Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет32/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

1 түрі – мерекелерге арналған бағдарламалар. Оны жүзеге асырудың 
негізгі сипаттамалары – көңілді көңіл-күй, қуаныш, жаңа әсерлер және 
өміршеңдікті арттыру. Мерекенің басты мәні – мектеп оқушыларын түрлі 
тәсілдер мен құралдардың көмегімен жан-жақты тәрбиелеу, соның ішінде 
бөлмені түрлі-түсті әсемдікте безендіру, музыкалық сүйемелдеу, компьютерлік 
презентациялар, викториналар, конкурстар, командалық жарыстар және т. б.
Бағдарламаның сәтті және есте қаларлық маңызды компоненттері: 
сценарий тақырыбы, идеялық бағыт, тәрбиелік құндылық, сонымен қатар 
бейнелеу құралдарын қолданудың күрделілігі мен динамикасы және т.б.
Бағдарламаның бұл нысанын әр музейде профильді, қаржылық 
мүмкіндіктерді, аумақтық ерекшеліктерді, сондай-ақ қолда бар алаңдарды 
пайдалануды ескере отырып жүзеге асыру. 
2 түрі – Шеберлік сыныптарға арналған бағдарламалар. Бұл 
бағдарламаның міндеттері: білімалушыларды мұражай құралдарының 
көмегімен шығармашылықпен таныстыру, эстетикалық даму, белгілі бір 
дағдыларды игеру, шығармашылық процесте қарым-қатынас жасау.
Бағдарламаны өткізу нысаны бойынша шеберлік сыныптар арқылы оқыту 
және таныстыру. 
Шеберлік сыныптарға арналған бағдарламалар келесі кезеңдерден 
тұрады: 
- білім алушыларды экспозициялық кеңістіктегі бағдарлама тақырыбымен 
таныстыру; 
- кәсіпшілік тарихымен, оның техникаларымен, құралдарымен және 
материалдарымен танысу; 
- білімді беру процесі, бұйымды дайындау тәсілдері, зерттелетін 
кәсіпшілік; 
- білім алушы тікелей қатысатын шығармашылық процесс; 
- сабақты қорытындылау, талдау. 
3 түрі – жобалық қызметке негізделген бағдарламалар
Бағдарлама жобалық оқыту мен тәрбиелеудің келесі мақсаттарын 
қамтиды: 
- білім алушының жеке сенімін арттыруға, оның өзін-өзі жүзеге асыруына 
ықпал ету; 
- білім алушыда нәтижеге қол жеткізу үшін ұжымдық жұмыстың 
маңыздылығын, ынтымақтастықтың рөлін, шығармашылық тапсырмаларды 
орындау процесінде бірлескен қызметтің маңыздылығын түсінуді дамыту; 
- қарым-қатынас мәдениетін дамыту; 
- зерттеу дағдыларын дамыту. 
Мұражайдағы білім алушылардың зерттеу қызметі фактілерді сыни 
қабылдауға, оларды талдау қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді, 
шығармашылыққа итермелейді. Білім алушыларға арналған зерттеу 
жұмыстарының тақырыптары мұражай сұраныстарына қарай таңдалады.


76 
Зерттеу жұмыстары білім алушыларға мұражай тарихының дамуына өз 
үлестерін қосып қана қоймай, жобалық іс-әрекеттерден тәжірибе алуға 
мүмкіндік береді. Нәтижесінде мұражайдың білім алушылармен өзара мәдени 
қарым-қатынасы қалыптасып, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал 
етеді. Қазіргі уақытта бағдарламаның бұл түрі кеңінен танымал. 
4 түрі – костюм бағдарламалары. «Костюм бағдарламалары» деп 
аталатын бағдарламалар оның тақырыбына сәйкес келетін костюмдерге киіну 
процесін қамтиды. Костюмдік бағдарламалар мұражай мамандарының мектеп 
оқушыларымен 
өзара 
ынтымақтасуының 
жарқын, 
белсенді 
және 
театрландырылған түрі болып табылады. Костюм бағдарламаларының 
сценарийі ойындарды, көңілді конкурстарды, жұмбақтарды, викториналар мен 
сайыстарды және т.б. қамтиды. Осылайша, бала белгілі бір тарихи кезең және 
осы уақыттың кейіпкерлері туралы білімдерін еркін түрде толықтыра алады 
және жарқын эмоциялық көңіл-күй мен тәжірибесімен алмасады. 
5 түрі – отбасылық демалыс бағдарламалары. Мұражай қауымдастығы 
ата-ана мен баланың өзіндік шыңармашылықтарын дамытуда ерекше 
эксперимент жасайды, онда олардың әрқайсысы толыққанды және ең бастысы 
белсенді (бұл ескерту ересектерге қатысты) әрекет етеді. «Мұражайдағы 
отбасылық демалыс» білім беру бағдарламасы шеберлік сыныптар, 
дәрісханалар мен ғылыми шоуларды, ұлттық салт-дәстүрлермен танысуды 
қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет