340
ақаусыз есейіп, туған жерге, Отанға, халыққа мол үлес
қосу санасын
жоғарылатады. Әрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен көрсетуге
тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып шығады. Ұл
баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би,
ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді
болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған. Әр
отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы,
отағасы – абыройлы әке.
Отбасының
мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты
болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да
– әке. Сондықтан ұл бала тәрбиесінде әкенің рөлі зор [46].
Мектепте ұлттық дәстүр мен ғұрып негізінде ата-аналармен өткізілетін іс-
шаралар жоспары
Кесте 2
№ Мерзімі
Ата-аналарға арналған іс-шаралар атауы
Іс-шара түрі
1
Қыркүйек
Ұлттық тәрбиенің отбасы
тәрбиесінде алатын орны
Дәріс
2
Қазан
«Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе»
Кездесу
3
Қараша
Бала өміріндегі әке тәрбиесі
Байқау
4
Желтоқсан
Қазақ отбасы тәрбиесінде қолданған әдіс-тәсілдері
Дәріс
5
Қаңтар
Қазақтың тиым сөздері
Сайыс
6
Ақпан
Ана тілінің құдіреті
Тілдік байқау
7
Наурыз
Ата-баба салты – бала тәрбиесінде
Пікір-талас
8
Сәуір
Салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды сақтайық
Ашық әңгіме
9
Мамыр
«Анасын көріп қызын ал»
Байқау
10 Маусым
Әке шаңырағы – теңдесі жоқ өмір мектебі
Сұхбат
Достарыңызбен бөлісу: