Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет45/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

4- тапсырма. «Әке шаңырағы» тарихын зерттеу. 
Шешуші әдістері: 
- тұрған жерін, үйінің салынған уақытын, сәулет ерекшеліктерін, онда 
кімдер тұрғандығын, мемориалдық тақталарды, аңыздарды, сақталу дәрежесін, 
тарих үшін маңыздылығын анықтау. 
- кітапханада немесе интернетте өлкетану, анықтамалық немесе арнайы 
әдебиеттермен жұмыс жасау. 
- мұрағат мекемелеріндегі жұмыс. 
- осы білім саласында маман-кеңесшілерді тарту. 
5-тапсырма. Өз тегіңіздің және тегіңізге байланысты рулардың тарихын 
зерттеңіз.
Шешуші әдістері: 
- іздеу барысында табылған барлық ата-баба ұрпағын таңдау. Оларды 
алфавиттік ретпен орналастырып, отбасылық навигатор құрыңыз. 
- кітапханада немесе интернетте анықтамалық әдебиетпен жұмыс. 
- осы білім саласында маман-кеңесшіні тарту. 
- рудың ұлттық құрамын анықтау. 
6-тапсырма. Зерттеудегі көмекшілерді және ақпарат көздерін анықтау. 
Шешуші әдістері: 
- ата-аналарды, туыстарын немесе басқа адамдарды зерттеуге тарту. 
- ғылыми жетекшіні анықтау. 
- генеалогия, тарихи және өзге де пәндер саласындағы мамандарды тарту. 
2-ші кезең. Жиналған материалдарды өңдеу және жүйелеу. 
 
1-тапсырма. Барлық жиналған материалдарды жүйелеу. 
Шешуші әдістері: 
- жеке папкалар бойынша ұрпақтың әрбір өкіліне жеке құжаттарды
фотосуреттерді, хаттарды және т.б. бөлу. 
- әр өкілге әмбебап жеке шифр тағайындау. 
- жинақталған құжаттарды сканерлеу, қара қағазбен орау, конверттер 
бойынша жүйелеу. Бір адамға қатысты конверттерді жеке қалтаға салу. 
- Барлық материалдарды деректер базасына енгізу және цифрлық 
тасымалдағышта сақтау. 
2-тапсырма. Алынған материалдарды немесе олардың үзінділерін 
туыстар мен таныстарға түзету үшін көрсету. 
Шешуші әдістері: 
- жеке кездесу; 
- интернет арқылы, бетпе-бет; 
- сырттай, телефон арқылы; 


103 
- сырттай, хат алмасу арқылы; 
- материалдарды жариялауға жазбаша рұқсат алу. 
3 кезең. Шежіре байланыстарын құру
1-тапсырма. Шежіре байланыстарын құрыңыз. 
Шешуші әдістері: 
- туыстардың түзетулері мен түсіндірулерін ескере отырып, ұрпақтардың 
таралу сызбаларын сызу; 
- ұрпақтардың таралу сызбаларын бір шежіреге біріктіру; 

библиографияны, басқа дереккөздерді көрсету (қолданыстағы 
халықаралық ережелерге сәйкес); 
2-тапсырма. Мәліметтерді компьютерлік дерекқорға енгізу. 
Шешуші әдістері: 
- барлық қажетті нақтылауларды жүргізіп, деректер базасын құру. 
- жұмыстың көшірмелерін цифрлық тасымалдағыштарда жасап, олардың 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
4-ші кезең. Ресімдеу жұмысы. 
 
1-тапсырма. Жұмыстың шығармашылық дизайны.
Шешуші әдістері: 
- кітап шығару; 
- фильм жасау; 
- сәндік-қолданбалы шығармашылық тәсілдерді қолдана отырып, дербес 
жасау; 
- кәсіби дизайнерлердің тарту; 
- басқа шешімдер. 
Отбасылық шежіре құрастырудың бастапқы кезеңіне арналған 
сұрақтардың шамамен тізімі. 
 
1. Туған күні, айы және жылы. Туу туралы куәлік. 
2. Туған жері. Ата жұрты. 
3. Ол қай мектепте оқыды. Оқу үлгерімі. Сүйікті заттар. Мұғалімдермен 
қарым-қатынас. Оқу жылдары. 
4. Мектепті бітіру кеші (есте қалғаны). 
5. Балалық шақтағы хоббиі. Модельдеу, тігу, спорт, музыка, жинау және 
т. б. 
6. Әскери қызмет (әскери бөлімі, қызмет еткен жері, соғысқа қатысқаны, 
жарақат алғаны, марапаттары, қызметтік тізім; мамандығы, қызмет еткен 
жылдары). 
7. Кейіннен алған білімі (институт, техникум – қандай және қайда, оқу 
жылдары). 
8. Тілдерді білуі. 
9. Қайда және қандай лауазымдарда, қандай жылдары жұмыс істеді. 
Ғылыми атақтары мен мамандығы. 
10. Қызметтегі марапаттар (наградалар, грамоталар, баспасөздегі 
мақалалар, құрметті атақтар және т.б.). 
11. Дінге деген көзқарасы.
12. Музыкалық аспаптарда ойнай білу (қандай). 


104 
13. Отбасын құруы, қашан және қайда үйленді. Ерлі-зайыптылардың тегі, 
аты, әкесінің аты және туған күні.
14. Балалардың дүниеге келген уақыты. Олардың есімдері, тарихы. 
15. Жас отбасы қандай жағдайда өмір сүрді, уақыт өте келе жағдай қалай 
өзгерді, отбасының даму сатылары. 
16. Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас (отбасында басты тұлға 
кім болды; демалыс сәттерін қалай өткізді, отбасында балаларды тәрбиелеудің 
ерекшелігі, құндылығы және т.б.).
17. Неке қию туралы куәлік көшірмелері. 
18. Сүйікті ойын-сауық, хоббиі (ойындар, музыка, спорт және т.б.). 
19. Мінезі. 
20. Қандай аурулармен ауырды (егер мүмкін болса көрсету керек). 
21. Сүйікті тағамдары. 
22. Сыртқы келбеті. 
23. Сүйікті кітаптары, жазушылары, суретшілері, ақындар, әншілер, 
актерлер, фильмдер, картиналар және т. б. 
24. Отбасылық аңыздар, ертегілер, әзілдер, ерекше жағдайлар. 
25. Қайтыс болған туыстары туралы: күн, ай, жыл, өлімнің себебі. Қайтыс 
болу туралы куәліктің көшірмесі. Ол қайда қайтыс болды және қайда жерленді.
26. Фотоархив. 
Отбасылық мұра туралы аңыздың төлқұжатын қалай жасауға болады. 
Отбасылық жәдігерлер – бұл естелік заттар: хаттар, фотосуреттер, ұрпақтан-
ұрпаққа мұра ретінде берілетін заттар. Бұл керемет дәстүр көптеген 
отбасыларда сақталады. Мықты отбасы – мықты дәстүрлерден. Отбасылық 
дәстүрлер отбасының нығаюына, оның мүшелерінің жақындасуына ықпал етіп, 
ұрпақтың өзара түсіністігіне ықпал етеді. Мұрагердің тарихын білу жас 
зерттеушіде сараптама дағдыларын, отбасы мүшелері мен болашақ ұрпақ үшін 
жәдігердің маңыздылығын түсінуді, нәтижесінде адам өмірімен байланысты 
тарихи тақырыптарға ұқыпты қарауды қалыптастырады. Сонымен қатар
жасөспірімдерге мұрагер туралы айту қызығушылығын, қабілетін, эмоциясы 
мен көркем, әдеби сөйлеу дағдыларын дамытады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет