Былғары және мех өҢдеу технологиясы



жүктеу 2.69 Mb.
бет12/14
Дата16.06.2016
өлшемі2.69 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Релаксация.

Релаксациялық құбылыстарға серпімділіктің қалпына келуі, тұрақсыздық және релаксация жатады.

Серпімділікітің қалпына келуі (упругое последействие) - деформацияның релаксациясы, жоғары эластикалық деформация - деформацияның уақыт өткеннен соң азаюын көрсетеді.

Тұрақсыздық (шекучесшь) былғарыға үнемі күш тұскеннен, деформацияның релаксациясы - күш түскенде деформацияның уақыт өткен сайын өсуі немесе форманың қайта қалпына келуі т.б.

Релаксация (киімнің релаксациясы) - деформацияланған материалдың уақыт өткен сайын кішіреюін көрсетеді.

Релаксациялық құбылыстардың былғары мен мехты сақтауда, тасымалдауда, дайындауда және қолдануда үлкен маңызы бар. Былғарыда серпімділіктің қайтуы немесе азаюы анық байқалады, оның дұрыс және бұрыс жақтары бар.

Бұрыс қасиеттеріне мысал ретінде өнімді тасымалдауда және сақтауда ауданының кішіреюі мен жалпы созылғыштығының өсуін келтіруге болады және уақыт өткен сайын көннің қаттылығы азаюы мүмкін.

Ал дұрыс қасиеттеріне эксплуатациядан кейін, тыныштықта тұрған киімнің өз формасына келуі мысал бола алады. Былғары мен мехтын деформациясы талшық және талшықтар тобының орналасуына байланысты.



БЕРІКТІК ҚАСИЕТТЕРДІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ.

Қазіргі кезде былғары мен мехтың және тондық қой терісінің сапасын бағалау әдістерінің көпшілігі, зерттеу объектілерін (үлгілерді) бұзу, бүлдіру арқылы атқарылады. Соңдықтан, сапаны зерттеу әдістерін жетілдірудің мысалы, орташа сынақ алмай атқарудың маңызы зор. Ондай әдістерге акустикалық приборларды қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Бұл кезде орташа сынақ алынбайды және үлгі қырқылып кесілмейді. Былғарының қалыңдығы арқылы дыбыстың өту жылдамдығынан оның беріктік шегін де есептеуге болады. Пенетрометр арқылы былғарыға ине сұғып оның тығыздығын, беріктігін тексеруге болады. Былғары мен мехтың талшықты құрылымын сипаттау үшін, акустикалық спектроскопия әдісін қолдануға болады, ал, былғарының серпімді пластикалық қасиеттерін, жұмсақтығын, резонанстық тербелістер арқылы атқару мүмкіндігі бар.



Материалға сыртқы түр беретін қасиеттері.

Былғары мен мехтың сапалық қасиеттеріне оның эстетикалық қасиеттерін де жатқызады. Былғары мен мехтың эстетикалық қасиеттеріне: жалтырауы, былғары бетінің түрі, мехтың үлпілдектігі, серпімділігі, беттің жұмсақтығы, иілгіштігі және басқалары жатады.

Былғарының, мехтың және тондық қой терісінің эстетикалық қасиеттеріне әрлеу барысында қол жеткізіледі. Ол қасиеттерді көп жағдайда органолептикалық әдіспен анықтайды. Көбінесе, эстетикалық қасиеттерін эксперттік жолмен анықтайды.

Бұйымдардың эстетикалық қасиеттерін анықтау үшін белгілі эталонмен экспертиза жүргізуге арналған нұсқау бар. Эстетикалық қасиеттерін анықтау үшін орташа экспертиза жүргізуге болады.

Былғары мен мехтың және тондық қой терісінің, олардан жасалған бұйымдардың беріктік қасиеттері

Былғарының, мехтың және тондық қой терісінен жасалған өнімдердің тозуына оларды тұтыну кезіндегі эксплуатациялық жағдайлары әсер етеді. Аяқ киімнің жоғарғы белігінің былғарысы пайдалану кезінде көп рет қайталанатын механикалық әсерден майысып және тартылып бұзылады.

Әр мех терілерінде желінгіштік әртүрлі болады, бірақ барлық жағдайда түкті жабын сыртқы күштің әсерінен бұзылады. Бұл тартылу мен үйкеліс күштерінің әсерінен болады. Бұл процесс былғары мен мехтың ылғалдануына, температураның өзгеруіне, шаң, кір болуына әкеліп соғады. Былғары мен мехтың эксплуатациялық қасиеттеріне илеу саны, толықтыру мен майлау процестері де әсерін тигізеді. Аяқ киімнің төменгі белігіне арналған былғарының желінбеуіне, оның құрамындағы ылғалдылық
әсер етуі мүмкін. Ылғалдылық былғары массасының 10%- ін құрауы керек.

Былғары мен мехтан жасалған бұйымдардың ұзақ мерзімге сақталуы шикізаттың түріне және былғарының физикалық-химиялық құрылымы мен сапасына байланысты болады.

Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарының тозуын ұлтан қалыңдығының (Дһ мм)т уақыттағы (күн, сағат) тозу жылдамдығымен белгілейді: V = Дһ/т. Тозу жылдамдығына кері шама тозуға төзімділік деп аталады, оны былай өрнектейді: К = т/ДҺ.

Былғарының тозу кедергісін Позняк приборында, ал түкті жабынды УМИ-60 приборында анықтайды.

СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ШИКІЗАТТЫ, СПИЛОКТЫ, ЖҮНДІ

ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨНДЕУ.

Былғары және мех өнеркәсібінде өндіріс қалдықтарын қайыра пайдалану проблемасы ете маңызды, өйткені өнім шығару барысында шикізат массасының 40%-не жуығы қалдыққа айналып кетеді. Былғары және мех өңдірісінің қалдықтарына шикізаттың, материалдың және жартылай фабрикаттың қолдануға жарамсыз болып қалған бөліктері жатады.

Стандартты емес шикізаттар да қалдыққа жатады.

СПИЛОКТЫ ПАЙДАЛАНУ.

Соңғы жылдары мүйізді ірі қараның терісінен аяқ киімнің үстіңгі белігіне арналған былғары жасау көбеюіне байланысты спилок шығару көбейді. Оның себебі, беткі былғарының қалыңдығы белгілі бір мөлшерден аспауы керек, ал ірі қараның терісінің қалыңдығы әдетте ол мөлшерден артық болып келеді. Қалыңдықтың артық қабаты екіге тілу арқылы алынып тасталынады. Былғары зауыттарында екіге тілу күлдеу немесе илеу процестерінен кейін жүргізіледі. Терінің қалыңдығы мен былғары алу жолына байланысты жартылай фабрикатты екі немесе үш қабатқа тіледі.

Аяқ киімнің үстіңгі белігіне арналған былғары жасауда екіге тілу арқылы жұқарту процесіне түсетін жартылай фабрикаттар: тайынша, сиыр, бұқа, өгіз және шошқа терілері. Сонымен бірге аяқ киімнің юфтісіне, ер тұрман және ұлтанға арналған былғары жасау үшін де жұқарту қолданылады. Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары үшін қолданылатын мүйізді ірі қараның мойын терісі де екіге тілінеді. Күлденген шикізаттан алынған бахтарма лилогы белкозин жасауға жіберіледі немесе үстіңгі сиплогпен бірге одан әрі былғары алу үшін өңделеді.

Спилоктан былғару алу.

Спилоктан аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған жасанды беткі қабаты бар былғары алуға және ұлтарақтық былғары алуға болады. Бүгінгі күнде спилок негізінен ұлтарақтық былғары алуға жұмсалады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған, ұлтарақтық, киімдік және галантереялық былғары алу үшін иленген немесе көн түріндегі спилок қолданыла береді.

Иленген спилокты қалыңдығы мен сапасы бойынша сорттайды. 1,2 м мен қалың спилоктан аяқ киімнің үстіңгі белігіне арналған былғары алу үшін, ал 2 мм-ден қалың спилок ұлтандық былғары алуға жұмсалады. Спилоктағы ақаулардың саны мен түріне қарай оларды екі сортқа бөледі. I сорт спилогынан велюр, II сорт спилогынан аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары алынады. Спилоктан былғары алудың жолдары:

Бахтармалық спилоктан былғары алу үшін өндірісте қолданылып жүрген технологияға қосымша төмендегідей операциялар жүргізіледі.

- шлифтеу (түрпілеу) кезінде біркелкі ворс алу үшін спилокты кремний қосындыларымен толықтыру;

- беті тегіс және әдемі болу үшін, беткі бояу жағу кезінде пленка құрағышты көбірек қолдану және бетіне лак жағу;

- судың әсеріне тұрақтылығын күшейту үшін гидрофобтық қасиеті бар заттармен өңдеу.

Кейінгі кезде шыққан жаңа әдістердің бірі - спилоктың бетіне полиуретандық пленка жапсыру. Пленканың беті былғарының табиғи суретіне ұқсас болу үшін алдымен пленканы былғарының бетіне жапсырады да, оны сыпырып алғанда былғарының бедері пленкаға түседі. Содан кейін пленка спилоктың бетіне жапсырылады.

Спилокты шұжықты орайтын қабыршақтар (белкозин, кутизин) алуға дайындау.

Шұжық орайтын қабыршақтарды мүйізді ірі қараның терісінен алынған спилок пен шөлден дайындайды. Шұжықтық қабыршақтарды алуға төменгі спилок қолданылады. Белкозин алуда импорттық терінің спилогы қолданылмайды. Спилокты алғашқы өңдеу былғары зауыттарында жүргізіледі. Күлдеуден кейін спилокты жинап, шет шетін кесіп, шелдеп, кальций гидроксидімен консервілейді. Одан кейін спилокты қаттап, орап, белкозин шығаруға арналған зауыттарға жібереді.



ЖҮН МЕН ҚЫЛШЫҚТЫ ӨҢДЕУ.

Жүн мен қылшық былғары мен тон өндірісінің өте бағалы өнімі, себебі олар тоқыма өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Солай бола тұрса да былғары өндірісінде жүнді жинап алуға жөнді көңіл бөлінбейді. Мех және тон өндірісінде жинайтын жүнді зауыттық жүн деп атайды. Зауыттық жүннің сапасы тірі малдан қырқып алған жүннен нашарлау болады. Теріде ұзақ, нәрсіз тұрған жүн қаттылау, бос және жөнді боялмайды.

Былғары өндірісінде жүңді өзеңмен байланысын әлсіретіп барып, механикалық жолмен жүн сыпырғыш машиналарда сыпырып тастау арқылы алады.

Бағалы жүні бар терілерді мысалы: кой, ешкі немесе шошқа терілері, ферментативтік немесе механикалық жолмен тазартады. Мех өндірісінде жоғары бағалы жүнді қой терісінен қырқып алады.

Алынған жүнді тоқыма өндірісіне жібереді. Жүн мен қылшықтың сапасы мен шығымы малдың тұқымына, жынысына, сойған кездегі салмағына және оның тұрған жерінің климатына, бағу жағдайына байланысты.

Жүн мен қылшықтық сипаттамасы. Былғары зауытынан алынатын жүн шикізат түріне қарай бөлінеді: сиыр (мүйізді ірі қараның терісінен алынған) жылқы, қой және ешкі жүндері.

Негізінен былғары зауыттарынан сиыр жүні алынады. Бірақ ең бағалысы қой жүні. Жағу арқылы алынған жүннің сапасы онша жақсы болмайды, өйткені күкіртті натрий оның сапасына кері әсер етеді, жүнді бұзады. Ешкі жүні ұзын қылшықтан және майда түбіттен тұрады. Ол екеуі де ете бағалы шикізат. Қылшық жүн щетка өндірісінде қолданылады. Өндірісте жүнді қалыңдығы бойынша сұрыптайды: 1-жіңішке, 2-жіңішкерек, 3-қатты, 4-қаттылау, ал, ұзындығы бойынша: 1) 35 мм және одан ұзын; 2) 25—35 мм; 3) 10—25 мм, түріне қарай: ақ, сұр және түрлі түсті.

Жүн сапасының негізгі көрсеткіштері ондағы болатын майлы заттардың, минералды қосындылардың, тері өзеңі мен шелдің шамасына байланысты болады. Шошқа терісінің қылшығы бағалы қосалқы шикізат болып табылады. Қылшықтың жүннен айырмашылығы оның ұшының сыртқы қабатының бірнеше тарамға бөлінуінде. Мұндай қылшықтарды сурет салатын және бояйтын щетка жасауға қолданады.

Қыста сойылған жасы жеткен шошқаның қылшығы өте ұзын, қатты, берік және жылтыр болады, оның ішінде арқа мен мойын қылшығы бағаланады. Қылшық жүннің сапасы оны алу әдісіне байланысты. Оны алу үшін натрий сульфиді мен ферментативті әдіс, күлдеу, қыру және жұлу әдістері қолданылады.

Жүнді жинау, тазалау және тасымалдау. Мех өндірісіңде қырқылған жүн, желдеткіш-вентиляторлар арқылы арнаулы бункерге түседі, әртүрлі ұзындықтағы жүннің араласып кетпеуі үшін бункер тез-тез босатылып тұрады. Тері қалдықтарынан тазартылған жүн сортталып, 2-3 рет кептіріліп, кептірілгеннен соң, суытып орап, салмағы 60-70 кг-ға жететін бумаға тең жасалынады. Жүнді матаға желімдеу арқылы жасанды мех алуға болады.

Былғары өндірісіндегі қалдық жүнді былай тазартады. Жүн сыпыратын машинадан өткен соң, оны шайып, кептіріп, буып тең жасайды. Күлдеу цехындағы жүн майлы заттар және минералды тұздармен былғанып түседі. Мұндай күйде ол тез гидродизге түсіп, бұзылып кетпеуі үшін оны жуады. Күлдеуден өткен жуылмаған жүнді 6 сағаттан аса сақтамау керек, ал жағып сылау әдісі арқылы сыпырылған жүнді 1 сағаттан аса сақтауға болмайды.

Сылаусыз әдіспен шыққан жүн шайынды суымен бірге барабан астындағы жинағышқа түсіп, үздіксіз суды рециркуляциялау арқылы алынады.

Бұл әдістің артықшылығы: зиянды химиялық реагенттерде аз уақыт болғандықтан жүн біршама жақсы сақталады, тазартылған суды қайта пайдалануға мүмкіңдік береді.

ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ.

Қалдықтарды топтастыру.

Былғары және мех өңдірісінің ерекшелігі онан шығатын қалдықтардың көп мөлшерде болуыңда. Мысалы, былғары өндірісінде сиыр терісінің шикізатындағы (спилокты қосқанда) белокты заттардың былғарыға тек 49,3% ғана өтеді екен. Ал, қалғаны қалдыққа кетеді. Қалдықтардың үлкен бөлігі қайта қолданылады, оны қайтымды қалдықтар деп атайды. Ал, қолданылмай кететін қалдықтарды қайтымсыз деп атайды.

Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтарды 3 топқа бөлуге болады:

1. Ет комбинаттары және шикізат зауыттарында теріні өңдеуде шығатын қалдықтарға кесінді, ерін, шеміршек; кератинді (сүйек) қалдықтарға мүйіз, тұяқ жатады.

2. Былғары және мех өндірісіндегі шикізат пен көн өңдеудегі қалдықтарға шел, кесінді, тері майы, жүн; илеуден кейінгі қалдықтарға сүргілеуден шыққан жаңқа, кесінді; құрамында белокты заттар жоқ қалдықтарға майлар, илегіш заттар, шайынды су және т.б. жатады.

3. Былғары және мех бұйымдарын жасау кездегі шығатын қалдықтар аяқ киім, галантерея өндірісінде бөлшектерді дайындауда пайда болады.

Қалдықтарға стандартқа жатпайтын шикізат та жатады. Былғары өндірісінде қалдықтар шикізат түріне, химиялық құрамына, пайдалану мақсатына және дайын былғары түріне байланысты бөлінеді.

Шикізаттың түріне байланысты қалдықтарды: мүйізді ірі караның жылқы, ешкі, қой, шошқа және тағы басқа жануарлардың қалдықтары деп бөледі.

Былғары өндірісіндегі қалдықтардың химиялық құрамына байланысты топтастырылуы.

Шыққан кезеңіне байланысты былғары қалдығы иленген және иленбеген болып бөлінеді, сондай-ақ оларды құрамындағы қосындыларына байланысты бөледі.

Химиялық құрамына қарай қалдықтар коллагенді және майлы болып бөлінеді. Коллагенді қалдықтарға: тері, жартылай фабрикат, былғары; майлы қалдықтарға: шошқа майы, қыру және шелдеу кезінде шошқа терісінен алынған май, бірінші шелдегенде қой, ешкі терілерінен алынған шел майы жатады.

Былғары өндірісінде бір теріден шығатын спилок, жүн және басқа да қалдықтар мөлшері.

Мех шикізатын өндегенде шығатын қалдық жүн: тараудан, сабаудан, үтіктеуден кейін түскен жүн; очес қырқуден және механикалық операциялардан кейін шыққан жүн (подстрижка); механикалық жұмсартудан қағып сілку барабандарынан шыққан жүн (сметка); кесіндіден шыққан жүн (кислотная); канализациялық құбырлар мен тұндырғыштардан шыққан жүн деп бөлінеді.

Қалдық жүннің шығымы қатаң ескеріледі. Мехқа арналған қой терісінен - 5,6 кг; тондық қой терісінен - 2,3 кг жүн 1000 дм2 шаққанда шығуы тиіс. Қой терісін өңдеуде жүннен басқа шел мен кесінді де қалдыққа жатады.
ЖЕЛАТИН, ЖЕЛІМ ЖӘНЕ БЕЛОКТЫ ГИДРОЛИЗАТ ӨНДІРУ.

Желатин, желім және белок гидролизатының сапасы, шикізаттың химиялық құрамы мен түріне байланысты анықталады. Шикізат ретінде иленген және иленбеген қалдықтарды пайдалануға болады. Тамақтық және фотографиялық желатинді, жоғары сапалы желімді, тамақ, медицина, формацевт өндірісінде қолданылатын белокты гидролизатты иленбеген шикізаттан алады.

Төменде иленбеген қалдықтан желім мен желатин алудың технологиялық схемасы көрсетілген:

Илеуден кейінгі қалдықтардан желім, желатин, белокты гидролизат алу мына кезеңдерден тұрады: иін бұзу, сілті қосу арқылы белокты гидролиздеу, белокты термиялық гидролиздеу, сүзу, буландыру, кептіру. Хроммен илеуден кейінгі қалдықтарды өндеу үшін, алдымен коллагенмен хром комплекстерінің байланысын бүзатын заттар (оксолат, ацетат, комплексон) қосу керек, хромды тұнбаға түсіретін сілтілер қосу соңғы кезде көп қолданылуда.



Белокты жем шығару.

Қазіргі кезде былғары өндірісінің қалдықтарынан мал жемін алуға көп көңіл бөлінуде. Белокты жем алуға иленген және иленбеген қалдықтарды қолдануға болады. Күлдеу процесіне дейінгі иленбеген қалдықтарды қайта өңдегенде коллагенді бұзып, майын бөліп, жемді стерилизациялайды. Коллагенді бұзу термиялық, сілтілік, ферментативтік гидролиздеумен жүргізіледі. Шелді өңдеп жем алудың жалпы технологиялық схемасы мынадай: ылғалдан арылту (сығу), жібіту, жүннен арылту (терінің шеткі жақтары мен стандартты емес шикізатқа), суын сығу және майын алу (шелге), күлсіздендіру (терінің шеткі жақтары мен стандартқа жатпайтын шикізатқа), коллагенді бұзу (гидролиз) стерилизация алғашқы кептіру, майын сығу, негізгі кептіру, майдалау, буып төндеу, өлшеу, маркілеу.

Күлдеу процесінен кейінгі қалдықтардан қосымша жем алуда, 1 кг жемде 60 мг-нан артпайтын натрий сульфиді болуын қадағалау керек.

Майлы қалдықтарды қайта өндеу.

Былғары және мех өнеркәсібінде шикізатты, жартылай фабрикаттарды өңдеуде және қалдықтарды қайта өңдеу кезінде көптеген мөлшерде майлы заттар қалады. Бөлінген май өндіріске аса маңызды, бағалы шикізат болып табылады және де былғары өндірісінде майлауға қолдануға болады.

Май шошқа және қой терілерінде көп болады. Шошқа терісін сүргілеуден шығатын қалдықта майлы заттар өте көп болады. Тері салмағына шаққанда 40—50%-ке дейін техникалық май шығады. Шел мен спилоктік кесіндіде 10-20% және 10-15%-тей майлы зат болады. Сүргілеуден кейінгі тері қиқымдарында (жаңқасынан) 15%-ке дейін техникалық май алынады.

Қой терісінің шел қабатында көп мөлшерде май болады, негізінен ол, шикізаттың түріне байланысты. Майдың мөлшері шел салмағының 6- 16%-тін құрайды. Шелдеуден 3-4% май алынады.

Жібіту, майсыздау, қыру, күлдеу процестерінен кейін қой және шошқа тірілерін өндегенде, шайынды судың құрамында жібіту, күлдеуден кейін (шошқа терісінде) 10 г/л-дей майлы заттар болады.

Шайынды судың құрамындағы майлы заттар арнаулы май ұстағыштармен жиналады. Эмульгациядан кейінгі алынған май, юфть және аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғарыны майлау үшін қолданылады, ал сульфаттаудан алынған май хромды былғарыны майлауға қолданылады.



Қатты қалдықтардың (шел, кесінді) құрамындағы майлы заттарды тұшыту арқылы бөліп алады.

Мех өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеу.

Мех өндірісінің қалдықтарын қайта өндеу нәтижесінде: жүн, майлы заттар, ал коллагенді қалдыктардан - желім, белокты гидролизат, малға арналған жем және тағы басқаларды алуға болады.

Жүн қалдықтарын арнайы жинағыштарға салып, оны басқа қосындылардан ағаш үгіндісінен, шаңнан тазалап тендерге престейді.

Канализациялық жүндерді шайынды судын құрамынан арнайы аппараттар көмегімен ұстап, тазалап, жуып, престейді.

Жүнді теріден бөліп алу тері өзеңін бұзу арқылы орындалады.

Мех кесіндісіндегі жүнді ферментативті өңдеуде жоғары сапалы жүн алынады. Үлкен кесіңдіңі өңдеу кезінде ферментативті жүннен арылту әдісі жүргізіледі, онан кейін терідегі жүнді жүнсыдырғыш машиналарда алып тастайды.



Тыңайтқыштар алу.

Былғары және мех өндірісіндегі қалдықтар тыңайтқыштар алу үшін бағалы шикізат болып табылады, өйткені қалдық құрамында 7%-ке дейін азот болады. Қалдықтарды қайта пайдаланудың жеңіл әдісі, оны алдын ала өндеусіз топыраққа енгізу. Бірақ қалдықтың құрамындағы хром тұздарының, улы заттардың, ауыр металл тұздарының болуы, оларды қолдануды шектейді.

Қалдықтарды арнайы әдіспен қайта өндеу, сапалы тыңайтқыш ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызады. Оның схемасы шамамен былай болады: қысым арқылы ылғалды қалдықты жоғары температурада ұстау, вакуумде кептіру, ұсақтау, престеу, буып түю.

Осылай қайта өнделген қалдықты малдың жеміне қосып немесе тыңайтқыш ретінде, ұнтақ түрінде қолдануға болады.

Қалдықтарды былғары және мех жартылай фабрикаттарын өңдеу үшін қолдану.

Иленбеген және иленген коллагенді қалдықтар былғарыға жақсы толықтырғыш бола алады, себебі олар табиғи былғарының гигиеналық қасиетін толық сақтай алады. Былғарылық жартылай фабрикатты толықтыру үшін шелден дайындалған желім, сонымен қатар иленбеген қалдықтың ферментті гидролизаты қолданылады.

Былғарының иін қандыру және толықтыру үшін хромды жаңқаның сілтілік гидролизатын және алғашқылды гидролизатты тұз немесе акрил қышқылын қолдану арқылы жүргізуге болады. Былғарылық жартылай' фабрикатты майлауда, эмульгатор және стабилизатор ретінде шелден дайыңдалған желімнің ферментті гидролизатын қолдану жақсы нәтиже береді. Коллагенді ерітуден шыққан өнімдер былғарыны әрлеу кезінде, оның бетін бояу үшін, былғарының адгезиясының нығаюына ықпал етеді. Қой терісінен мех дайындау үшін кератинді гидролизатты пикель ерітіндісіне қосқанда түкті жабынның ұйысып қалу дәрежесі азаяды.

Коллагенді талшық негізінде жасанды материал өндіру.

Коллагенді қалдық, жасанды былғары мен былғары сияқты материал өндірісі үшін бағалы шикізат болып табылады.

Иленбеген қалдықтардан талшақ алынып, олардан тоқылған және тоқылмаған материалдар дайындалады. Коллагенді талшықтар ферментативті препараттармен немесе химиялық заттармен өңдеп, коллагенді еріту аркылы алынады.

Коллагенді еріту әдісінде, оны сілтіде бейтарап тұздарды қосу арқылы өндеп, қалыпты жағдайдағы температурада сірке қышқылында ерітіп қоймалжың сұйық масса алады. Алынған қоймалжың сұйық ерітіндіге арнаулы заттар қосса, қажетті рН-та және температурада талшы регенерацияланады. Коллагенді қалдықты ерітпей тек химиялық заттар қосу арқылы оны ісіндіреді, көбіне бұл әдіс шел мен спилокты кесінді үшін қолданылады: Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған жасанды ұлтарақтық былғарыны (карполон) өндіру мынадай кезеңдерден тұрады: шикізатты өңдеп, одан түкті жабынды бөліп алуға дайындау, көнді механикалық жолмен талшықтандыру, көнді біркелкі талшықты затқа айналдыру, коллагеңды және синтетикалық талшықты араластыру, біркелкі зат алу, таннидтермен өндеу, әрлеу.

Жапонияда коллагенді талшық негізінде тоқылған және тоқылмаған жасанды материалдар алынады. Оларды алуға спилок кесіндісі шикізат ретінде қолданылады. Алу схемасы: қалдық күлсіздендіріледі, жұмсартылады формальдегидпен өңделеді, талшықтандырылады. Алынған талшық балық майымен майланады. Онан соң, хромның илегіш қосылыстарымен қосымша өндеу арқылы илегіш, жұмсақ, термотөзімді материал алынады. Коллагенді талшықтарды белгілі бір арасалмақта синтетикалық талшықтармен араластырып, тоқылмаған маталар технологиясы әдісімен жасанды материалдар алады, олардың бетін әртүрлі ауа өткізгіш мысалы, полиуретанды қабыршақпен жабу арқылы әрлейді. Бұл технология былғары және тоқыма өндірісінде синтетикалық полимерлерді қолдану арқылы іске асады.

Польшада аяқ киімнің астарымен, ұлтараққа арналған материал және велюр дайындау үшін 15%-тік белокты затты мата тектес тканьге құйып, жапсыру арқылы алады.



Былғарылық қатырма қағаз (кожкартон) өндіру.

Былғарыны сүргілеуден шыққан қиқым қалдық қатырма қағаз өндіруде қолданылады. Оны аяқ киім бөлшектеріне: сіріге, ұлтараққа қолдану, табиғи былғарыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Қатырма қағаз өндірудің технологиялық схемасы мынадай: талшықты шикізатты сұрыптау және оны алдын ала алғашқы өңдеу, майдалау, талшықты қоспаны дайындау, қосымша латекс қоспасын дайындау, формаларға құю, престеу, кептіру, әрлеу, сорттау, қаттау. Қатырма қағазды таннидтің иленген былғары қиқымынан да алуға болады. Қатырма қағаз құрамында 75%-ке дейін табиғи талшық бар. Сондықтан илеуден кейінгі қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы бар. Былғары мен мех өндірісінде қалдықтардың басқа да түрлерін қайта өндеу.

Шайынды су құрамында көп мөлшерде белокты зат (еритін белоктар, жүннің еруінен шыққан өнімдер, майлы заттар, химиялық реагенттер) болады.

Шайынды су құрамындағы белокты заттар мен химиялық реагенттерді бөліп алудың бірнеше әдістері бар, олар негізінен шайынды суды тазарту кезінде бөлінеді, шамамен 1000 кг шикізатқа 86 кг-нан белокты қалдық келеді. Қатты қалдықтың құрамынан былғары мен мех өндірісіне жұмсалатын заттарды бөліп алуға болады.

Қалдықтарды қайта өңдеп жемге, желімге, желатинге, белокты гидролизатқа жаратқанда, оның құрамынан хром қосылыстарын бөліп алады. Қатты қалдықты жағу арқылы да оның құрамынан хромды бөліп алуға болады. Регенерацияланған илегіш қосылыстар былғары мен мех өндірісінде қайта қолданылады.

БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ МЕХ ӨНДІРІСІНЩ ТЕХНИКАЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ КЕЙБІР КӨРСЕТКІШТЕРІ.

Өндіріс тиімділігінің ең маңызды факторларының бірі, дайын өнім бірлігіне есептегенде шикізатты тиімді пайдалану жатады. Былғары мен мехтың қасиеті, шикізаттың табиғатымен бірге, сол шикізат пен жартылай фабрикатқа химиялық, физикалық-химиялық және мехникалық процестердің тигізетін әсеріне де байланысты.

Шикізатты аз жұмсай отырып, былғарының ауданын көбейту маңызды шаралардың бірі. Былғары зауыттары мен мех фабрикаларында шикізатқа кететін шығын барлық өндіріс шығынының 80%-не дейін, кейде 90%-не дейін жетеді. Сондықтан, былғары және мех шикізатының сапасы мен технологиялық процестің барлық сатысында олардың шығынына назар аудару керек. 100 кг жас теріден немесе 100 м2 дайын өнімге жұмсалатын шикізат мөлшері, оның шығымы (выход) деп аталады:

Ш = 100 Рб/Рш,

мұндағы: Ш - шикізат массасының немесе ауданына алынатын былғары мен мех шығымы; Рб - былғары мен мехтың массасы немесе ауданы; Рш - шикізаттың массасы немесе ауданы.

Егер дайын өнімнің ауданы мен салмағына есептегенде неғұрлым көп шығатын болса, былғары және мех өндірісі рентабелді деп есептеледі.

Белок балансына есептегенде 100 м2 былғарыға кететін шикізат шығыны мына теңдеумен өрнектеледі:

Р = ІООҺ • рі %А,

мұндағы һ - былғарының орташа қалыңдығы, мм; Рб - былғарының орташа салыстырмалы тығыздығы, кг/м ; б - былғарыдағы белокты заттың мөлшері, %; А - 100 кг шикізаттан былғарыға өткен белокты заттың мөлшері, кг, оны былай анықтайды: А = чш - Чо,

цш - шикізаттығы белок мөлшері; ф - 100 кг шикізаттан шығатын белок қалдығы.

Былғарыға арналған шикізатта, оның тұріне байланысты белокты заттың мөлшері 20-30 % аралығында болады.

Ал, А мөлшері көнде - 20 кг, хроммен иленген былғарыда (ірі мал) - 10, юфтіде - 13 кг.

Өндіріс тиімділігін арттыруда прогрессивті жаңа технология енгізудің маңызы зор және өндірісті механизациялау мен автоматтандырудың темпін көтеру жолдарының да әсері бар. Еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс тиімділігін жоғарылатудың бірден-бір көзі болып табылады. Ол былай сипатталады:

1. £о = б"- Мұндағы: - еңбек өнімділігі; В - шығарылған өнім мөлшері; К - өндіруші жұмысшылардың саны.

2. Фонд берілуі (фондоотдача): Фо мұндағы: Фофонд берілу, теңге; 0 - бір жылдағы реализацияға шыққан өнім, теңге; ОФ - негізгі фондының орташа жылдық бағасы, құны, теңге.

3. Фонд сыйымдылығы (фондоемкость): Фе.

4. Айналым коэффициенті (коэффициент оборачиваемости): Коб = т; мұндағы: Коб - айналым коэффициенті; ОС - айналымның орташа қалыңдығы, теңге (средний остаток оборотных средств).

5. Табыс былай өрнектеледі: П = Ц — И. Ц — I сортты өнім бірлігінің бағасы (оптовая); И - I сортты өнім бірлігінің өзіндік құны.

Былғары өндірісінде шикізат бағасы, оның сортына және жұмсалған мөлшеріне байланысты, ал мех өндірісінде түсетін "басына" (зачета по запуску) байланысты.

Математикалық тұрғыдан бұл заңдылықты былай өрнектеуге болады:

С = Қс • Ц,

мұндағы: С - дайын өнім бірлігіне кететін шикізаттың бағасы немесе өнім бірлігіне кететін шикізаттың мөлшерлі нормасы; Кс - шикізаттың сорттылық коэффициенті; Ц - I сортты шикізат бірлігінің бағасы (оптовая). Рентабелдігі, %: Рп = • 100.

Мұндағы: П - дайын өнім бірлігінен түскен пайда, теңге; С - өнім бірлігінің өзіндік құны, теңге.

Былғары және мех өндірісінің техникалық-экономикалық тиімділігін арттыру ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуімен тығыз байланысты. Бұл мақсатта көптеген проблемаларды шешудің маңызы зор.

Шикізаттың сапасын арттырып, оны мейлінше тиімді пайдалануды көздеу, технологиялық процестерді интенсивтендіру, өндірісті механизациялау, еңбек өнімділігін арттыру, қалдықсыз технологияны енгізу, жаңа материалдарды қолдана отырып қоршаған ортаны ластауды азайту және т. б.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет