Былғары және мех өҢдеу технологиясы


БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ МЕХ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ШАЙЫНДЫ СУЫ



бет13/14
Дата16.06.2016
өлшемі2.44 Mb.
#140929
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ МЕХ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ШАЙЫНДЫ СУЫ

СУДЫ ТҰТЫНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ.

Былғары мен мех өнеркәсібі суды көп мөлшерде қажет етеді, соның нәтижесінде қолданудан өткен шайынды судың мөлшері де көп болады. Суды үнемдеп, тиімді пайдалану, оның ластануын азайту бүгінгі таңдағы күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі.

Мысалы, 100 м былғары шығару үшін орта есеппен жұмсалатын су мөлшері: аяқ киімнің жоғары бөлігіне - 43 м, ұлтан былғарысы үшін - 45 м, юфть шығаруда – 42 м болады.

Қой терісінен мех жасауда, 1 т шикізатқа есептегенде 100 м 1 т спилок өңдегенде - 54 м , жүн үшін - 150 м су жұмсалады екен.

Судың сапасы өңделетін жартылай фабрикат пен былғарының сапасына әсер етеді, сондықтан технологиялық судың онша кермек болмағаны дұрыс. Жалпы кермектілігі 6-7 моль/л, ал бояу мен майлауға жұмсалатын судың кермектілігі 3,6 моль/л-ден артық болмауы керек. Жібіту-күлдеу процестері үшін судың сапасы тексерілмейді.

Жұмсалатын суды үнемдеудің тиімді жолдарының бірі, ерітіндіні көп рет қайта пайдаланып, шаюға судың аз мөлшерін жұмсау және оны қайтадан пайдалану болып табылады.

Жұмсалған сұйықты қайта пайдалану.

Былғары өнеркәсібінде 150-ден астам химиялық материалдар қолданылады. Бірақ, ол химиялық заттардың бір бөлігі қолданылу мақсаты бойынша өзең қүрылымына енгенімен, келесі бір бөлігі ерітіңдіде қалып қояды. Мысалы; натрий сульфидінің жұмсалыну дәрежесі 40%, кальций гидроксидінікі - 25%, ал хром қосылыстарының 60%-нен басқасы шайынды судың құрамында болады.



Осыдан барып жұмсалған сұйықты қайта пайдаланудың мұқтаждығы туады, бұл бір жағынан суды үнемдеумен бірге, екіншіден химиялық заттарды қажетті концентрацияға дейін жеткізіп, шайынды суды қайта пайдалануға мүмкіндік жасайды. Илеуден өткен шайынды суды қайта пайдалануға қазіргі кезде көп көңіл бөлінуде, олардың құрамында негізіділігі 38-55 % аралығындағы, концентрациясы 2-10 г/л-ге дейін СггОз болады.

Хроммен илеуден өткен суды тазартудың екі жолы бар:

1. Шайынды суды сүзіп, оны қайтадан пикель ерітіндісіне қосады (рециклизация). Бұл әдіс бойынша илеу процесінен шыққан шайынды су, жинағыш қондырғыда тұнғаннан кейін оның құрамындағы ас тұзының, күкірт қышқылының, хром оксидінің мөлшері анықталып, концентрациясы қажетті деңгейге дейін жеткізіліп илеуге қайта жіберіледі.

Тазартылған шайынды суды 10 циклға дейін қолданғанда жартылай фабрикат пен дайын өнімнің сапасына нұқсан келтірмейді, бірақ көннен бөлінген табиғи майлы заттарды бөліп алу кажеттігі туады, себебі олар біршама өңдеуді қиындатады.

2. Негізділікті 100 %-ке дейін сілтімен көтеріп, хром қосылыстарын хромның гидроксидіне айналдырып тұнбаға түсіру. Кейін тұнбаны бөліп алған соң күкірт қышқылында ерітіп (регенерация) илеуге қайта жіберіледі.

Хром қосылыстарын регенерациялаудын схемасы 40-суретте көрсетілген.

Жұмсалған сұйық тор (1) арқылы, автоматты клапаннан (3) елекке (4) түсіп, жинағыш қондырғыға (5) құйылады. Бұл жерде шайынды су майлы заттардан, көбіктен арылады. Сұйықтың рН керсеткіштері (2) және (6) приборлардың (рН-метр) көмегімен тіркеледі. Суды бұл кезеңде 1-ші әдістегі мақсатта қолдануға болады.

Ал, хромды регенерациялау үшін суды насостың (9) көмегімен, резервуарға (7) айдайды, бұл жерде хром негіздің Са(ОН)г немесе полиэлектролит (флоккулянт) әсерінен тұнбаға түседі. Тұнбаға түскен хром гидроксиді жинағышқа (8) жіберіліп, вакуумды сүзгіге етеді (10). Сүзгіден вакуум насос (9) арқылы арылған тұнба шнек (11) арқылы резервуарға (12) түседі де күкірт қышқылымен ерітіледі.

Онан кейін циклонның (13) көмегімен кальцийдің сульфатынан арылған ерітінді қайтадан илеуге жіберіледі. Бұл әдіс шайынды су құрамындағы хромның 90%-ін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Хромды тұндырып бөліп алудың ұзақтығы 15 сағатқа созылады.



ШАЙЫНДЫ СУ.

Шайынды судың сипаттамасы. Былғары мен мех өнеркәсібінен шығатын шайынды су өте лас, концентрациясы жоғары, құрамында улы заттар болады. Олар еритін және ерімейтін заттардан тұрады. Былғары өнеркәсібінде шайынды судың негізгі компоненттеріне хлорид, кальций гидроксиді, сульфидтер жатады. Олардан улы күкіртті сутегі бөлінеді. Солармен бірге шайынды судың құрамында хром қосылыстары, белокты заттар, өте қиын бөлінетін фенолды қосылыстар, илегіш, беттік актив, майлы заттар, бояғыштар болады. Шайынды судың 90 %-і рН 9-дан 12-ге дейін сілтілік, 10 %-і ғана қышқылдық қасиет көрсетеді.

Минералдау дәрежесі, құрамында ерімейтін бейорганикалық тұздар мен натрий хлоридінің болуымен анықталады. Кальций гидроксиді шайынды судың ең негізгі компоненті ретінде сілтілік қасиет беруші болып табылады.
Шайынды судың сипаттамасын бірнеше керсеткіштермен анықтауға болады:

Тотыққыштығы - шайынды су құрамындағы ластарды оңай тотықтыруға қажетті оттегі мөлшері, мг/л;

ОХҚ - оттегінің химиялық қажеттілігі, ластарды толық тотықтыруға қажетті оттегінің мөлшері, мг/л;

0БҚ5 - оттегінің биохимиялық қажеттілігі, шайынды судағы органикалық заттарды тотықтыруға қажетті оттегі мөлшері.

Толық тотығу шамамен 20 тәулік ішінде аяқталады, талдау 5 тәулік бойы жүргізіліп тұрады (5 индексі осыдан).

Шайынды судың ластануы шикізатты жүннен арылту әдісімен тығыз байланысты. Жүнді сақтамай жүннен арылту әдісі кезіндегі кератин талшықтарының гидролизденуінен ОХҚ мен ОБҚ5 мөлшері артып кетеді.

Таннидпен илеу әдісінен кейін, шайынды су құрамында қиын ыдырайтын илегіш заттардың мөлшері 10-40 г/л-ге дейін болады, олар биохимиялық тазартуды қиындатады.

Қазіргі кезде жібіту-күлдеу, илеу және басқа процестерден соң, жеке канализациялық жүйе қолданылып жүр.

Мұндай жүйе химиялық заттардың бөлінуін жеке жүргізуге мүмкіндік береді.

Шайынды су зауыттың канализациялық жүйесіне жіберіледі, содан кейін тазалағыш қондырғыларға өтеді де су жинағыш тоғанға құйылады. Бұл кезде химиялық заттардың концентрациялық шегі қатаң ескеріледі, олардың ең төменгі мөлшері мынадай болуы керек:

Үлкен қалаларда орналасқан былғары зауыттары мен мех фабрикалары шайынды суын қалалық канализацияға алдын ала тазартудан соң жібереді. Канализациялық жүйе үздіксіз жұмыс істеп тұруы үшін, шайынды суды жіберер алдында ірі қалдықтарды, механикалық қоспаларды сақтандырғыш тор көмегімен алып тастайды. Былғары зауыттарының шайынды суы тазартудың үш кезеңімен өтеді: механикалық, химиялық және биологиялық. Химиялық тазартуға кейбір кездері жеке қолданылатын флотация кіреді.

Механикалық жолмен тазарту. Механикалық жолмен тазартудың мақсаты шайынды су құрамынан ірі қоспаларды (жыртылып кеткен тері, шел, жүн қалдықтары) айыру болып табылады.

Ірі қоспаларды арнаулы қондырғыларда айырады. Түйіршік заттарды тұндырғыштарда бөледі, олардың тығыздығы 1 г/мл-ден көп болатын болса, тұнбаға түсіп, ал 1 г/мл-ден аз болса, судың бетіне қалқып шығады. Торлар канализациялық құбырларға 60°С-тық бұрышпен қойылады, тор ұстап қалған қоспалар қолмен немесе механикалық жолмен тазартылады. Механикалық жолмен тазартуда ірі заттарды ұстап қалатын мынадай торлар қолданылады:

1. Құм ұстағыштар, олар диаметрі 0,5 мм және одан көп болатын минералды бөлшектерді ұстап қалады. Көбіне суға тік құм ұстағыштар қойылады. Құм ұстағыш седиментациялық ыдыстан тұрады. Ыдыстың түбіне қоспа заттар тұнбаға түседі. Әдетте екі параллель ыдыстар қондырылады. Су құм ұстағыштан 0,2-0,3 м/с жылдамдықпен өтеді.

2. Електерде тордан өтіп кеткен қатты заттар қалады. Бұл қондырғылар жартылай дөңгелек, ыдыстар 15°С бұрышта орналасқан тор көздері бар металл қаңылтырдан тұрады. Олар оқтын-оқтын тазартылып отырады.

3. Тұндырғыштар, қышқыл және негіздік шайынды сулардың араласуынан пайда болатын тұнба заттарды және майда дисперсиялық бөлшектерді бөліп алуға арналған, сонымен бірге шайынды судың құрамын біркелкілеу үшін араластырғыш пен резервуардың рөлін атқарады. Оларда шайынды су біріктіріледі де кейін химиялық немесе биологиялық әдіспен тазартылады.

Төрт бұрышты немесе тік бұрышты тұндырғыштарға шайынды су ағып келеді немесе құйылады, жақсы нәтиже беретін тік бұрышты қондырғыштар. Мұнда шайынды су араластырғыш секцияда араласып, шөгінді тұнба седиментацияланады да, тазартылған су қалалық канализациялық торға жіберіліп немесе келесі тазартудан өтеді. Тұндырғыштағы тұнба жылжымалы ұстағыш механизмімен сыртқа шығарылып, оның алдыңғы жағында орналасқан шахтаға жіберіледі.

Шайынды судағы ерімейтін заттардың мөлшері, оны механикалық жолмен тазартудан кейін біршама азаяды (шамамен 300 мг-ге дейін). Шайынды суды механикалық жолмен тазарту схемасы көрсетілген. Негіздік және қышқылдық шайынды суды араластыру нәтижесінде оның рН көрсеткіші азаяды. Тұнба түскеннен кейін ОБҚ 30%-ке төмендейді. Шайынды су еритін заттар көп мөлшерде қалатындықтан, одан әрі тазартуды қажет етеді.



Химиялық жолмен тазарту.

Химиялық жолмен тазарту коллоидты дисперсиялық паларды коагулянттар көмегімен Ғе(ІІ) және АКІІІ заттарымен тұнбаға түсіруге негізделген.

Бұл тұздардың әсерінен нашар еритін гидроксидтер түзіледі. Коагулянттардан басқа, қосымша флокулянттар қолданылады. Ондағы мақсат катты және сұйық фазаны айыруды жылдамдату, олардың міндетін молекулалық салмағы 15 • 106 болатын полиэлектролиттер атқарады. Мысалы, құрамында ионды тобы бар, полиакриламид өз мөлшерінде қатты зат салмағына есептегенде 0,02-0,05% беріледі.

Жібіту-күлдеу цехынан өткен шайынды суды анионды флокулянттармен тазартқан тиімді, себебі тұнба молырақ түседі де, қоспаға бейорганикалық электролиттерді пирофосфат немесе ортофосфат қосу тұнбаға түсуді жылдамдатады.

Шайынды суды химиялық әдіспен тазартудан соң көп мөлшерде тұнба түседі.

Тазарту қондырғыларының жабдықтары өте күрделі, олар дозаторлардан, тұнба түсетін резервуарлардан тұрады. Химиялық жолмен тазарту кезінде бірінші сульфидтерден арылады. Күлдеуден кейінгі шайыңды су құрамындағы сульфидтерден арылудың бірнеше әдістері бар.

Темір (II) сульфаты немесе хлормен тотығудан кейін, шайынды су механикалық тазартудан өтіп, тұндырылады, тұнық суға құрамында 200 г/л темір сульфатымен (II) және 20 г/л күкірт қышқылы бар ерітіндімен әсер ету нәтижесінде мынадай әрекеттесу жүреді:

Одан әрі тұнбаны бөліп алады. Бұл мақсатта арнаулы аэраторлар қолданылады. Бұл қондырғыларда ауаның козғалысы жылдамдықпен 3 сағат ішіңде сульфидтердін мөлшерін 10 мг/л-ге дейін төмендетуге мүмкіңдік береді. Бұл кезде сульфидтер сульфатқа немесе тиосульфатқа дейін тотығап, кальций гидроксиді ерімейтін кальций сульфатына айналады. Күлдеуден өткен шайынды судың құрамыңдағы сульфидтерді бөліп алу схемасы көрсетілген: күлдеу сұйығы (1), механикалық тазартудан соң герметикалық аэраторға (6) жіберіледі, оған елегіштің (2) көмегімен күкірт қышқылы құйылады. Натрий сульфиді күкіртті сутекке айналып, жұтқыш колонка (4) арқылы резервуардағы (5) натрийдің гидроксидімен байытылады. Колонкада күкіртті газ қайтадан натрий сульфидіне айналып күлдеуге жіберіледі, бұл қондырғы сульфидті үнемдеуге мүмкіндік жасайды. Циркуляция насостың (3) көмегімен атқарылады.



Сульфидтен және хром қосындыларынан тазартылған шайынды су биологиялық тазартуға жіберіледі.



Биологиялық жолмен тазарту.

Биологиялық тазарту - микроорганизмдердің араласуымен жүргізіледі, өйткені олар еритін органикалық заттарды минералдайды. Бактериялар конгломераты (жиынтығы) активті ылай (ил) немесе биопленка (қабыршақ) құрайды. Биологиялық тазартуда оса активті ылайдың әсерінен органикалық қоспалардың аэробты жолмен тотығуы негізіндегі тазаруы жатады. Шайынды судағы органикалық және минералды қосылыстар микроорганизмдердің тамақ қоры ретінде пайдаға асады.

Органикалық қосылыстар ыдырағанда нәтижесінде көміртегі оксиді (IV), су және микроб клеткалары түзіледі. Активті ылай биохимиялық жағынан өте аткивті қосылыска жатады. Ол түйіршік заттарды біртұтас жинауға мүмкіндік береді. Микроорганизмдердің өмір сүруіне оттегі қажет, оны кәдімгі ауадан алады. Биологиялық тазарту қондырғылары ретінде биологиялық тоғандарды, тотықтырғыш канаваларды пайдалануға болады.

Биологиялық тоғандар шайынды суды тазалаудағы ең оңай құрылыс түрі. Олар терең аумағы үлкен тоғандардан немесе бірнеше майда тоғандардан тұрады, ол жерде аэробты, кейде анаэробты бөліну процестері жүріп жатады. Тазарту тиімділігі климаттық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Тазартудың эксплуатациялық шығыны онша көп болмайды.

Шайынды суды аэробтық тазарту құрылыстары - бұрынан келе жатқан белгілі биологиялық сүзгіштерді қолдану. Олар инертті материалдармен толтырылған дөңгелек резервуарлар күйінде болады. Шайынды су инертті материалдың үстіңгі бетімен ағып өткенде ондағы органикалық заттарды минералдайтын микроорганизмдер бактериялық қабыршақ құрайды.

Микробтар арқылы тотықтыру үшін қажет ауа шайынды сумен бірге немесе төменнен беріледі. Біраз уақыт өткеннен соң, интертті материалдың бетінде пайда болған биомасса өз бетінше бөлініп, ылай түрінде түбіне шөгеді. Биологиялық сүзгі тоқтаусыз жұмыс істейді. Тазарту эффектісі жоғары болу үшін оларды жеке секциялар ретінде орналастыруға болады.

Қазіргі кезде биологиялық сүзгіні, көбінесе, поливинилхлоридтан жасайды. Олар климат жағдайына төзімді және шайынды сулардың ауысуынан өзгермейді.

Биологиялық сүзгінің өткізгіштігі микроорганизмдердің көбею жылдамдығына байланысты. Инертті ;материалдар қолданғанда шайынды судың 1 м3 көлемі үшін 70 кг оттегінің биологиялық қажеттілігі туады.

Шайынды суды биологиялық әдіспен тазартуды бір немесе бірнеше айналып тұратын трек формасындай аэраторларға ұқсас тотықтырғыш канаваларда жүргізеді. Шайынды суды биологиялық тазартуды жасанды дайындауға да болады. Бұл кезде процесс аэросүзгіштерде ауаның үздіксіз жіберілуімен интенсивті жүреді.

Флотациялау.

Флотация шайынды суды тазартудың ең тиімді әдістерінің бірі. Тазалау мына схемадағыдай жүргізіледі: бір сәтке шайынды суды тұндырады, тұнған суға концентрациясы 150-200 г/л алюминий сульфаты мен 1-2 мг/л полиэлектролит қосып, бассейнде коагуляцияға түсіреді, онан кейін флотациялық камерада 1 сағат аралығында өңдейді.


Шайынды суға ауа жібереді, үлкен қысым арқылы қысымды төмендеткенде ауа көпіршіктері су бетіне шығады. Бұл әдіс оттегінің химиялық қажеттілігін 74-77%-ке дейін төмендетеді.



Суды пайдаланудың тұйық циклы.

Соңғы кезде технологиялық суды қолданудың тұйық циклын жасау төңірегінде ізденістер жүргізілуде. Оның үш жобасы ұсынылған, әр жобада алдын ала механикалық жолмен тазарту көзделінген. Бірінші жоба бойынша шайынды су рН 9-ға дейін бейтараптанып, биологиялық тазартудан өткен сон активті көмір арқылы адсорбцияланады да, минералды заттарды бөлу үшін электродиализ әдісі қолданылады.

Екінші жоба бойынша бейтараптаудан кейін, қоспа седиментациялау арқылы бөлініп, мұздатылады, минерал активті көмірмен адсорбцияланады.

Үшінші жоба бойынша кальций гидроксидін тұнбаға түсіріп, катализатор қосу арқылы сульфидтерді тотықтырып, електен өткізіп, рН көрсеткішін 9-ға жеткенше бейтараптап, биологиялық тазартудан өткізіп, хлорлап, электродиализ қолдану арқылы қоспаны бөліп алу жобаланған.

Технологиялық суды қолданудың тұйық циклы көрсетілген. Бұл схема бойынша жібіту-күлдеу процестерінен шыққан (1), илеуден кейінгі (II), бояумайлау процестерінен соң (III) және әрлеуден кейінгі су (IV) бөлек жиналады.

Әрлеу процесінен шыққан су негізінен кептіру қондырғыларынан шыққан су болғандықтан ішіндегі ең тазарағына жатады.

Жібіту-күлдеу цехынан өткен су мұқият тазартуды талап етеді, ол торлы сүзгіден (1) еткен соң, центрифугаға (2) түседі. Қатты қалдық бөлініп алынады. Шыққан сұйық жинағышқа (3) жіберіліп, герметикалық резервуарға (4) түседі. Бұл жерде күкірт қышқылының әсерінен еріген белок бөлініп, газ сіңіргішке өтеді. Центрифуганың (2) көмегімен белок тұндырылады, ал сүзінді аралық қондырғыға (6) жіберіледі.

Хроммен илеуден өткен сұйық та тор (1) арқылы сүзіліп реакторға (5) жіберіледі, бұл жерде хормның гидроксиді тұнбаға түсіп, тұнбаны вакуумды сүзгіште (14) бөліп алғаннан соң, өндіріске қайта пайдалануға жібереді. Бояумайлау бөлімінен өткен сұйық та алғаш механикалық тазартудан өтіп, аралық қондырғыға жіберіледі. Жиналған су алғашқы тұнғыштан (7), аэратордан (8), екінші тұнғыштан (9), адсорберден (10) өтіп, деминерализаторға жіберіледі. Онан кейін хлорланып (12) қайтадан су жинағыш қондырғыға түседі. Барлық қалдық резервуарға жиналып, вакуумды сүзгіште (18), (19) ылғалсызданады, қатты қалдық алынып тасталғанда, су қайтадан аралық жинағышқа (6) жіберіледі.



YI. ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕРДІ БАҚЫЛАУ

Былғары және мех өндірісінде шикізаттардың өңдеуге түскен кезінен бастап, технологиялық операцияларға жүйелі түрде бақылау жүргізеді. Олардың негізінде көбінесе физика-химиялық процестер жатады. Технологиялық бақылау процестеріндегі жартылай фабрикаттардың және жұмысқа арналған сұйықтарды талдау нәтижелері едәуір дәрежеде сынақты дұрыс сұрыптауға байланысты.

Жұмысқа арналған сұйықтардың сынақтарын, шикізаттарды немесе жартылай фабрикаттарды аппаратқа салмас бұрын, алдын-ала араластырғаннан соң (барабанды айналдыру, баркасты шайкау, тығыз ауаның көмегімен араластыру) алады.

Мех немесе былғары сынақтарын сұрыптауды мемлекеттік стандартқа және техникалық талаптарға сәйкес стандартты учаскелерден арнайы үлгілерді алу арқылы жүргізіледі.


Натрий гексафторсиликатының мөлшерін анықтау

Сыйымдылығы 200-300 мл конус формалы шыны ыдысқа 100 см3 жібітетін сұйықтық құяды (анықтауды жібітетін суға басқа да материал қоспастан бұрын жүргізіледі) да, 5 мин қайнатады. Содан соң 0,5 н. натрий гидросиді ертіндісі мен феиолфталейннің қатысумен әлсіз қызғылт түске боялғанға дейін титрлейді. Бұл кезде мына реакция жүреді:



Натрий гексафторисиликатының мөлшері, г/л



;

мұнда: а - 0,5 н натрий гидроксидінің титрлегенде кеткен көлемі, см3;



К - кальций гидроксиді ертіндісінің титрдегі түзету коэффициенті;

23,51 - натрий гексафторсиликат саны, бұл 1 дм3 0,5 н. натрий гидросиді ертіндісіне тең, г.
Кальций гидроксиді мен тотығының мөлшерін анықтау

Сүзіп алынған жібітетін сұйықтықтан 10 см3 алып, 0,1н. тұз қышқылының ертіндісімен мұқият араластырады, фенолфталейіннің қатысуымен қызғылт түстің бірінші жойылуына дейін титрлейміз. Ертіндінің бояуын 3 мин аралығына дейін титрлейміз, бояу 3 мин аралығына дейін көрінбеуі керек.

Ол кезде мына реакция жүреді:

Тотықтың х1 және гидросидтің х2 құрамы, г/л:


мұнда: а - 0,1 н. тұз қышқылы ертіндісінің титрленгенге кеткен көлемі, см3;

К - тұз қышқылы ертіндісінің титрдегі түзету коэффициенті;

2,8- 1 дм3 0,1 н. тұз қышқылы ертіндісіне тең кальций тотығының саны, г;

3,7 - 1 дм3 0,1 н. тұз қышқылының ертісіне тең кальций гидроксидінің саны, г.

Натрий карбонатының мөлшерін анықтау

Конус формалы шыны ыдысқа 25 см3 сыналатын ерітінді енгізіп, 0,1 н тұз қышқылының ерітіндісі мен қызғылт сары метилдің қатысуымен титрлейміз. Натрий карбонатының мөлшері, г/л, мына формуламен анықталады:



мұнда, а - 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісінің титрлегенде кеткен көлемі, см3,



К - тұз қышқыл ерітіндісінің түзету коэффициенті;

5,3 - 1 дм3 0,1 н. тұз қышқылының ерітіндісіне тең натрий карбонатының саны, г.



Формальдегидтің мөлшерін анықтау

Сыйымдылығы 250-230 мл конус формалы шыны ыдысқа 10 см3 май кетіретін сұйықтықты құйып, 20 см3 0,1 н. йод ерітіндісін және 10 см3 0,1 н. калий гидроксиді немесе натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады. Шыны ыдысты сағаттық шынымен жауып, 10 мин қараңғы жерге қояды.

Содан соң 12 см3 0,1 н. тұз қышқылының ерітіндісін қосады да, артық йодты 0,1 н. натрий гипосульфиті ертіндісі мен крахмалдың қатысуымен титрлейді.



Формальдегидтің құрамы, г/л:



мұнда: а - 0,1 н. йод ерітіндісінің көлемі, см3,



К - йод ертіндісінің титрдегі түзету коэффициенті;

в - гипосульфит ерітіндісінің титрлегенге кеткен көлемі, см3,

К2 - гипосулъфит натрий ерітіндісінің титрдегі түзету коэффициенті;

0,5 - 1 дм3 0,1 н. натрий гипосульфиті ерітіндісіне тең формальдегидтің саны, г.

Теріге жағылатын натрий сульфиді және кальций гидроксиді қоспасын талдау

Алдымен натрий сульфидінің мөлшерін анықтайды, сосын 10 см3 жағылатын қоспаны алады да, сыйымдылығы 250 мл өлшемі бар шыны ыдыста қайнаған тазартылған сумен араластырады. Алынған аналитикалық ерітіндіні сүзіп, одан титрлеу үшін 25см3 алады. Титрлеуді, натрий сульфидінің мөлшерін жібітетін суда анықтағандай, натрий нитропрусидінің қатысуымен жүргізеді.

Натрий сульфидінің мөлшерін г/л, мына формуламен анықтайды:

Содан соң кальций гидроксидінің мөлшерін анықтайды. Әдетте оның мөлшерін жағылатын қоспаның тығыздығы арқылы бақылайды, ол 1,35 - 1,40 см3 аралығында болу керек.



Натрий сульфиді мен кальций хлоридінен тұратын

қоспаны талдау
Алдымен натрий сульфидінің мөлшерін анықтап, 10 см3 араластырылған жағылатын қоспаны, сыйымдылығы 150 мл өлшемі бар шыны ыдысқа салып, белгіге дейін тазартылған су құйып араластырады. Сұйытылған ерітіндіден 5 см3 алып натрий нитропруссиді индикаторының қатысуымен 0,1н. гексацианоферрат (ІП) калий ерітіндісімен көк түстен сарыға ауысқанға дейін титрленеді.

Натрий сульфидінің мөлшері, г/л:



мұнда: а1 - титрлеуге кеткен 0,1 гексацианоферрат калий (III) ерітіндісінін көлемі, см3,



К1 - гексационафферрат калий (ПІ) титріне түзету коэффициенті;

Содан соң кальций хлоридінің мөлшерін анықтайды. Сұйытылған ерітіндіден 5см3 жағылатын қоспаны алады да, фенолфталеин индикторының қатысуымен 0,1н. Күкірт қышқылының ерітіндісімен түссізденгенше титрлейді. Ерітіндінің түсі 3 мин дейін пайда болмау керек.

Кальций хлоридінің мөлшері, г/л:

мұнда: а2 - титрлеуге кеткен 0,1 н күкірт қышқылы ерітіндісінің көлемі, см3;



К2 - күкірт қышқылының титріне түзету коэффициенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет