Білім алушыларды тәрбиелеуде қҰндылықҚа бағытталған тәсілді жүзеге асыру бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет99/250
Дата14.09.2023
өлшемі5.22 Mb.
#477514
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   250
құндылыққа негізделген 1 бөлім

Жаған бегім 
Қазақ хандығының негізін құрғандардың бірі Жәнібек ханның жары. 
Жәнібек пен Керейден кейін хан болған Қасымның анасы. Өкінішке орай
Жаған бегім жайлы тарихи деректер жоқтың қасы. Тек Жаған бикемнің Шайбан 
ұрпағы Махмұд сұлтанның анасы Ақкөзі бегім апалы-сіңлілі болғандығы ғана 
айтылады. Яғни, Жаған бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед 
Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның нағашы әпкесі болып шығады. 
Ол кісі жайлы деректер аз болғандықтан, ел билеу ісіне қалай 
араласқанын да айту қиын. Бірақ білдей бір хандықтың негізін қалаған 
қағанның жары болу оңай іс емес екені белгілі. Ал одан да қиыны сол 
хандықты ұстап қалар ұрпақты тәрбиелеу болатын. 
Жаған бегім – Қазақ хандығын он-ақ жыл билеп, Азия мен Еуропаға 
атағын шығарған Қасым ханның анасы. Қасым ханның қасқа жолын салған, 
әскерін 1 миллионға дейін жеткізген, қазақ хандығының шекарасын бекітіп, 
оны нығайтумен айналысқан адамның парасатты ананың құрсағынан 
шыққанын айтпаса-ақ та түсінікті. 
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/
Бопай ханым 
Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың әйелі, ел анасы. Шын есімі – Бәтима. 
Бопай сұлу Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның жары мен құты болды. Бопай 
Әбiлқайыр ханның екінші әйелі бола тұра, өзінің табиғатынан ерекше 


226 
салиқалы, байсалды қасиеттерінің арқасында аса жоғары «сұлтанша» 
лауызымына ие болған. 
Әбілқайыр сұлтанның Бопай сұлуға үйленгені үлкен бақыт болды. Төре 
ұрпағына келген Бопай құтты келін атанды. 1711 жылы Нұралы атты перзент 
сыйлады. Нұралының Әбілқайырдан кейін кіші жүздің ханы болғанын бәріміз 
білеміз. 
Бопай Әбілқайырдың ел басқару ісінде кеңесшісі, арқа сүйер тірегі 
болған. Батыр атанған Әбілқайырдың қилы мінездеріне тоқтау айтып
сабырлылыққа шақырып, сабасына түсiрiп, қиын мәселелердi бабымен шешуге 
көмектескен. «Бопай сұлу өзінің ақылымен құрметке ие болған, сондықтан да 
кей кездері орданы басқару ісіне үлкен әсер еткен. Әдетте әйелді барлық 
қоғамдық 
жұмысқа 
араластырмайтын 
қарым-қатынастың 
болғанына 
қарамастан, Бопай сұлудың өзінің жеке мөрі болған» – деп Қазақстан тарихы 
бойынша ірі маман А. И. Левшин жазып өткен. 
Сондықтан ел iшiнде қадірі артқан Бопай анаға халқы мәртебелі, 
парасатты «Бара бәйбiше» атағын сыйлаған. 
Ақпарат дереккөзі: 
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/tazym/61073/
 
2-қосымша 
Білім алушыларға арналған жадынама 
Өзіндік білім алу жұмыстарының негізгі түрі жүйелі оқу болып табылады. 
Оқу барысында мыналарды есте сақтау керек: 
1. Дұрысы аздап оқысаң да, дұрыстап оқы. Кітапқа «беріліп оқу» - ең 
нәтижелі жұмыс. 
2. Кітап таңдау үлкен маңызға ие. Егер кез-келген мәселе бойынша 
оқығыңыз келсе, ең алдымен білетін адамдармен кеңесу керек немесе осы 
мәселе бойынша ұсынылатын кітаптар тізімдерін жинақтау қажет. Ең жақсы, ең 
қажетті кітаптарды таңдап алыңыз және ал оларды әліне қарай оқуды бастау 
керек. Өз қалауымен оқылған кітаптарды дәптерге тізіп жазып отырған дұрыс. 
3. Оқи отырып кідіріс жасаңыз, оқығанын бойынша өзіңізге есеп беріңіз. 
Таныс емес сөздердің мәнін түсіндірме сөздіктен оқып алу, мағынасын және 
қай кезде қолдануға болатынын біліп алып, сөйлемге мысал келтіріп, жеке 
дәптеріңізге жазып қойыңыз. Кідірістеуге мәжбүр болатын әрі түсінуге қиын 
тұстарды жаймен және бірнеше рет қайталап оқып шығыңыз. Оқи отырып, 
ненің шын, ал ненің ойдан шығарылғанын аңғару. Содан кейін түсініксіз жерді, 
оның ішінде нақты ненің түсініксіз екенін жазып алу. Түсінбеген жерді 
жауапсыз қалдыруға болмайды: оны біреуден сұраңыз, немесе қандай да бір 
кітаптан жауабын табу керек. 
4. Әрбір тарауды оқығаннан кейін, жадыда қалған мазмұнын дәптеріңізге 
жазып алыңыз. Оқырман мұндай жазуға дағдыланбаса, алдымен газет 
мақалаларының мазмұнын жазуға тырыссын. 
5. Егер оқылған кітапта қандай да бір ой таңғалдырса немесе ұнайтын 
болса, оны жазу кітапшасына жазуы керек. Жады бойынша жазу өте жақсы, 
оны мәтінмен салыстырыңыз, содан кейін нақты мәтінді жады бойынша тағы 


227 
бір рет жазыңыз. Ол басқа адамдардың ойларын дәл жеткізе білу дағдысын 
дамытады және бұл дағды өте маңызды. 
6. Сондай-ақ, дәптеріңізге есте сақтау қажет барлық нәрселерді жазыңыз: 
оқиғалардың жылдары, атаулары, сандары.Тек қана сандарды жазу ғана емес
сонымен қатар мәселені жақсы бейнелейтін оларға сәйкес диаграмма жасау да 
көбіне пайдалы болады. 
7. Кітапты оқығаннан кейін сіз жаңа кітаптың не бергенін білуіңіз керек - 
олай болмаса, сол тақырып туралы тағы не білуіңіз керек, оқырман автормен 
неге келіседі немесе неге келіспейтіні білуіңіз керек 
 
3-қосымша 
Оқырман күнделіктерін қалай жүргізуге және жасауға болатыны туралы 
нақты талаптар жоқ, мұғалімнің немесе белгілі бір баланың сипаттамаларын 
ескере отырып, мұғалім шешеді. Бастауыш мектепте оқырман күнделіктерінде 
ең төмен талап пайдаланылады, орта мектепте мұғалім оқылған әрбір 
кітабының нақты сипаттамасын талап етуі мүмкін. 
Оқырмандардың күнделіктері және оны қалай толтыру керек? 
Шығарма автордың аты-жөні 
• Шығарманың атауы 
• Беттер саны 
• Шығарма жанры (поэма, роман, әңгіме және т.б) 
• Шығарма қай жылы жазылған? Тарихта бұл жыл несімен белгілі? Елде 
қандай жағдай болды, автор қайда тұрды? 
• Негізгі кейіпкерлер. Олардың атауларын жай ғана көрсетуіңізге болады, 
бірақ сіз қысқаша сипаттаманы бере аласыз: жасын, басқа кейіпкерлермен 
(ағасы, әкесі, досы және т.б), сыртқы келбетімен, сүйікті іс-әрекеттерімен, 
әдеттерімен байланыстар, автордың кейіпкерге сипаттама берілген бет 
нөмірлерін мысал келтіре аласыз. Сіз кейіпкер сияқты болғыңыз келе ме? 
Неліктен? 
• Сюжет не жайлы, яғни кітап не жайлы сипатталған. 
• Кітап туралы пікірлер. 
• Бет нөмірі көрсетілген кітаптағы негізгі эпизодтардың тізімі. 
• Шығарманың желісі немесе белгілі бір қай жылдар мен кезеңдерді 
сипаттайды. Сол жылдары билікте кім болды? Оқиға желі қандай елде немесе 
қандай қалада өтті? 
Қазір көптеген балалар электронды түрде кітап оқып, беттердің саны 
форматқа байланысты, сондықтан осы кітабындағы парақтар саны туралы 
бағана болмауы мүмкін. 
Жоғары сынып оқушылары сондай-ақ қосымша ақпараттар бере алады: 
• Шығармаға немесе авторға сыни әдебиеттер тізімін беруге. 
• Ұнайтын сөз тіркестер мен үзінділердің жазбасын. 
• Жазушының қысқаша өмірбаяны. 


228 
Оқушы 
ақпаратты 
күнделікке 
түсіріп, 
кроссворд, 
сканворд, 
тапсырмаларды жасай алады, кітап авторына немесе кейіпкерлеріне хат жаза 
алады және т.б. 
Оқушыға күнделік жүргізуіне көмектесу керек пе? 
Ия, әсіресе бастауыш сыныптарда бұл оған тым қиын болуы мүмкін. 
Оның үстіне, сіз кітапты, кейіпкерлерді, оқиғаларды оқып, талқылап, оқу 
барысында күнделікті толтыра аласыз. 
Оқырман күнделіктерін тексеру қажет. Балаға оның жұмысын 
мақұлдағаныңыз маңызды. Бірақ сабақтан тыс оқумен және оқырман 
күнделіктерімен жүйелі түрде жұмыс істеу жақсы [39]. 
 
4-қосымша 
Оқырман күнделіктерінде кітапқа пікір жазу 
Біріншіден, сіз қандай шолуды және оның не үшін жазылғанын 
анықтауыңыз керек. 
Пікір – шығарманы оқу барысында туындаған жеке ойлар мен сезімдер 
беріледі. Пікірдің мақсаты - кітапты басқа оқырмандарға ұсыну. Пікірді 
оқығаннан кейін, балалар қандай қызықты кітаптарды оқып шығу керектігін 
ойлау керек. 
Оқыған кітап бойынша пікір – бұл еркін шығарма. Аталған жерде жалпы 
сызба орынсыз болып табылады. Осы ретте мектепте кездесетін пікір 
мазмұнына бірізді ұсыныстар беруге болады. 
Ұсыныстар: 
Біріншіден, оқу кітаптан сізді қандай сезім тудырғанын сізге не ұнады, не 
қайғыға салғанын, не ұнатпайтыны туралы міндетті түрде айтып берсеңіз. 
Екіншіден, «өзіне тартқан» бірнеше сәттерді белгілеңіз: ол батырға, оның 
әрекеттеріне немесе автордың сипаттаған ойы. Сонымен, тағы да - түсіндіріңіз, 
неге бұл сізді «өзіне тартты». 
Үшіншіден, сіз оқыған оқиғада ең құнды нәрсені айтып беріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   250




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет