Әрі қарай әртүрлі басқыш амалдарының орындалу тәртібін оқып үйренуге кіріледі. Осыдан кейін шешу формула түрінде жазылатын күрделірек есеп беріледі.
«Бала 2 есеп 3 мысал шығарды. Орта есеппен есептердің әрқайсысын шығаруға 15 мин, ал мысалдардың әрқайсысын шығаруға 5 мин уақыт жұмсады.
Тапсырманы орындауға қанша уақыт кеткен?» Есептің шешуі жеке үш амал түрінде жазылады:
1) 15x2=30 (мин), 2) 5x3=15 (мин), 3) 30+15=45 (мин) Шешуі бір жолға жазылады: 15x2+5x3=45 (мин), Оқушылар әртүрлі басқыш амалдарының орындалу тәртібіне бірнеше мысал шығарады:
200:4+100:2
500:5-400:5 ,
32x5+120:4 :
Оқушылармен әңгімелесі процесінде амалдардың орындалу тәртібі жөніндегі ереже қорытылып шығарылады.
1.2 Бастауыш сыныптағы математика сабағында арифметикалық ұғымдарды оқыту әдістемесі
1)Оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – ақпараттық және оқушының қызметін басқару әдістері жатады.
2)Оқу әдістері (шәкірт әрекеті) – оқу материалдарын танып білу әдісі жатады.
Математиканы оқыту әдісін мұғалім мен шәкірттің оқып үйрену негізіндегі қызмет әрекет айырмашылықтарына қарай екі түрге бөлуге болады:
Цифрді жазуға машықтану дәптерде орындалатын жұмыс барысында жүзеге асырылады. Мұнда әсіресе цифрларды жазуға қажетті арнайы дайындық болып табылатын №1 математика дәптеріндегі беріліп отырған жұмыс жүйесін тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Цифрді жазуға үйрету жұмысы нәтижелі болуы үшін мынадай ұсыныстарды басшылыққа алған жөн:
1.Цифрдің жазылу үлгісімен оқушыларды таныстыру, сондай-ақ оның әрбір элементін саусақтың қимылымен көрсету.
2.Оқушы сол көрсетілген қимылды қайталап, цифрді мұғалімнің көрсеткен үлгісіне орай ауада жазып көрсетуі тиіс.
3.Дәптерде берілген цифр үлгісін қаламмен бастырып, оны жазуға бейімдеу жөн.
4.Дәптерде арнайы көрсетілген жолдарға цифрді жазу арқылы оқушыларды машықтандыру керек.
5.Дәптердегі арнайы тапсырмаларды орындау арқылы цифрді жазуға дағдыландыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |