Былғары және мех өҢдеу технологиясы



бет8/14
Дата16.06.2016
өлшемі2.44 Mb.
#140929
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Протравтау

Протравтау - мехты ауыр металл тұздары ерітіндісімен өңдеу. Мұндай өңдеу түк пен бояудың табиғатының ұқсастығын жақындатып, берік боялуды қамтамасыз өтеді. Протравтаудың маңызы әсіресе жүнді тотықтырғыш бояғыштармен бояуда өте зор. Қазіргі көзқарас бойынша бұл жағдайда бояу алдындағы протравтау сутегінің асқын тотығының тотықтырғыш әсерін арттырып, металдың бояғышпен комплекске түсуіне ықпал етеді. Протравтау реагентінің табиғаты мен оның мөлшеріне байланысты түкті жабынға бір бояғышты қолданып-ақ әртүрлі түс беруге болады. Мысалы, түкті жабын тек "Д мехы үшін" бояғышпен протравсыз бояғанда көкшіл-сұр түске, ал хром, темір, мыс тұздарымен алдын-ала протравтау жүргізген соң, қара-қоңыр, сия көк, қара түске боялады. Протравтауға қолданылатын қалийдің, натрийдің дихромат тұзы практикада үлкен қолдау тапты. Қышқылды ерітіндіде бұл тұздар дихромды қышқылға айналады, ал ол қышқыл жүндегі кератин былғарымен байланысқа түседі.

Тәжірибелерге қарағанда жүн талшығы натрий дихроматын өз массасының 3%-на дейін сіңіреді, бірақ мұндай жүннің боялуы өте қиынға түседі, жүн талшығына сіңген дихроматтың мөлшері 1% болған кезде боялу жақсы жүреді.

Мыс тұздарымен протравтау арқылы мехты қанық және берік бояуға болады. Оның себебі, басқа металдардың қосылысына қарағанда мыстың қатысуында тотықтырғыш бояғыштар (органикалық жартылай өнімдер) сутегінің асқын тотығымен тез тотығады. Бірақ ыстың протравтауға арналған тұздары практикада қолдау тапқан жоқ, оның басты себебі: жүнге қаттылық береді және терінің икемділік (пластикалық) қасиетін төмендетеді. Егер протравтауға мыс сульфатының орнына мыс аммиагын қолданса [Сu(NH3)4]SО4 кемшіліктерді жоюға болады.

Жүнге біркелкі бояу бермейтіндіктен протравтауға темірдің (II) тұзын көп қолданбайды. Себебі, түбітті жүн талшығына қарағанда, түкті жабынның қылшық жүні темірді аз сіңіреді, боялуы біркелкі болмайды. Практикада бұл эффект арзан аң терісін бағалы аң терісіне ұқсату үшін, мысалы, түлкі терісін қара-коңыр түске бояуға қолданылады. Сондай-ақ, мех терілерін ағарту кезінде темір тұздарымен протравтау кеңінен қолданылады.
Жуу мен тұздау

Бояғаннан кейін түкті жабындағы бос бояғыштарды аластату мақсатымен сумен шаю жүргізіледі. Шаю тәртібі шикізат түрі мен бояу тәсіліне байланысты белгіленеді. Мехтың тері өзеңі жұмсақ болу үшін ас тұзы (30-50 г/л), ерітіндісімен тұздайды. Нәтижесінде мех терілерінің гигроскопиялық қасиеті күшейеді және олар қажетті ылғалдылықты сақтайды. Ол үшін глицерин, хром мен алюминий тұздарын пайдалануға болады. Кейде тұздауды майлаумен бірге жүргізеді.



Жүнді жабынды әсемдеу

Мехтық қой терісінің сапасын арттыру үшін оның жүнді жабынын әсемдейді, ол үшін түкті түзулеп, жалтыратады. Әсемдеу процесі кезінде түкке химиялық және термо-механикалық әсерлермен әрекет етеді.

Әсемдеу процесі негізінен үш бөлімнен тұрады: 1) түкті пластификациялау; 2) пластификацияланған түкті түзулеу; 3) түкті түзуленген күйінде бекіту. Пластификация жасау үшін түкті жабынына "люстра" деп аталатын қышқыл мен спирттің судағы ертіңдісін жағады (люстрирование). Іс жүзінде көбінесе құрамында құмырсқа қышқылы мен этил спирті бар люстра қолданылады. Қышқыл түктің химиялық негізі болып табылатын кератинге әсер етіп, оның құрамындағы молекулааралық сутекті, электровалентті және дисульфидті, кейде тіпті пептидті байланыстарды бұзады, соның әсерінен түктің жұмсақтығы күшейеді. Этил спирті бұзылған байланыстармен әрекеттесіп, олардың қайта қалпына келуіне кедергі жасайды. Келесі кезеңде жұмсарған түкті арнайы машиналармен 170-190°С температурада сипай таптағанда ол түзуленеді және жалтырайды. Бұл екі операция үш рет қайталанады.

Бірақ бұл эффект қайтымды болғандықтан түкті әрі қарай формалинмен өңдейді. Сонда формальдегидтің кератинмен әрекеттесуінен жаңа метилендік байланыстар пайда болып, түк түзу қалпынан қайтпайтын қасиет алады. Түктің қалыптасуын күшейту үшін формалин жағылған түк 190-200°С температурада арнайы машинамен сипай тапталады.

Қазіргі кезде жаппай қолданылатын әсемдеудің бұл әдісінің негізгі кемшілігі - улы формалиннің қолданылуы. Сондықтан формалинді басқа адам организміне әсері аз заттармен алмастыру жолы іздестірілуде. Түкті әсемдеудің жаңа әдістерінің бірінде түкті пластификациялау үшін малеин ангидридін, ал түзу қалпында қалыптастыру үшін эпоксид шайырын қолдану ұсынылған.
Ағартқыш заттар

Ағартқыш заттарды материалға ақ түс дәрежесін арттыру үшін қолданады. Ақ түс көптеген талшықты материалдардың өте маңызды көрсеткіші және соның ішіндегі табиғи ақ түсі бар терілер мен мехтар үшін үлкен маңызға ие. Ағартқыш заттармен өндеуден кейін олардың түсі табиғи ақ түсінен де таза болады. Оның бағалы аң терілерін өңдеу кезінде пайдасы бар. Ағартқыш заттарды көбіне бояғаш ретіңде қолданады және оны ақ бояғыш деп атайды.

Ақ бояғыштар сілтіге, қышқылға, тотығуға, тотықсыздануға төзімді және металдармен комплексті қосылыстар түзбеуі керек. Біздің өндірісте ағартқыш заттарды "белофоры" деген атпен шығарады. Бірінші әріп түсті білдіреді. Мысалы, (к - красный, с - синий) екінші және үшінші әріптер ағарту үшін қолданатын материалды білдіреді, мысалы (Ш - талшыққа және жібекке), (Б - қағазға, қағаз үшін).

Ағартқыш заттар ретінде өнеркәсіпте стилъбен, пиролизин және тағы басқалардың туындылары қолданылады.


Ағарту

Мех өндірісінде ағарту екі мақсатта, атап айтсақ, жүнді жабынның табиғи түсін кетіру және табиғи ақ жүннің ақ түсін арттыру үшін жүргізіледі. Пигменттелген түкті толық және жартылай ағарту табиғи қоңыр түкті жабынды ашық түске бояуды қамтамасыз өтеді. Осы арқылы арзан мех терілерін, оның бағалы түрлеріне ұқсатуға болады. Ағарту кезінде түктегі боялған пигменттер - меланиндер тотықтыру арқылы бұзылады. Тотықтырғыш ретінде әдетте, сутегінің асқын тотығын қолданады, ол темір (II) тұзының қатысуында белсенді ағартқыш агент болатын атомдық оттек бөліп шығарады. Бұл кезде темір тұзы сутегінің асқын тотығын ажырататын катализатор функциясын атқарады. Сондықтан мұндай тотықтырғышты ағарту - катализдық деп аталды. Ағарту процесінде сутектің асқын тотығы, темір (II), меламин қосылыстары комплекс түзеді деп есептелінеді.

Бұл кезде бөлінетін оттегі атомы пигмент түсін анықтайтын химиялық топтарды тотықтырғыш деструкциясына ұшыратады. Тотықтырғыш деструкциясы қандайда бір дәрежеде түк кератиніне және мех тініне зиянды әсерін тигізеді. Бұның нәтижесінде түкті жабынның төзімділігін төмендету, оның жылтырының жоғалуы және түсуі, сондай-ақ тері тінінің мықтылығын азайтуы мүмкін.

Мехтың сапасы төмендемеу үшін ағарту процесінде тотықтырғыш ерітіндіге тұрақтандырғыш (стабилизатор) қосады. Бұлар сутегінің асқын тотығының айрылу жылдамдығын азайтады да, нәтижесінде бөлінген атомдық оттегі мелианинді бұзу үшін толық пайдаланады. Түкті тотықтырғыш деструкциясынан қорғау үшін ерітіндіге рН көрсеткішін тұрақты етіп ұстап тұратын буферлік қасиеті бар заттар (мысалы, лигносульфон қышқылдары) қосылады. Түкті формальдегидпен өңдеуде оның деструкцияға қарсы тұрақтылығын арттырады.

Түктің табиғи сарғыш түсін ағарту үшін оған тотықсыздандыру және қосымша ағарту қолданылады. Тотықсыздандыру ағарту дидионит немесе натрий гидросульфаты ерітіндісінде жүргізіледі. Бұл ерітінілерде тотықсыздандырғыштардың концентрациясы аз болғандықтан, түк кератині және тері тінінің коллагені зиянды әсерге ұшырамайды. Бірақ ағартудан кейін түк толық ақ емес, сұрғылт түсті болады. Сондықтан мех жартылай фабрикатын қосымша оптикалық ағартқыш заттар ерітіндісінде өңдейді.
БЫЛҒАРЫ МЕН МЕХТЫ МАЙЛАУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТІ МЕН СИПАТТАМАСЫ

Былғары өндірісінде қолданылатын майлаушы заттар үш топқа бөлінеді:



  1. Табиғи сұйық және қатты майлар;

  2. Табиғи майларды модифиқациялаудың өнімдері;

  3. Мұнай өңдегенде шығатын майлар мен синтетиқалық майлағыш заттар.



Табиғи майлаушы заттар

Табиғи майларға жануарлар мен өсімдіктер майлары жатады. Жануарлар майы - жер беті жануарларының майы, теңіз жануарларының майы және балық майы болып бөлінеді.

Жер беті жануарлар майына - сиыр, қой, шошқа, тұяқ майы (сұйық) жатады. Май тұзілуіне ең көп қатысатын (қаныққан) стеарин қышқылы:

Жануарлар майы қатты болады. Теңіз жануарлары мен балық майының ерекшелігі олардың құрамында қанықпаған қос байланыстың саны 4-6-ға жететін май қышқылдары болады.

Мысалы, олеин

Майдың табиғаты оның құрамындағы май қышқылдарына байланысты. Мысалы, қаныққан май қышқылы көп болса, май қатты (тоң май) және балқу температурасы жоғары (250-300°С) болып келеді.

Май суда ерімейді, ал органиқалық еріткіштерде жақсы ериді. Май құрамында қанықпаған май қышқылдары болса, оның белсенділігі өте жоғары болады да, химиялық реакцияға тез түседі.

Негіздердің әсерінен майдың ыдырауын, оның сабындануы (омыление) деп атайды. Ашық ауада май қышқылдарының тотығуына байланысты майлар бұзылады. Теңіз жануарлары мен балық майы (ворвань) сұйық майға жатады. Өсімдік майлары - табиғи майлар, өсімдік дәні мен өзегінен алынады. Қалыпты температурада бұл майлар сұйық күйінде болады және сапасына қарай түстері әртүрлі (ашық жасыл тұстен, қара қоңыр тұске дейін) болады.

Химиялық құрылысы жағынан олар май қышқылдары мен глицериннің күрделі эфирінен (үш глицеридтер) тұрады:

Былғары майлауға зәйтүн (қасгорқа) майы көп қолданылады. Майлардың белгілі бір тұрақты сандары бар, оларды май константасы деп атайды. Олар: 1.Қышқылдылық саны - 1 г майдағы байланысқан май қышқылын бейтараптауға кететін "КОН", мг мөлшері. 2. Сабыңдану саны - 1 г майдағы барлық қышқылды бейтараптауға кететін "КОН", мг малшері. 3. Эфир саны — сабындану саны мен қышқылдылық санының айырмасына тең болады. 4. Йод саны - 100 г майға қосылатын йод саны (мг).


Табиғи майлардың модифиқацияланған өнімдері

Майлау және эмульсия алу қасиетін жақсарту үшін майлаушы заттарды сульфаттау, сульфиттеу, гидрогендеу, қышқылдау т.б. жолдармен модифиқациялайды.

Майларды сульфаттау - май молекуласына күкірт қышқылының радикалын - 0- SО3Н енгізу арқылы атқарылады (сульфоэтерифиқациялау).

Күкірт қышқылының эфирлерін, сульфатталған өнімдерін алуда ең басты екі реакция бар. Бірінші реакцияға - спиртті гидроксил топтарының жоғары концентрациядағы күкірт қышқылымен әрекеттесуі жатады:



Кейде күкірт қышқылының орнына, сульфоэтерификациялаушы заттар қолданылады: олеум, хлорлы сульфон қышқылы. Хлорлы сульфон қышқылының, күкірт ангидрімен реақциясы:



Күкірт қышқылының эфирлері түзілетін екінші реакцияда майға күкірт қышқылын қосу нәтижесінде күкірт қышқылының эфирі түзіледі. Майға күкірт қышқылы қос байланыс арқылы жалғасады:



Былғары өнеркәсібінде натрий гидросульфитімен өңделген май кеңінен қолданылады. Натрий гидросульфитінің қанықпаған май қышқылымен реақциясы:



Бұл реакция сульфит ионын, сульфат ионына айналдыратын тотықтырғыштың қатысумен жүреді:



Былғары өндірісінде кең тараған майларға сульфатталған зәйтүн, (ализарин) майы, сульфатталған тұяқ майы, "ворвань" және 'монополь" сабыны жатады. Ализарин майы дегеніміз сульфатталған зәйтүн майы - сұйық, сары-қоңыр түсті, суда жақсы ериді.

Сульфатталған "ворвань" қара-қоңыр түсті. Оның қасиеті және құрылысы табиғи ворваньға байланысты болады. Ворваньдар зәйтүн майына қарағанда тез сульфатталады. Шетелде сульфатталған тұяқ майын көп қолданады. "Монополь" сабыны — натрий гидроксидімен шайылған ализарин майы.

Сульфиттелген майлар. Сульфиттеу дегеніміз май молекуласына немесе басқа органиқалық қосылысқа әсер ету арқылы сульфотобын енгізу. Бұл кезде сульфотоп тек көміртегі атомымен байланысады. Сульфиттеу тіке және жанама түрде жүзеге асады. Тікелей сульфиттеу күкірт ангидридімен немесе күкірт қышқылының және олеумнің гидратымен жүреді. Бұл мақсатта кейде күкіртті газ, хлор сульфон қышқылы және сульфурил хлориды қолданылады.

Хлорланған табиғи майларды немесе май қышқылдарының эфирін өз күйіндегі күкірт ангидридімен сульфиттеу арқылы суда эмульсия түзетін қабілеті бар және де әртұрлі майлағыш заттарды алудағы алғашқы шикізат ретінде қолдануға болатын өнімдер алуға болады:



Сульфиттелген майлардың ерекшелігі олардың эмульсия тұзу қабілеттілігінде. Ол эмульсия электролиттің, минералды қышқылдың, хромның және алюминийдің илегіш қосылыстарьшың әсеріне төзімді.

Натрийдің гидросульфитімен сульфиттелген майды кәдімгі арнайы қозғағышы бар реакторда 75-80°С температурада қатализатордың (кобальттың нафтенаты) қатысуымен алуға болады, май салмағына шаққанда натрий гидросульфитінің шығыны 50% болады.
Мұнай өндеу өнімдері және синтетиқалық майлағыш заттар

Табиғи қатты және сұйық майлар тамақ өнімдері болғандықтан, олардың орнына басқа жасанды майлағыш заттарды қолданудың маңызы зор. Майлағыш материал алынатын негізгі шикізат ретінде мұнай қолданылады. Мұнай құрамында көмірсутек (CnH2n+2) бар. Мұнайдан алынған синтетикалық майлағыш материалдардың мынадай артықшылықтары болады:



  1. Былғарыға жақсы сіңеді, өйткені балқу температурасы жоғары.

  2. Әртүрлі химиялық реагенттер әсеріне интертті.

  3. Олармен майланған былғары уақыт өтсе де жұмсақтық қасиетін жоймайды.

  4. Мұнайдан майлағыш заттар алу және оның өнімдерін өңдеу арзанға түседі.

Парафиндер - қаныққан қатты көмірсутектерінің қоспасы. Оны мұнайды, қоңыр көмірді немесе жанатын сланецты қуу арқылы алады. Парафин өнеркәсібінде мөлдір ақ және сарғыш плита түрінде шығарылады. Парафиннің балқу температурасы 50-52°С.

Парафиндерден сульфиттелген майлағыш заттар алынады:



Балқытылған парафин арқылы ыстық ауаны өткізгенде тотыққан парафин алынады. Ол ұлтандық былғарыны майлауда қолданылады. Күкірт ангидридімен сульфиттелген тотыққан парафин өнімдері сульфопар деп аталады. Ол хроммен иленген былғарыны майлау үшін қолданылады.

Хлорланған парафин (хлорпарафин) қаныққан көмірсутекке жатады, онда сутегінің бір немесе бірнеше атомы хлор атомдарымен алмасқан.

Синтетикалық май қышқылдары (СМК) парафиңдерді оттегімен тотықтыру арқылы алады. Қаныққан кемірсутектері тотыққанда синтетикалық май қышқьшдарымен бірге синтетикалық майлы спиртгер мен альдегидтер түзіледі.

Ал, синтетикалық майлы спирттерді мұнай өнімдері көмірсутектерін өңдеу және май мен май қышқылдарын гидрогендеу арқылы да алады. Май қышқылын сутегі қатысуымен қатализдегенде жартылай ацеталь түзіледі, ол сутегімен әрекеттесіп спирт түзеді, олар бутил спирті және майлы спирт:

Синтетикалық май (гликолят) дегеніміз - көміртегі атомдарының саны 12-ден 20-ға дейін баратын өнімдер. Олар синтетикалық май қышқылдарын этиленгликольмен этерификациялаудан шығады:



Синтетикалық май - жабысқақтық қасиеті бар, түсі сарыдан қоңырға дейінгі біртекті өнім, балқу температурасы 40°С-тан жоғары, барлық былғары түрлерін майлау үшін қолданылады.

Нафтен қышқылының эфирлері - нафтен қышқылының негізінде алынатын синтетикалық май, оның құрылым формуласы:

Қазіргі кезде эмульсиямен майлауға қажетті барлық компоненттері бар дайын майлаушы препараттар шығаруға көңіл бөлінуде. Олардың құрамында майлағыш заттар, эмульгаторлар, "ағартқыш" тұрақтандырғыштар сияқты эмульсиялық майлауға керек заттың барлығы бар. Былғарыны майлау үшін кожсинтан және эмультон, дегрин М, поликс, жирмэс, бижирсин атты майлағыш препараттары да қолданылады.

Олардан басқа майлау үшін дегрин (балық майынан) және липодермликер, эмульсия пастасы, эфасол, май қышқылының эфирі негізіндегі майлағыш материалдар да қолданылады.

Ионогенді эмульгаторлар

Барлық эмульгаторлар ионды (анионды, қатиоңды, амфотерлі) және ионсыз болып бөлінеді. Ионды эмульгаторларға сулы ортада ионизациялану қабілеті бар және нәтижесінде анион немесе катион түрінде ұзын тізбекті көмірсутек радикалдарын түзетін беттік белсенді заттар (ББЗ) жатады.

Беттік белсенді заттар - сұйық пен газдың немесе екі сұйықтың бөліну бетінде адсорбцияланып, онын беттік керілісін төмендететін заттар. ББЗ-дың молекуласы плюсті және плюссіз болып келеді. Плюсті бөлімінің молекуласы тұрақты болып, плюссіз бөлімі көбіне органиқалық (көмірсутекті) радикал болады. Оның органиқалық радикал тізбегі ұзарған сайын беттік белсенділігі күшейіп, судағы ерігіштігі кемиді.

Анионды эмульготарлар - сулы ортада диссоциацияланатын катион (металл ионы) мен ұзын тізбекті, эмульгаторлардың белсенділігін анықтайтын көмірсутегі анионынан құралған заттар. Былғары өнеркәсібінде қолданылатын анионды эмульгаторларға майлы және синтетиқалық сабындар RCOONa, алкильсульфаттар (сульфиттелген өнімдері) R-OSO3, алкиларилсульфонаттар R-Ar-SO3Na жатады.

Майлы және синтетикалық сабындар табиғи майлар мен негіздердің немесе синтетикалық май қышқылдарының негіздермен әрекеттесуінен алынады. Эмульгаторлар ретінде натрийдің, қалийдің және аммонийдің сабындарын қолдануға болады. Бірақ сабынның негізгі кемшілігі оның молекуласында СООН тобының болуына байланысты. Ол қышқылды ортада және кермек суда үлкен сезгіштік байқатады:

R – COO –Na + HCI → R – COOH + NaCI

Мысалы: R – COONa + CaCI → (R - COO)2Ca + 2NaCI

Анионды эмульғаторларға ализарин майы, сульфатталған "ворвань", "монополь", "сабыны", "Новость" препараты, Петров контақтысы, сульфонаттар, неқальдар жатады.

Алкилсульфонаттар мен алкиларилсульфонаттар сапалы эмульгаторлар ретінде қолданылады. Олардың ішінде екіншілік алкилсульфонаттар жақсы эмульсиялық қасиет байқатады, оларды алдын-ала сульфохлоридталған қаныққан парафинді көмірсутегінен алады.

Анионды эмульғаторларға майлы сабындардан басқа мұнай өнімдерінен алынатын синтетикалық сабындар: былғарыға арналған эмульсиялық паста мен жиромол жатады. Жоғарыда аталған кемшіліктерді қарбон қышқылдарының синтетикалық сабындары бермейді, олардың жалпы формуласы R-X-R-COONa.

мұндағы R — гидрофобты радикал; R — көмірсутек радикалы

Бұлар жақсы эмульгаторлар және жуғыш заттар. Олар құрамында СООН болғанымен қышқыл әсеріне, бейтарап және қальций тұздарына төзімді, себебі олардың құрамында SO2 және басқа топтар бар.

Алкилсульфаттар ішінен (сульфатталған өнімдер) кеңінен қолдау тапқандары ализарин майы, сульфатталған "ворвань", "монополь" сабыны және сульфатталған тұяқ майы. Бір айта кететін жай, бұл табиғи майларды сульфаттауда - OSO3H немесе - OSO3Na топтары тізбектің ортасындағы қос байланыспен әрекеттесу нәтижесінде олардан жақсы эмульгаторлар алынады:

R – (CH2)n – CH2OH + H2SO4 → R(CH2)n – CH2OSO3H+ H2O

Түзілген қосылыс бейтараптанып, оның құрамынан артық NаОН аластатылады. Егер сульфатталған өңім құрамында - O-SO3H тобымен қоса СООН тобын әртүрлі спирттер қосу арқылы блоктайды. Осы реакция негізінде жуғыш препарат (алкилсульфат) "Новость" алынған:



Сульфиттелген мұнай өнімдеріне Петров контактысы да жатады, ол циклді көмірсутекті сульфиттегенде алкиларилсульфонаттан алынады. Олардың жалпы формуласы:



Қатионды эмульгаторлар - сулы ортада абелсенділігі жоғары, ұзын тізбекті радикалдары бар қатион құрайтын ББЗ. Оларға қатионды эмульгатор алкамон ДЛ және ОС-2 жатады. Ионды эмульгаторлар өздерінің эмульсиялаушы және жуу қабілетімен бірге бактерицидті қасиетке де ие.

Сапалы қатионды эмульгатор ретінде аммоний негізінің 4-шілік тұзы және пиридин қосылыстары қолданылады:

Катионбелсенді беттік жуғыш затқа [R-OCH2-N+-2H5)2]CH3SO алкомон (ДЛ) жатады: мұндағы R - тізбек ұзындығы С10H21, C12H25 аралығындағы май спиртінің көмірсутек радикалы. Шет елде әртүрлі технологиялық процестерде эмульгаторлар кең қолданылады. Мысалы, Германияда — липаминликер "0", Францияда — эдюнин (АЦН) т. б.



Ионсыз эмульғаторлар. Ионизацияға, яғни иондалуға қабілеті жок беттік белсенді заттар ионогенді емес эмульгаторлар (ионсыз) деп аталады. Әдетте олар ұзын тізбекті, соңында полярлы ионсыз топтары бар көмірсутектен тұрады. Гидроксил немесе эфирлерден тұратын бұл топтар эмульгатордың суда еруіне себеп болады. Ионсыз эмульгаторлар кермек судың, қышқылдардын, тұздар мен негіздердің әсеріне шыдамды.

Ионсыз эмульгаторларды көбінесе этилен оксидін алкил алмасқан фенолмен конденсациялап алады. Май қышқылының бір молекуласына келетін этилен оксиді тобының санына байланысты қасиеттері әртүрлі өнім алуға болады. Ионсыз эмульғаторлар синтанол ДС-10 және синтанол ДТ-7 деген атпен шығарылады.



Полиполярлы майлағыш заттар. Полиполярлы майлағыш материалдар (комбиликерлер) құрамына ионсыз, анионды, қатионды және амфотерлі эмульгаторлар және бейтарап майлағыш заттар кіреді.

Комбиликерлер кемінде үш түрлі зарядталған компоненттерден тұрады және олардың әрқайсысы эмульсияға белгілі бір қасиет береді. Құрамында әртүрлі зарядталған компоненттер болғандықтан эмульгаторлар майлау кезінде коагуляцияға түспейді, сондықтан оларды әмбебап майлағыш заттар ретінде қолдануға болады.


БЫЛҒАРЫНЫ ГИДРОФОБИЗАЦИЯЛАУ

Былғарыға су жұқпайтын қасиет берудің6 (гидрофобизация) әсіресе юфть былғарысын шығаруда үлкен маңызы бар. Бұл мәселені шешу жоғары молекулалық қосылыстарды өндірістік синтездеуден кейін мүмкін болды. Қазіргі талаптарға сай, велюр, галантереялық, киімдік былғарыға сұраныс тууына байланысты оларға аталған қасиет берудің де маңызы бар. Гидрофобтық заттарды екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа майда судың (вода в масле) эмульсиясын түзетін қосылыстар, ал екінші топқа әртүрлі химиялық табиғаты бар агенттер жатады. Бірінші топтағы қосылыстарға алкилденген янтарь қышқылы мен оның туындылары, мысалы эфирі:



және май қышқылдары мен көп атомды спирттердің эфирі, мысалы сорбит жатады:





R - май қышқылының радикалы.

Бұл заттар былғарыға жеке немесе басқа заттармен бірге сіңіріледі. Мұндай былғарыға су тигенде, оның бетінде майлы судың эмульсиясы пайда болып, судың ары қарай сіңуіне жол бермейді.



Хромның комплексті қосылыстары мен май қышқылдарының қоспасы:



Екінші топтағы гидрофобизациялаушы заттарға парафин немесе балауызбен қосылған металл тұздары жатады.

Былғарыны гидрофобизациялау оны эмульсиямен майлау процесінде жүргізілуі мүмкін. Мұндай эмульсияның құрамында парафин, синтетикалық май қышқылдары және минералды май кіреді, гидрофобтық қасиетін күшейту үшін эмульсияға хром, цирконий және алюминий тұздарын қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет