Біліктілік бағалауын өткізу тәртібі


«Педагог-шебер» біліктілік санатына



бет3/6
Дата20.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468582
1   2   3   4   5   6
аттестация слайд 2023ж қаңтар-1 (2)

«Педагог-шебер» біліктілік санатына:
  • тиісті бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, келесі кәсіби құзыреттерге сәйкес келетін кемінде алты жыл педагогикалық өтілі бар адамдар:
  • «педагог-зерттеуші» біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес келеді, бұдан басқа:
  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламасы бар немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (бірлескен авторы) болып табылады немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіреді немесе уорлд скилс (WorldSkill) (кәсіби шеберлік конкурсы) чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша тренер болып табылатын адамдар;
  • республикалық немесе халықаралық кәсіби конкурстардың жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылады немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жүлдегерлерін немесе жеңімпаздарын дайындаған;
  • «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, «Үздік педагог» атағының иегері (болған жағдайда) болып табылады;
  • интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін таратады;
  • тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды (болған жағдайда);
  • Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар (болған жағдайда);
  • республика деңгейінде тәжірибе жинақтайды, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары педагогтерге арналған семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
  • еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған (болған жағдайда) бейне -, телесабақтар дайындаған.
  • Lesson Study сабақты зерттеуді жүргізеді, Action Research әдісін қолданады, өз шешімдері мен іс-әрекеттерін басқару, түзету және бағалау дағдыларын жүргізеді;
  • облыс/республика деңгейінде сабақтарды көрсетеді, өткізілген сабақтарға педагогтер мен әдіскерлердің оң пікірлеріне ие;
  • басқа педагогтердің сабақтарын талдайды;
  • педагогтерге арналған облыстық және (немесе) республикалық деңгейлердегі семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет