Білім алушыларды химия туралы жалпы түсінікті қалыптастыру және қазіргі химияның маңызды бөлімдерін оқып, үйрету


Элемент атомының электрондары оның энергетикалық деңгейлерімен деңгейшелерінде бас және қосымша квант сандары қосындысының (n+l) өсу ретімен орналасады



бет12/55
Дата02.01.2022
өлшемі1.79 Mb.
#452331
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Химия УМКД 2019-2020

Элемент атомының электрондары оның энергетикалық деңгейлерімен деңгейшелерінде бас және қосымша квант сандары қосындысының (n+l) өсу ретімен орналасады.

Клечковскийдің екінші ережесі:

Егер екі деңгейше үшін бас және қосымша квант сандарының қосындысы (n+l) бірдей болса, онда электрон алдымен l-дің мәні кіші n-нің мәні үлкен l-дің мәні кіші деңгейшеде орналасады. Клечковский ережесіне сәйкес келесі тізбекті алуға болады:



Мысалы:



Паули принципіне сәйкес әрбір орбитальда бір немесе спиндері қарама қарсы екі электрон болады. Бірнеше орбитальдары бар бір деңгейшеде электрондар орналасу реті Гунд ережесіне бағынады: электрондар спин сандарының қосындысы максимал болатындай орналасады немесе әрбір электрон мүмкіндігінше жеке ұяшыққа орналасуға тырысады.

Ядро құрамы

Атом ядросында протон (р) және нейтрондар (n) бар – оларды нуклондар дейді.



Протонның массасы – , және заряды +

Нейтронның массасы - , заряды – 0. (электрлік бейтарап бөлшек).

Олардың массалары бірдей деп санауға болады. Осы теория бойынша барлық атомдардың ядролары z протоннан және (A-Z) нейтроннан тұрады, мұндағы Z – элемент. A – массалық саны.

A=Z+N

Изотоптар: Бір элементтің әр түрлі атомдарының ядро зарядтары бірдей, бірақ массалық сандары әр түрлі болса олардың изотоптар деп атайды.

Мысалы: Оттектің массалық саны

16, 17, 18 болатын изотоптары бар:

- орташа атомдық массасы

Элементтің атомдық массасы барлық табиғи изотоптарының таралуын ескерген кездегі олардың массаларының орташа мәніне тең.

Ерекшелік: - Жеңіл элементтердің изотоптары.

- жеңіл сутегі (протий) - дейтрий - тритий

Изобарлар: Массалық сандары бірдей болатын әр түрлі элементтердің атомдары – изобаралар деп аталады..

Мысалы:

Орыстың үлы ғалымы Д. И. Менделеев (1834—1907) ашқан периодтық заң химияның негізгі заңдарының біріне жатады. Д. И. Менделеев элементтерді жүйеге келтірудің негізі етіп олардың атомдық массаларын алды. Ол сол кезде белгілі 63 эле­мент атомдық массаларының өсу ретімен бір қатарға орналастырып, әрқайсысының атомдық массасын, валенттігін, қасиеттерін (металл немесе бейметалл екенін) оттекті қосылысының формуласын т. б. жазып зерттегенде элементтердің қасиеттері және олардың қосылыстарының қасиеттері белгілі бір элементтердің санынан кейін периодты түрде қайталап келіп отыратынын байқады.

Элементтер қасиеттерінде байқалатын осындай заңдылықтардың негізінде 1869 жылы Д. И. Менделеев периодтық заңды ашты: Жай заттардың қасиеттері, сондай-ақ олардың қосылыстарының формалары мен қасиеттері элементтердің атомдық массаларының мөлшеріне периодты түрде тәуелді болады.

Одан кейінгі зерттеулер элементтердің қасиеттері атом ядроларының зарядтарына байланысты екенін көрсетті. Ядро заряды эле­мент атомының қүрылысын анықтайды, ал атом құрылысы периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіреді.

Периодтық жүйе 7 горизонталь қатарлардан – 7 периодтардан және 8 вертикаль қатарлардан – 8 топтардан тұрады. 1, 2, 3 – кіші периодтар; 4, 5, 6, 7 – үлкен периодтар (2-қатардан тұрады).

І периодта – 2s =2 элемент; ІІ, ІІІ периодта – 2s+6p = 8 элемент

4,5 периодта – 2s+10d+6p=18 элементтен; 6 период – 2s+10d+14f+6p=32 элементтен

7 период – 2s+14f+3-4d-эл – толмаған.

1) s және p – элементтердің топтағы орналасуы сыртқы квант қабатының топтағы орна-ласуы сыртқы квант қабатының -дар санымен анықталады. Мысалы:


  1. d – элементтердің топтағы орналасуы сыртқы қабаттағы s – элементтер және сырттан ішкі қабаттағы d – элементтер сандарының қосындысымен анықталады. Мысалы:

4f элемент; 5f элемент – ІІІ топқа кіреді (La, Ac). Топтар топшаларға бөлінеді: (негізгі және қосымша топшалар) негізгі топшаларға s және p – элементтер, ал қосымша топшаларға d және f элементтер кіреді, кіші периодтар тек қана s және p – элементтерден тұрады (негізгі топтардың элементтері).

  1. горизонталь бағыты бойынша элементтердің қасиеттерінің өзгеруі – периодта солдан оңға қарай металдың қасиеттер әлсірейді де, бейметалдық қасиеттері күшейеді.

  2. вертикаль бағыты бойынша (негізгі топшаларда) – жоғарыдан төменге қарай – метал-дық қасиеттер күшейеді ал, бейметалдық қасиеттері - әлсірейді.

Атомдардың қасиеттерінің периодтылығы.

Атомдардың мынадай қасиеттері: шамасы, иондану энергиясы, электрон тартқыштылығы, электртерістігі, тотығу дәрежесі сол атомдардың электрондық конфигурациясымен байланысты. Элементтің рет нөмері өскен сайын, олардың өзгеруіне периодтылық байқалады.

1).Иондану энергиясы: - бұл атомнан әлсізірек байланысқан электронды жұлып алуға қажет энергия. Ол әдетте электрон-вольтпен өрнектеледі. (Э/вольт). J (иондану энергиясы) – атомның тотықсыздандырғыштық қасиетін көрсетеді, J азайған сайын, тотықсыздандырғыш қасиет артады.

2). Атомдар тек электронды беріп қана қоймайды, сонымен қатар қосып та алады. Бұл

кезде сәйкес анион түзіледі. Атомға бір электрон қосылған кезде бөлінетін энергияны электрон тартқыштық деп атайды. Ол да электрон-вольтпен өрнектеледі (Э/вольт). Е - әрпімен белгілейді. Е – атомның тотықтырғыштық қасиетін көрсетеді.

3). Электротерістік анықтамасын 1932 жылы американ ғалымы Л. Поминг берді.

Электртерістік дегеніміз молекуладағы атомның электрондарды өзіне тарту қабілеті. Ол иондану энергиясымен Е электрон тартқыштыққа тәуелді.

ЭТ - периодпен өседі, топтармен азаяды.



  1. Атом радиусы – оның маңызды сипаттамасы. Атом радиусы үлкен болған сайын сыртқы электрондардың байланысы элсірей түседі және керісінше, атом радиусы кішірейген сайын электрондардың ядроға тартылуы күшейе түседі.

Периодта атом радиусы солдан оңға қарай кішірейеді.

Топшаларда жоғарыдан төмен қарай радиусы үлкейеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет