Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету



бет47/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

5. Индикатор түстері. а) Үш сынауыққа 3 мл дистилденген су кұйып 2 тамшы индикатордың біреуін (лакмус, метилқызылсары немесе фенолфталейн) тамызыңдар. Кестеге олардын бейтарап ортадағы түсін жазыңдар. Сынауықтарға кез келген қышқыл тамызыңдар. Түстерінің өзгеруін кестеге жазыңдар.

ә) осы тәжірибені қышқылдың орнына сілті ерітіндісін алып қайталаңдар.



2-кесте

Орта

Индикаторлар түсі

лакмус

метилқызылсары

фенолфталейн

бейтарап










қышқылдық










сілтілік










1. Бейтараптау реакциялары. а) күшті қышқыл мен күшті сілтінің әрекеттесуі. Фарфор табақшаға 5 мл 2 н тұз қышқылының ерітіндісіне тамшылатып 2 н натрий гидроксидінің ерітіндісін бейтарап реакцияға дейін (көк және қызыл лакмус қағазы түстерін өзгертпейді немесе лакмус күлгін түске боялады) қосыңдар. Алынған ерітіндіні қыздыру арқылы құрғатыңдар. Не түзілді? Реакция тендеулерін молекулалық жене иондық түрде жазыңдар.

ә) әлсіз кышқыл мен күшті негіздің әрекеттесуі. Сынауыққа 2 мл 2 н сілті ерітіндісін құйып, бір тамшы фенолфталеин қосып, оған 2 н сірке қышқылын тамшылатып ерітінді түссізденгенше қосыңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет