Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


- дәріс Тақырыбы:Оқу пәні ретіндегі математиканың нормативтік-құқықтық сипаттамасы



бет5/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
математика 1 к

2- дәріс

Тақырыбы:Оқу пәні ретіндегі математиканың нормативтік-құқықтық сипаттамасы

Математикалық бастауыш білім мазмұнын, оның құрамы мен құрылымын анықтау барысында педагогика ғылымы мен озық тәжірибедегі ұғымды идеялар мен үрдістер, тұжырымдамалар мен принциптер басшылыққа алынды. Ұсынылып отырған білім мазмұны:

- кіші жастағы оқушыларды оқыту,тәрбиелеу және дамыту тұрғысынан қойылатын талаптарға сәйкес;

- дүние жүзіндегі дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес;

- кіші жастағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өресіне сай;

- қоршаған ортаның, әдет-ғұрыптардың, салт-дәстүрлердің, ана тілінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді және халықтық педагогикалық элементтерін пайдалануға мүмкіндік береді;

- теориялық және практикалық мәселелердің үйлесімді ара қатынасын жүзеге асыру арқылы математикалық заңдылықтар, ережелер мен қорытындылардың өмір қажеттігі және мұқтаждығынан туындайтын көрсетіп беруге мүмкіндік туғызады.

Бастауыш сыныптардағы математиканың білім мазмұнын негізгі жеті мәселе қамтиды, мұндағы білімнің негізгі өзегі - сандардың арифметикасы, ал соның төңірегіне шамалар және олардың бірліктері, есептерді шығаруды оқытып-үйрету алгебра мен геометрия элементтері сияқты мәселелер топтастырылған.

Бастауыш сыныптағы математиканы оқытып-үйрету «Қарапайым түсініктер» деп аталатын тақырыптағы берілген дайындық кезеңі материалдарын қарастырудан басталады. Тақырыпты оқытып-үйретудің негізгі мақсаты - мектепке дейінгі баланың күнделікті іс-әрекетінде кездескен қарапайым математикалық түсініктерді жинақтап, белгілі бір деңгейде қорытындылап, келесі тақырыпта қарастырылатын математикалық объектілерді оқытып-үйретуге қажетті дайындықты жүзеге асыру. Мұнда «таза математикалық» ұғымдар қарастырылмайды, тек сол ұғымдармен байланысты қарапайым ғана түсініктер қалыптастырылады. Дайындық кезеңі ұғымдары математиканың білім мазмұнын құрайтын негізгі жеті мәселеге, атап айтсақ, нумерациялық материалдар, арифметикалық амалдар және олардың кейбір қасиеттері, есептеу тәсілдері, шамалар және оларды өлшеу, есеп және оны шешу процесі, алгебралық және геометриялық материалдарға дайындау мақсатын көздейді. Оны былай схема түрінде көрсетуге болады:

Жалпы оқытудың төрт түрлі міндеттері бар, олар - оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық міндеттері. Ал бұл міндеттер сабақ – оқу – тәрбие барысын ұйымдастырудың негізгі формасы болғандықтан, негізінен, сабақ барысында жүзеге асады. Сондықтан да сабақтың да төрт түрлі міндеттері бар. Олар:



  • білімділік – бағдарламаға сәйкес білім, білік және дағдылардың белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;

  • тәрбиелік – шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасын, жоғары ізгі игіліктер мен сапалар, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді тәрбиелеу;

  • дамытушылық – логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;

  • практикалық – меңгерген білімдерін нақтылы жағдайларда, практикалық есептерді шешуде қолдана білумен байланысты білік қалыптастыру.

Аталған міндеттер бастауыш мектептің кез-келген сабағында міндетті түрде шешілуі тиіс. Кейбір педагогтар сабақтың білімділік және практикалық міндеттерін жеке-жеке бөліп көрсетпей, практикалық міндетін білімдік міндеттің аясында қарастырады.

Жалпы әр сабақтың білімділік, практикалық міндеттерін айқындау мұғалім қауымына аса көп қиындық тудырмайды. Бірақ, сабақтың тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін айқындау өте қиын мәселелердің бірі. Себебі, бір сабақтың, яғни 45 минуттың барысында баланың нені үйренетінін байқауға болады. Ал оның неге тәрбиеленгенін немесе психологиялық жағдайларының дамыған не дамымағанын анықтау мүмкін емес. Бұл – тек ұзаққа созылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде ғана жүзеге асатын нәрсе. Сабақтың тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін мұғалім оқу мазмұны мен оқушылардың танымдық ерекшеліктеріне, қолда бар оқу құралдарына қарап, сонымен бірге, өзі пайдаланған оқыту әдістерінің сипатына қарай анықтайды.

Жалпы алғанда, бастауыш сыныптардың математикасы негізгі мектеп математика курсының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыдан бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері айқындалған. Мақсаттары:


  • бағдарлама межесіне сай мөлшер мен деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру;

  • математика курсының мазмұны арқылы танымдық пен коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу, сондай-ақ ата-дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, халықтық және ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру;

  • оқушының ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту түсу;

  • негізгі мектепте оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру.

Осы мақсаттардан математиканы оқытудың төмендегідей міндеттері туындайды:

  • баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізу;

  • математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету;

  • оқушының өмір тіршілігіне және мектептің келесі туынында оқып жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған әлеуметтік сұранысқа орай анықталған осы мақсаттар мен міндеттер жаңа математиканың білім мазмұнын жасаудың және онымен үйлесімді оқытудың әдіс-тәсілдерін, құрал-жабдықтарын және ұйымдастыру түрлерін анықтаудың қажеттігін көрсетеді.

Мектептің бастауыш курсындағы базалық білім мазмұнының негізгі өзегі – теріс емес бүтін сандар арифметикасы, ал соның төңірегіне, оның мән- мағынасын ашу мақсатында шамалар және олардың бірліктері, есептерді шығаруды оқытып-үйрету, алгебраның және геометрияның элементтері топтастырылады.

Осы математиканың бастауыш білім мазмұны біртекті емес және екі әр түрлі - міндетті және мүмкіндік деңгейлерін қамтиды.

Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берілетін игерілуі тиіс материалдар жатады. Олар: теріс емес бүтін сандардың ауызша және жазбаша нумерациясы, өте маңызды шамалар және олардың өлшем бірліктері, жай есептердің негізгі түрлері және оларды шешу т.б. Осы деңгейдің материалын әр оқушы қанағаттанарлықтан төмен емес деңгейде игеруі тиіс. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін білімді көрсетілген үлгігіе қарай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларға қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді.

Ал мүмкін деңгейлеріне мазмұны тұрғысынан алғанда негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталатын, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық іс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұны бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді; математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып-үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ, балалардың дамуына әсерін тигізедіжәне негізгі материалды терең меңгеріп алуға көмектеседі. Олар: теңдеулер және оларды шешудіңәдістері, геометриялық фигураны нүктелердіңжалпы түрінде көрсетіп беру, кесінділердің қосындысы мен айырмасын геометриялықәдіс арқылы анықтау, берілген параметрлері бойынша геометриялық фигураларды салу,есептерді теңдеулердің көмегімен шешу, қызықты және логикалық жаттығулар және т.б.

«Қарапайым түсініктер» тақырыбын оқытып-үйретуге 16 сағат уақыт бөлінген, яғни 1 ай, демек, қыркүйек айында бірінші сыныпта тек қана математиканы оқып-үйренуге балаларды дайындау жүзеге асырылады.

Жалпы бастауыш мектептің математика курсы «жиын», «сан», «шама», «қатынас» сияқты төрт математикалық ұғымның қандай деңгейде (айқын немесе немесе айқын емес), қандай ретпен қарастырылуына байланысты құрылады. Мысалы: әртүрлі байқау оқулықтарының бірінде «жиын», «жиын элементі», «жиындарды біріктіру» т.б. айқын түрде қарасырылады. Кейбіреулерінде ұзақ уақыт әр түрлі шамалар (ұзындық, сыйымдылық, аудан, көлем) және оларды салыстыру қарастырылып, сан және цифр кейінірек енгізіледі. Басқа оқулықтарда «сан» тек қана заттарды санау нәтижесі ретінде қарастырылады.

Ал Қазақстан бастауыш мектептерінде қолданылған оқулықтарда «сан» ұғымын енгізу санауға үйрету, кесіндінің ұзындығын өлшеуге үйрету, заттардың екі тобын біріктіру (қосу амалын орындау нәтижесінде) немесе заттың тобынан қандай да бір белгісіне қарай бірнеше затты бөліп әкету (азайту амалын орындаудың нәтижесінде) қарастырылатындықтан, дайындық кезінде осы үш бағыттағы жұмысқа ерекше мән беріледі. Сондықтан 10-ға дейін тура не кері санауға үйрету, сантиметрдің моделінің көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеуге үйрету, заттарды біріктіру және бөліп алу сияқты нақты практикалық іс-әрекет орындауға балаларды үйрету, фигураларды бояу, оларды бір-бірінен сызықтар арқылы қосу және цифрлардың элементтерін жазғыза отырып, балалардың саусақтарын жазуға бейімдеу, геометриялық фигураларды бір-бірімен ажыратуға үйрету және бірінші тақырып материалдарын оқытып үйретудің қорытынды нәтижесі болып табылады. Оларды игере алмаған оқушы келесі, ілгеріде өтілетін материалдарды қабылдай алмайды.



3- дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет