Көше атауларындағы жазушылардың есімдері (зерттеушілік
интернет-жоба)
Жобаның мазмұны: көше атаулары басқа да топонимика тәрізді, кез
келген өңірдің тарихи мұрасының қатарына жатады. Атау – ол көшенің немесе
даңғылдың «визит карточкасы» ғана болып табылмайды, сонымен қатар оның
пайда болған дәуірінің өзіндік ескерткіші іспеттес. Бұл жобаны жүзеге асыру
арқылы білім алушыларды көшелердің атауындағы жазушылардың
шығармашылығымен тереңірек таныстыру, кітап оқуға тарту мүмкіндігі
беріледі.
Жобаға қатысушылар – 5-11 сынып білім алушылары, ата-аналар,
мұғалімдер.
Жүргізілетін жұмыс түрлері:
- жобаға қатысушылар шағын зерттеу жұмысын жүргізулері;
- оны кез келген электронды форматта (мәтіндік, презентациялық,
фотосурет, аудио-, бейнежазба) рәсімдеулері;
- жұмыстарының нәтижесін мектеп сайтының арнайы бөліміне
орналастырулары тиіс.
Нәтижесінде жобаға қатысушылар туған қалаларының тарихымен,
көшенің атауындағы ерекшеліктермен, сонымен қатар жазушының бай
мұрасымен танысу мүмкіндігіне ие болады.
Сыныптан тыс оқу бойынша «КІТАПТЫҢ ТУҒАН КҮНІ» атты
жоба
Жобаның мазмұны:
балалар және жасөспірімдер кітабы апталығы,
сонымен қатар балалар және жасөспірімдер музыкасы апталығы аясында
өткізуге болады.
Бастауыш және негізгі орта білім деңгейінің білім алушылары оқу жылы
бойы нақты бір жылдардың мерейтой-шығармаларымен танысады. «Кітаптың
туған күні» жобасы аяқталу кезеңі болып табылады. Осы күні балалар өздерінің
шығармашылығының нәтижесін түрлі мысалы, «үздік театрлық қойылым»,
217
«кітаптың ең жақсы мұқабасы», «ең үздік иллюстрация» және т.б. номинацияда
ұсынады; балалар жазушыларымен кездеседі; балалардың әзірлеген «Кітаптың
туған күні» альбомына қатысты презентациялармен танысады, оның мазмұнын
балалардың оқыған кітаптарына жасаған иллюстрацияларды, пікірлерді,
сонымен қатар өздерінің осы тақырыпқа байланысты шығарған өлеңдерін,
әңгімелерін қамтуы мүмкін.
Жобаның
негізгі
мақсаты
балалардың
кітап
оқуға
деген
қызығушылықтарына қолдау көрсету, кітап оқуға тартудың жаңа әдістеріне
қолдау көрсету. Балалар отандық және шетелдік авторлардың шығармаларымен
танысады.
Маңызды аспектілердің бірі – балалар өздерінің оқыған кітаптарынан
алған әсерлерімен ашық және көзбе-көз бөлісу, шығармашылық қабілеттерін
көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Дереккөз:
http://nlr.ru/prof/reader/images/Docum/Knig-polka/100proyektov_2016text.pdf
Ыбырай Алтынсарин – жаңашыл-педагог
Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында «Ы.
Алтынсарин – жаңашыл-педагог» тақырыбына байланысты «Жұлдызды сәт»
ойыны.
Мақсаты:
білім алушылардың Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
туралы білімдерін толықтыру, қорытындылау және жүйелеу;
білім алушылардың сөйлеу тілін, өз ойларын жеткізе білу
дағдыларын, әдебиетке қызығушылықтарын дамыту.
Ойынды командамен де немесе жеке-жеке оқушылармен де өткізуге,
сонымен қатар сұрақтарды слайд түрінде әзірлеп интерактивті тақтадан
көрсетуге болады.
Ойын бірнеше кезеңнен тұрады:
1-кезең. «Ы.Алтынсариннің өмірімен байланысты жерлер».
Үстелдерде 1-ден 6-ға дейінгі цифрлар жазылған текше карталар бар. 1-
кезеңнің сұрағына жауап бергенде дұрыс жауапқа сәйкес келетін цифрды
көрсету қажет.
1 – Қостанай облысы Қостанай ауданы
2 – Орынбор
3 – Торғай
4 – Петербург
5 – Қазан
6 – Ырғыз
7 – Троицк
8 – Ақтөбе
1-сұрақ. Ыбырай Алтынсариннің туған жері (Қостанай облысы Қостанай
ауданы).
Слайдта атасының Ыбырайға жолдаған өлең-хатының жолдарын ұсынуға
және мәнерлеп оқып беруге болады
Үміт еткен көзімнің нұры – балам,
218
Жаныңа жәрдем берсін Хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Надан боп білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің,
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен, не мұратқа жетер едің?!
2-сұрақ. Кішкентай Ыбырайдың орыс-қазақ мектебінде оқыған қала
(Орынбор).
3-сұрақ.
Ыбырай өзі сұранып, мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып,
келген жер (Торғай)
4-сұрақ. Орыстың ағартушылық жүйесін зерттеу мақсатында барған
қалалары (Петербург, Қазан).
5-сұрақ.
1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының қандай
уездерінде жаңа мектептер ашты (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе).
6-сұрақ. «Қазақ хрестоматиясын» басып шығарған қала (Орынбор).
2-кезең. «Логикалық тізбек».
Сурет және жазушы өмірінің фактілері арасындағы өзара байланысты
анықтау. Ұпай жұлдызын бірінші көтеріп жауап берген қатысушыға беріледі.
1-тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және шекара комиссиясы
төрағасына Жаңбыршы Балғожиннің немересі Ыбырайдың орыс-қазақ
мектебіне қабылдау туралы мәлімдемесінің суреттері.
Дұрыс жауап:
Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа
жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды
Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып
қояды. Мектеп 1850 жылы ашылады да, оған қабылданған отыз қазақ
баласының бірі – тоғыз жасар Ыбырай болады.
2-тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және ғимараттың суреті, 1850-
1857 жылдар жазуы.
Дұрыс жауап: Орынбор қаласында 1850-1857 жылдар аралығында
Ы.Алтынсарин оқыған мектеп.
3-тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және үйдің суреті, 1883-1889
жылдар жазуы
Дұрыс жауап:бұл үйде 1883-1889 жылдар аралығында Ы.Алтынсарин
тұрған. Үй Қостанай қаласында.
4-тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және отбасының суреттері.
Дұрыс жауап: Ы.Алтынсариннің отбасы. Әйелі – Айғаныс, балалары –
Абдолла, Әбдірахман, Шарипа.
5-тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және «Киргизская хрестоматия»
кітабының суреттері.
Дұрыс жауап:
Ыбырай Алтынсарин – «Қазақ хрестоматиясы» (1879) деп
аталатын ана тіліміздегі тұңғыш оқулықтың авторы.
6-тапсырма. Слайдта Ы.Алтынсариннің және кесененің суреттері.
219
Дұрыс жауап: Ы.Алтынсариннің кесенесі тарихи тұлғаларға қатысты
киелі орындар санатына енген. Кесене Тобыл өзенінің жағасында орналасқан
(Қостанай қаласында).
3-кезең. «Әдеби галерея».
Тапсырма: Ы.Алтынсариннің әңгімелеріне қатысты суреттерді қарап,
жазышының шығармаларынан үзінділер тыңдап, олардың атауларын еске
түсіру қажет.
Слайд. «Тазша бала» ертегісіне иллюстрация және ертегіден үзінді
(аудиожазба).
«Тазша бала» ертегісінен үзінді: «Ертеде бір шал мен кемпір болыпты.
Олардың үш баласы, бес ешкісі бар екен. Бір күні үлкен баласы басқа жерден
пайда кәсіп қылуға талап етіп, өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, етінен
кемпір мен шалға бір түйір де берместен, арқалап кетіпті. Келе жатса, бір
өнерші байдікіне келеді. Бұл байға өнер үйренуге ол жігіт жалданыпты. Өнерші
бай бек қатты жауыз адам екен. Ол жалданған жігітті бір сандыққа салып
қойып, аштан өлтіріпті. Үйінде қалған ортаншы баласы, бұ да өнер үйренбекке
талап етіп, о да ағасының кеткен жолымен кетіп, о да өнерші байға келіп
жалданыпты. Өнерші бай оны да ағасынша аштан өлтіріпті. Үшінші ұлы —
Тазша бала, о да ағаларындай өзіне тиген енші ешкісін сойып алып, жарты етін
әке-шешесіне беріп, олардан рұқсат алып, арқалап кетіпті».
(Слайдқа қажетті
суретті
http://bilim-all.kz/article/7166-Tazsha-bala
сайтынан қарауға болады).
Дереккөз:
http://bilim-all.kz/article/7166-Tazsha-bala
Слайд. «Әке мен бала» әңгімесіне иллюстрация және әңгімеден үзінді
(аудиожазба).
«Әке мен бала» әңгімесінен үзінді: «... Қаланың шетінде темірші ұсталар
бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш
тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш
тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен
өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер
өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да
тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып,
аузына салды» [60].
(Слайдқа қажетті суретті
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/41805/
сайтынан
қарауға болады).
Дереккөз:
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/41805/
Слайд. «Атымтай Жомарт» әңгімесіне иллюстрация және әңгімеден үзінді
(аудиожазба).
«Атымтай Жомарт» әңгімесінен үзінді: «Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi:
әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi;
сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз
салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар
бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер
әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға
нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған
220
дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген
дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм
тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi». (Слайдқа
қажетті суретті
https://www.zharar.com/kz/story/8645-altynsarin_atymtay.html
сайтынан
қарауға болады).
Дереккөз:
https://www.zharar.com/kz/story/8645-altynsarin_atymtay.html
4-кезең. Викторина.
1) Ы. Алтынсарин – өмір сүрген жылдар (1841-1889 ж. ж.).
2) Ы. Алтынсарин... (Ағартушы-педагог).
3) Ы. Алтынсаринді тәрбиелеген алды (Атасы Балғожа би).
4) Ы. Алтынсарин дүниеге келген өңір (Қостанай облысы Торғай жері).
5) Ыбырайдың жақсы меңгерген тілдері (орыс, араб, татар, парсы).
6) Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын
медальмен бітірген жылы (1857).
7) Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарған жылдары
(1857 ж.)
8) Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» жазылған алфавит
(кириллица).
9) Ы. Алтынсариннің негізгі еңбектерінің бірі (Қырғыздарды орыс тіліне
үйретуге негізгі басшылық).
10) 1879 жылы тағайындалған қызметі (Торғай облысының мектеп
инспекторы).
11) ХІХ ғ. І жартысындағы ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог
(Ыбырай Алтынсарин).
12) Ы. Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» жарық көрген жыл
(1879)
13) Балаларды оқуға шақырған өлеңі (Кел, балалар, оқылық!).
14) «Кел, балалар, оқылық!» өлеңіне ән шығарған (Жаяу Мұса).
15) «Қыпшақ – Сейітқұл» әңгімесінде уағыздаған кәсіп (Егіншілік).
16) Ы. Алтынсариннің қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ашқан
қала (Ырғыз).
221
Достарыңызбен бөлісу: |