Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


-дәріс Тақырыбы: «Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы



бет17/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
математика 1 к

10-дәріс

Тақырыбы: «Қарапайым түсініктер» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы

Дайындық кезеңінің ұғымдары «Қарапайым түсініктер» деп аталатын тақырыппен бірінші сыныпта оқытылып үйретіледі. Дайындық кезеңiне 16 сағат уақыт бөлiнген.

Дайындық кезеңiнiң негiзгi ұғымдары: нәрселердi санау; нәрселердi және олардың топтарын салыстыру; есептiк натурал сан, есептiк және реттiк сандардың өзара байланысы; кеңістiк және уақыт жайлы қарапайым түсiнiктер; геометриялық фигуралар жайлы түсiнiктер; біріктіру және бөліп алу; фигуралар құрастыру және оларды бөліктерге бөлу.

Дайындық кезеңі материалдарын шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:

- заттарды санау, кесіндінің ұзындығын өлшеу, біріктіру және бөліп алу сияқты мәселелермен байланысатын практикалық жұмыстар жүргізу сан ұғымын енгізуге дайындық, өйткені сан үш түрлі жағдайда шығады, әғни санды шығаырп алудың үш көзі бар: санау, кесіндінің ұзындығын өлшеу, арифметикалық амалдардың нәтижесі ретінде. Бұл мәселе «Қарапайым түсініктер» тақырыбының «Заттарды санау», «Кесінді оның ұзындығын өлшеу», «Біріктіру және бөліп алу» сияқты тақырыпшаларында қарастырылады.

- заттардың әр түрлі белгілеріне қарай яғни түсіне, өлшеміне, пішініне қарай салыстыру мен байланысты жұмыстар әр түрлі объектілердің мәнді белгілерін анықтауда, соның негізінде объектілерді жіктемелеуде (классификациялауда) негізге алынған іс-әрекет. Бұл мәселе «Бірдей, әртүрлі», «Артық, кем, сонша», «Заттарды салыстыру» тақырыптарында қарастырылады.



  • заттардың екі тобын салыстыруға үйрету ілгеріде амал қатынастары мен таныстыруда негізге алынады. Мұнда заттардың топтастырып, салыстырып, «Артық», «Кем», «Тең», «Сонша» ұғымдарының мән мағынасы ашылып, көрнекілік арқылы қорытынды жасау жүзеге асырылады.

  • уақыт және кеңістік аралығы жайлы қарыпайым түсініктер «бұрын», «кейін», «әуелі», «содан соң», «ең алдымен», «оң жақта», «сол жақта», «жанында», «төменде» т.б. сөздердің мән-мағынасын ашу арқылы беріледі.

  • «Біріктіру және бөліп алу» сияқты тақырыптар бұрынғы оқулықтарда қарастырылмаған, қарастырылса да айқын түрде емес. Заттардың тобын біріктіру және заттардың тобынан бір бөлігін бөліп әкету сияқты нақты практикалық іс-әрекеттер ілгеріде қосу және азайту амалдарының мән-мағынасын ашуда қолданылатын негізгі түсініктер, сондай-ақ осы мәселемен және заттардың топтарын салыстырумен байланысты іс-әрекеттер ілгеріде, яғни келесі тақырыптарда есеп оны шешу процесін енгізуге қажетті дайындық болып табылады. Бұл жөніндегі мәселе оқулықтың 11-бетінде суреттерді қолданып, біріктіру және бөліп әкету операцияларын орындауда айтылады.

  • заттарды санаумен бірге, санаудың рет тәртібімен оқушыларды таныстыру, санның екі түрлі сипаттамалық белгісін (реттік және есептік) және мөлшерлік сипаттамасын аңғаруға көмегін тигізеді соның тәтижесінде заттарды санауға бір жағдайда «қанша?», «неше?», «нешеу?» сұрақтарына, ал екінші жағдайда «нешінші?» сұрағына жауап беретінін анықтайды. Оқушыларға заттарды саната отырып, олардың орналасу ретіне қарай және қай заттан бастап саналуына, яғни санау бағытына орай бір заттың нешінші екенін анықтаттыру керек. Мысалы:





  • Барлығы нешеу? Оңнан бастап сана, солдан бастап сана.

  • Оңнан бастағанда шар нешінші орында, ал солдан бастағанда ше?

  • Сол жақтан бастасаң, төрбұрыш нешінші орында тұр, оң жақтан бастап санасақ ше?

Сонда нәтижесінде оқушыларға заттардың реті олардың қай жағынан бастап саналуына байланысты екенін түсіндіру қажет.

  • қарапайым геометриялық фигуралармен таныстыру (нүкте, түзу сызық, сәуле, бұрыш, кесінді) оларды бір-бірінен ажырату да бұл кезеңнің негізгі міндеті болып табылады.

  • Геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, кесінді) атаулары ешқандай анықтамасыз енгізіледі, яғни оларды балаларға көрсете отырып, атаулары бірден хабарланады, геометриялық фигуралар остенсивті (көрсету арқылы) түрде енгізіледі. Математиканың алғашқы сабақтарында-ақ, атап айтсақ, екінші сабағында («Бірдей. Әртүрлі» тақырыбын өтуде) енгізіледі. Ол үшін мұғалім дөңгелекті көрсетіп, “Бұл- дөңгелек”, - дейді де, оны дөңгелетіп көрсетеді, “Ол дөңгелейді”,-дейді. Үшбұрышты көрсетіп, “Бұл- үшбұрыш” дөңгелетіп көреді. “Ол дөңгелемейді, өйткені оның бұрыштары кедергі жасайды” – делінеді.

  • Фигураларды бөліктерден құрастыру және оларды бірнеше бөлікке бөлу келешекте арифметикалық амалдарды, сондай-ақ, геометриялық шамалар – «периметр», «аудан» ұғымдарын және «үлес» ұғымын енгізуге дайындық блып табылады. Бұл мәселе оқулықтың 16-шы бетіндегі кесінділерден, шаршылардан, үшбұрыштардан басқа фигуралар құрастыру және дөңгелек, үшбұрыш, тік төртбұрыштарды бөліктерге бөлу мен байланысты құрастырылады.

Жалпы бастауыш мектептің математика курсы “жиын”, “сан”, “шама”, “қатынас” сияқты төрт математикалық ұғымның қандай деңгейде (айқын немесе немесе айқын емес), қандай ретпен қарастырылуына байланысты құрылады. Мысалы: әртүрлі байқау оқулықтарының бірінде “жиын ”, “жиын элементі”, “жиындарды біріктіру” т.б. айқын түрде қарасырылады. Кейбіреулерінде ұзақ уақыт әр түрлі шамалар (ұзындық, сыйымдылық, аудан, көлем) және оларды салыстыру қарастырылып, сан және цифр кейінірек енгізіледі. Басқа оқулықтарда “сан” тек қана заттарды санау нәтижесі ретінде қарастырылады.

Ал Қазақстан бастауыш мектептерінде қолданылған оқулықтарда “сан” ұғымын енгізу санауға үйрету, кесіндінің ұзындығын өлшеуге үйрету, заттардың екі тобын біріктіру (қосу амалын орындау нәтижесінде) немесе заттың тобынан қандай да бір белгісіне қарай бірнеше затты бөліп әкету (азайту амалын орындаудың нәтижесінде) қарастырылатындықтан, дайындық кезінде осы үш бағыттағы жұмысқа ерекше мән беріледі. Сондықтан 10-ға дейін тура не кері санауға үйрету, сантиметрдің моделінің көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеуге үйрету, заттарды біріктіру және бөліп алу сияқты нақты практикалық іс-әрекет орындауға балаларды үйрету, фигураларды бояу, оларды бір-бірінен сызықтар арқылы қосу және цифрлардың элементтерін жазғыза отырып, балалардың саусақтарын жазуға бейімдеу, геометриялық фигураларды бір-бірімен ажыратуға үйрету және бірінші тақырып материалдарын оқытып үйретудің қорытынды нәтижесі болып табылады. Оларды игере алмаған оқушы келесі, ілгеріде өтілетін материалдарды қабылдай алмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет