8-дәріс
Тақырыбы:Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық және мазмұндық-әдістемелік желілері
Математиканың пәнішілік байланысы – оқытуға арналған уақыт арқылы бөлінген математикалық ұғымдардың өзара байланысы мен өзара сәйкестігі. Пәнішілік байланысты ескеру оқытудың белгілі бір кезеңінде өзара байланысты ұғымдарды мақсатқа бағыттай отырып, оқытуды білдіреді.
Пәнішілік байланыс мынадай екі негізгі бағыттарды жүзеге асырумен сипатталады: бірінші бағыт – бұл бастапқы ұғымдардан соңғыға бағытталған (осы бағытты сабақтастық бағыты деуге болады); екінші бағыт – бұл соңғы ұғымнан бастапқыға қарайғы бағыт, мұнда бастапқылардың көмегімен соңғы ұғым жүзеге асырылады; соңғы ұғымдар, идеялар, әдістер батапқы ұғымдар, идеялар мен әдістерге белсенді түрде әсер етеді (ыңғайлы болу үшін оны бір рекурстық деп атайық). Пәнішілік байланыс – аталмыш ғылым дамуының басты жүйелері мен идеялары арасындағы өзара байланыспен толыққан сабақтастық және рекурстық бағыттардың бірлігі.
Оқу курсындағы пәнішілік байланытың рөлі өте жоғары, ол оқытудың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттеріне жетуге тікелей әсер етеді. Оның үстіне пәнішілік байланыс оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырады, өмірді даму мен қозғалыста көруге көмектеседі, ұғымдар арасында логикалық байланыстарды тағайындауға себепші болады, бұл өз кезегінде оқушылардың логикалық ойын дамытады, оқушылар біліміндегі олқылықтарды болдырмау және алдын-алу құралына айналады, оқушылардың үнемі дамымалы, сапалы білім жүйесін игеруге мүмкіндік береді, оқу уақытының артық жұмсалмауына септігін тигізеді, оқушылардың артық жүктеме орындауына мүмкіндік бермейді.
Математиканы оқыту әдістемесі материалдары барысында пәнішіндік байланыс негізінде оқытудың мазмұнын интеграциялау жүзеге асырылады. Курстың мазмұндық желілері: «Теріс емес бүтін сандар арифметикасы», «Шамалар және өлшеу үдерісі», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері». Курстың мазмұндық-әдістемелік желілері: «Қарапайым түсініктер», «Сандар нумерациясы», «Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері», «Есептеу тәсілдері», «Есеп және оны шешу кезеңдері», «Алгебра элементтері», «Геометрия элементтері» болап табылады. Курстың әр мазмұндық желілері арасында пәнішілк байланыс жүзеге асырылады. Әр тақырып жеке-жеке қарастырылғанымен, бағдарлама мен оқулықта мазмұндық желі материалдары өзара байланыста, бірін-бірі аша отырып қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |