Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


-дәріс Тақырыбы: Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері



бет16/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50
математика 1 к

9-дәріс

Тақырыбы: Математиканың мазмұндық-әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері

Математикадан оқу барысын жоспарлау оқу жоспары, оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар және оқулықтарда көрсетілген математикадан бағдарламалық материалдардың мазмұнымен анықталады.

Оқу жоспары негізінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасалады, онымен толық сәйкестікте белгілі бір тақырып бойынша математиканың әр сабағының жоспары дайындалады.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы төмендегідей болуы мүмкін:



  1. Сабақтың тақырыбы мен типіне, сондай-ақ сол сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай сабақтың мақсаты мен міндеттері анықталады:

    • білімділік міндеттері: жаңа білімді меңгеру, білік және дағды қалыптастыру, бастауыш математика курсының материалдарын игеруге арналған өткенді қайталау, жүйелеу, жетілдіру, тереңдету, кеңейту және тиянақтау.

    • дамытушылық міндеттері: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, есін, логикалық ойын; өзіндік, шығармашылық белсенділігін дамыту; бақылау, салыстыру, ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсете алу, талдау, жинақтау, жалпылау, абстрактілеу сияқты ой операцияларын орындай алу біліктерін дамыту; ауызша санау дағдыларын дамыту; дұрыс, нақты, логикалық математикалық тілді дамыту.

    • тәрбиелік міндеттері: оқытудың өмірмен, ғылымның практикамен байланысын нығайтуға мүмкіндік туғызатын ғылыми диалектикалық көзқарасты тәрбиелеу; математиканы оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру, пәнге сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Отанына – Қазақстан Республикасына, туған жерге, туған өлкеге сүйіспеншілікке; біздің республикамызда тұратын халықтарды құрметтеу және сүюге тәрбиелеу; халқымыздың салтын, дәстүрін және мәдениетін құрметтеу; дәптермен жұмыс, практикалық жұмысты орындау кезінде ұқыптылыққа тәрбиелеу; әдемілікті (әдемі көрнекілік, мұғалімнің сырт көрінісі) көре және сезіне білу; жолдастық өзара көмек, жәрдемдесу, қиындыққа ортақтасу сезімі (топтық, пармен жұмыс, жарыс); еңбек етуге, еңбексүйгіштікке, тәртіптілікке, еңбекті дәл ұйымдастыруға баулу; дербестікке, ұқыптылыққа, ден қоюшылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу, істі аяғына дейін жеткізе білуге үйрету және т.б.

    • практикалық мақсаттары: алынған теориялық білімді практикада, математика тақырыптары бойынша білімді келесі сыныптарда және басқа пәндерді оқуда қолдана алу; оқулықты, оқу құралдарын, кестелерді, өлшеу және сызба құралдары мен аспаптарын қолдана алуға үйрету; оқу және қосымша әдебиеттерден өз бетінше білім алу біліктеріне дағдыландыру.

  1. Сабақтың құрылымын анықтау: әр кезеңге бөлінетін уақыт пен сабақтың барлық кезеңдері:

  1. Алдыңғы және кейінгі сабақтар арасындағы байланысты ескере отырып, әр кезеңдегі жұмыс мазмұнын іріктеу. Мұндайда мұғалім:

  2. Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен жұмыс формасын ойластыру. Ұйымдастырудың негізгі формаларына сынып жұмысы, сыныптан тыс жұмыс, үй жұмысы жатады. Ұйымдастырудың қосымша формаларына ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс, топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке-дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық жұмыс, бақылау жұмысы жатады.

  3. Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.

  4. Сабақтың әрбір кезеңдеріндегі жұмыстың әдістемесін анықтау.

  5. Сабақтың көрнекілігін дайындау:

  6. Жұмысты қорытындылау:

  7. Сабақтың нәтижесін хабарлау:

  8. Үй тапсырмасын ойластыру:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет