Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет98/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

ҚОСЫМША 
1-қосымша 
• 
«Қазақ тарихындағы әйелдер»
Тұмар патшайым 
Көне жазбаларда Томирис деп көрсетілген сақ патшасы. Б.з.д VI ғасырда 
өмір сүрген. Тұмар патша әулетінен шыққан әйел: скиф халқының көсемі 
Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы Мадийдің (Мәди) шөбересі, 
массагеттердің патшасы Сыпырдың (Спаргапис) қызы немесе немере қызы. 
Бала кезінен бастап әскери өнерді меңгерген. 
Әкесі көз жұмған соң, таққа отырған Тұмар патшайымның ел билеуі ісі 
оңай бола қоймайды. Өйткені патшайымның билікке келу кезеңі парсы 
патшасы Кирдің бүкіл Азияны жаулауға аттанған жорығына дәл келді. Сақ 
қоныстанған аумаққа әскер алып келген Кирдің алғашқы жорығында Тұмар 
патшайымның жұбайы Рүстем мен ұлы Сыпыр қаза табады. 
Жарынан да, баласынан да айырылған ана жаралы інгендей қаһарға мініп, 
қанға өшіккен Кирдің басын қанға бөктіруге ант береді. Алғыр стратег, мықты 
тактик Тұмар патшайым кескілескен ұрыста парсы әскерінің күл-талқанын 
шығарып, Кирдің басын алады. Бұл оқиғаны грек тарихшысы Геродот «ең 
кескілескен және ұлы шайқас» деп суреттеген екен. Шайқасқа сақ әйелдері де 
қатысқан көрінеді. 
Ауыр әскермен келген Кирді жеңудің арқасында патшайымның есімі 
мәнгі тарихта қалды. 
Тұмар патшайымның ерлігі де сол –ұлы далада шашырап жүрген сақ 
тайпаларының басын біріктіріп, парсы әскеріне қарсы күш жұмылдыра білуінде 
еді.
Ақпарат дереккөз: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/ 
Зарина патшайым 
Тарихта қалған сақ әйелдерінің тағы бірі – Зарина патшайым. Тұмардан 
кейін өмір сүрген әйел. Кейбір деректерде есімі Сара деп көрсетілген. Б.з.б. IV 
ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басында ел билеген. Зарина да патша әулетінен 
шыққан. Алайда қай әулеттен шыққаны белгісіз. Қай сақ тайпасының билеушісі 
екені нақты емес. Бірақ қазіргі Сығанақ қаласы маңында орналасқан көне 
қалалардың бірінде билеуші болған. 
Заринаның ел билеген кезінде сақ мемлекеті Ассирия, парсы елдерімен 
жылы қарым-қатынаста болған. Сол кезде сақ даласына көз тігіп отырған парсы 
патшаларын тізе бүктірген. Ал Мидия елінің ханзадасы Стриангиямен достық 
қатынас орнатқан. Бұл оқиға жайлы Тұрсын Жұртбайдың «Дулыға» атты 
еңбегінде былай делінген. 
Зарина аң аулап жүріп, жаудың қоршауына түсіп қалады. Қоршауды 
бұзып шығып қашқанымен, санға тиген оқ ұзаққа шыдатпайды. Жау деп 
отырғанымыз парсы ханзадасы Стриангия бастаған жасақ болатын. Жалғызға 
жабылу – дәстүрде жоқ. Салт аттының соңынан әскерін тоқтатып, жалғыз өзі 
қуған Стриангия Заринаны қуып жетіп, шайқаса бастайды. Бірақ әйелдің 
басынан дулығасы сыпырылып түсіп, қызбен шайқасып жатқанынан ұялған 


225 
парсы ханзадасы кешіріп сұрайды. Қыздың батылдығына риза болған ханзада 
оған сөз салады. Бірақ тұрмыс құрған әйел екенін айтқан Зарина ұсыныстан бас 
тартады. 
Алайда Заринаны тағы бір рет көру үшін сақ даласына аяқ басқан 
Странгия Мәрмәрдің (Заринаның жұбайы) тұтқынына түсіп қалады. 
Қарсыласуға қауқары бола тұра Странгия қарсылық танытпайды. Өзі келіп 
беріледі. Әрине, бұған Зарина қатты қапаланады. Ақыры күйеуінен ханзаданы 
босатуын өтінеді. Оған көнбей күйеуі Странгияны өлтіруге ұмтылады. Амалсыз 
Зарина екі жақты тоқтату үшін оққағарларын жұмсайды. Осы айқаста Мәрмәр 
ауыр жарақат алып, қаза табады. Мидиялық ханзада бостандық алады. Бұған 
қатты толқыған Странгия «екеуіміз де еліміздің амандығы үшін үлкен 
құрбандыққа бардық. Адал сезіміздің белгісі ретінде патшалығымызды 
біріктірейік. Қосылайық!» деп ұсыныс тастайды. «Алайда ақылға жеңдірген 
Зарина «Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ әйелің бола алмаймын. Екеуміз 
қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Есесіне елім де саған 
бағынышты болады. Мен бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен 
айырылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе 
жоқ» деп өз байламын айтады. Ханзада да мұңға батып, өз еліне қайтады. 
Есесіне екі ел ұзақ уақыт бойы тыныштықта өмір сүреді. Осылайша, Зарина 
патшайым өзінің бақытын елінің бақыты үшін құрбандыққа шала біледі» дейді 
Т.Жұртбай.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет