабыннан, эпидермистен (қыртыс), дерма (өзең) мен теріасты клеткалардан (шел) тұрады.

Мехтік теріні жүнді жабын және тері өзеңі деп екіге бөледі. Илеу кәсібін меңгеру үшін ең алдымен оның құрлысымен толығырақ танысу қажет. Себебі, ол алдыңғы операцияларды елестете алу үшін керек.

Былғары өндірісінде өзеңді қолданады, ал түк пен эпидермисті бөлектейді. Мехта өзең эпидермиспен және түкпен бірге.

Эпидермис - жүнді жабын астында орналасқан беттік қабат. Ол өте жұқа, терінің 1/20 бөлігін құрайды және бірнеше эпителиальды тор қатарынан тұрады. Мехті өңдегенде біз міндетті түрде осы қабатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол түк қалташығымен тығыз байланысқан және оның бүлінуі түктің өзеңмен байланысының әлсіреуіне әкеліп соғады.

Өзең - бұл терідегі беріктілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленетін ең негізгі қабат. Ол коллаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.

Коллаген талшығы - белок коллагенен пайда болады, оның қайнатқан кезде желімге айналуы негізгі қасиеті болып табылады.

Эластин талшығы - коллаген талшығынан аздаған бұйралығы мен біраз қалыңдығымен өзгешеленеді. Олар өзеңнің төменгі бөлігі, тор шекарасында орналасқан.

Ретикул талшығы - негізінен ретикулин белогынан тұрады. Ол барлық өзеңді өткізетін және эпидермиспен шекараласқан қабатқа қалың тор түзеді.

Өзең екі негізгі қабаттарға бөлінеді: емізікше және торлы.

Емізікше қабат өзеңнің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көбінесе, малдардың осы жерінде жүн тамыры бекиді. Осыған тер мен май бездері кіреді. Бұнда коллаген талшықтары жұқалау. Олар түк қалташығына қарсы бағытталған.

Торлы қабат - өзеңнің төменгі қабаты. Ол былғары мен теріден өнделген барлық терінің беріктігін анықтайды. Ол біркелкі коллаген талшықтарының өрілімдерінен тұрады. Біз осы қабаттың иілгіш, жұқа болуын қадағалаймыз. Қабат жұқалығы малдың жай-күйін анықтайды, күту жағдайына, сою уақытына, малдың түріне байланысты құбылады. Талшықтардың өрілу топтары терінің қай жерінде орналасуына байланысты сипатталады.

Жота - терінің бағалы бөлігі. Бұл жерде берік былғары өзеңімен ең қалың түк жабыны бар. Ол терінің мойынынан құйырғына дейінгі ортаңғы бөлігінде орналасқан. Оның ені әр малда әртүрлі. Құйымшақ тұсының түгі мойынының түгіне қарағанда қалың және ұзынырақ келеді. Жота түгінің сапасына бүйір жағының түгі ғана ұқсасырақ. Сондықтан оны жотамен бірге пайдалануға болады.

Барлық малдардың бауыр терісі көбінесе сирек болады, бірақ кәмшат, жұпар тышқан, су тышқандарының бауыр терісінің түгі бүйірі мен жота терісіне қарағанда қалыңырақ. Астыңғымен салыстырғанда жоғарғы бөлігіндегі бүйір терісінің жүнді жабыны қысқа және ашық түсті болып келеді. Тері тіні құйрығына қарағанда беріктеу.

Табан - бұл тері бөлігінің аяғында болады. Осы жерде қатты, төмен жүнді жабын болады, ал тері тіні жуандаған. Бүтін табанды онша бағалы емес терідегі мехтік терілерде сақтамайды, тек оның табандық деп аталатын беттік бөлігін қалдырады. Бағалы терілерді табанымен қоса шешіп алуға тырысады.

Мойын - бастың көз сызығынан алдыңғы табандыққа дейінгі бөлігі, бұның ортаңғы бөлігі жонарқаның жалғасы болып табылады.

Құйрық екіге бөлінеді: 1- құйрық ұшы; 2 - құйымшақ тұсымен жалғасқан бөлігі.

Терінің топографиялық құрлысының негізінде мех өндірісіндегі қалдықтарды болдырмау үшін, көбінесе ірі емес мамықтық мал терілерін қолданады. Ал тері өндірісінде шошқа, жылқы, ІҚМ терілерімен байланысты. Олардың топогграфиясы біршама өзгеше.

ІҚМ терісі келесі бөліктерде талданады:

Жонарқа - тері өндірісіндегі терінің екі маңызды бөлігі. Ол беріктігі мен жыртылған кезде аз ұзартуымен сипатталады.

Құйымшақ тұсы - терінің тығыз және иілгіш бөлігі. Шап және табан - ең былпылдақ және жұқа бөлік. Жыртылған кезде созылып кетеді.

Қол және мойын - бұлар да былпылдақ және жұқа болып келеді.

Жылқы терісін екіге бөлуге болады: алдыңғы және сауыр терісі. Орны бойынша ІҚМ терісіндей жонарқаның орнына алдыңғы бөлігі орналасқан. Бірақ ол былпылдақ құрылысымен ерекшеленеді.

Шошқа терісінің топографиясы өзгеше. Терінің ортаңғы бөлігінде жонарқа және мойын терісі бар. Оны бөксе деп атайды. Қалған бөліктері бөксенің бүйірінде орналасқан, оны қол терісі деп атайды. Оларды аяқ киімінің жоғарғы жағына және қайыс белдіктер дайындауда қолданады.

Мехтік теріден өнделген тері тіні төмендегідей негізгі талаптарға сай келуі керек:


  1. Қалыңдығы. Біз өңдеу кезінде өте жұқа, әрі бұйым жеңілдігін қараймыз.

  2. Беріктігі. Бұнда бұйымның ұзақ мерзімде пайдалану мүмкіншілігі қаралады.

  3. Иілгіштігі. Бұл кезде бұйымның қозғалыстан кейін бастапқы пішінін сақтауы қарастырылады.

  4. Жұмсақтығы.

Енді тері тінімен жан -жақты танысқаннан соң, терінің басқа бөлігі мехқа, яғни жүнді жабынға келеміз. Мехтік өндірісте ол бүкіл терінің сапасын анықтайды. Малдарда жүнді жабын біркелкі емес. Ол қылшықтардың әртүрлі категориясынан құралған.

Бағыттаушы қылшық айтарлықтай қалың және серпімді, онда ұзын өзек болады. Оның ұштары бетке шығып тұрады.

Өстік қылшық - бағыттаушыдан қарағанда қысқа, бірақ одан қалыңырақ. Кейде, сәндікке (модаға) қарап мех өндеу процесінде кейбір малдардың (мысалы кәмшат) бағыттаушы қылшығын қысқартып және мүлдем алып тастайды.

Мамықтық қылшық - басқалардың барлығынан қысқа. Олар өте жұқа, нәзік және төменде болатын біршама қалың түкті жабын. Биязы жүнді қойлардың түкті жабыны осы қабаттан тұрады. Аң терісінің 94-98% - ы мамық қылдар құрайды.

Сезімтал қылшық - бұл мойынның, еріннің жоғары және төменгі терілерінде кез келген түрдегі қылшық қалташық пен өзектен тұрады.

Қалташық - бұл тері жабындағы қыл бөлігі. Қылдың түбірі - қалташықтың жуандатылған бөлігі. Қылдың әртүрлі категориядағы тамыры біркелкі емес. Әрі қарай қылдың өстік қылшығы мен тамыры кесіліп қалады да, теріден жеңіл бөлінеді.

Өзек қылшығының ұзындығы жүнді жабын биіктігімен анықталады. Орналасу жиілігі оның қалыңдығына байланысты.

Теріден өнделген жүнді жабын сапасын келесі сипаттамалар анықтайды: биліктік - бұнымен терінің жылуды қорғау қасиеті байланысты, қалыңдығы мен сыртқы түрі, қылшықтың беріктігі және оның тері тіндеріне байланысты. Бұдан терінің сапасын жарыққа келмей тұрғаннан-ақ байқауға болатындығын анықтаймыз.

Енді келесі үлкен тақырыпты бастаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет