Білім алушыларға арналған пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


а) бағасы, саны, құны. ә)



бет29/50
Дата02.01.2022
өлшемі164.91 Kb.
#452115
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
математика 1 к

а) бағасы, саны, құны.

ә) қашықтық, уақыт, жылдамдық.

б) заттың массасы, жалпы саны, жалпы массасы.

в) тік төртбұрыштың ауданы, ені, ұзындығы.

Есепті шешу үдерісінің міндетті кезеңдері мыналар:



  • есеп мәтінін шапшаң және түсініп оқу.

  • есептің шешуін іздестіру немесе шешу жоспарын құру.

  • есептің шешуін жазу.

  • жауабын бөліп көрсету және тексеру.

Бастауыш сыныптарда құрама есептердің жай есептер сияқты нақты топтары қарастырылмағанымен, есептің сұрағына орай оның түрін ажыратуға болады. М: Дүкенге 70 кг-дық 6 қап картоп және 50 кг-дық 8 қап сәбіз әкелінді. Сәбізге қарағанда картоптан неше кг артық әкелінді? Бұл есептің сұрағына қарап, айырмалық салыстыруға берілген құрама есеп екенін анықтауға болады.

Дегенмен, бастауыш сыныптарда қарастырылатын құрама есептің мынадай түрлері бар:



  1. Қозғалысқа берілген есептер;

  2. Пропорционал бөлуге берілген есептер;

  3. «Бірігіп жұмыс жасауға» арналған есептер;

  4. Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептер.

Жоғарыда аталған жай есептің де, құрама есептердің де атауларын оқушылардың білуі шарт емес. Тек есеп шығаруда амалды дұрыс әрі саналы түрде таңдап алу талап етіледі.

Есепті шешу үдерісі жай есепті де, құрама есепті шешуде де бірдей болғанымен, жай есептердің шешу жоспарын құруда қысқаша жазудан гөрі көрнекіліктің басқа да түрлерін қолдану қажет. М: пропорционал шамалардың «үштігіне» байланысты есептерді мынадай кестеге түсірген тиімді:



саны

бағасы

құны

7

3 тг

? тг


жылдамдық

уақыт

қашықтық

4 км/сағ

5 сағ

?



Тік төртбұрыштың

ені


Тік төртбұрыштың

ұзындығы


Тік төртбұрыштың

ауданы


3 см

5 см

?

«Үлес және бөлшек» ұғымымен байланысты есептерді шешуде иллюстрациялауды, чертежді қолдануға болады.

Мысалы: «Ұзындығы 15 м қарағайдың үштен бір бөлігі неше метр?» есебі берілсін делік.

Қ арағайды кесінді түрінде аламыз да, сызбаның көмегімен былай көрсетеміз. __?______________
15м

немесе «Үштен бір бөлігі 5 см кесіндінің ұзындығын тап».

_5см ____________


?

Бастауыш сыныптарда екі амалмен шығарылатын есептер жай есептердің көмегімен оқытылып үйретіледі. Алдымен жай есептер (2 жай есеп), келтірілген бірнеше жай есептен екіншісінің шарты шығатын есептер, содан кейін екі амалмен шығарылатын есептер үйретіледі. Екінші сыныпта екі амалмен шығарылатын есептерді салыстыру арқылы қарастыру көзделеді.



Құрама есептерді шешудің екі түрлі тәсілі бар: алгебралық және арифметикалық.

Есепті шешудің алгебралық тәсілі дегеніміз есепті теңдеу құру арқылы шешу, ал арифметикалық тәсілі дегеніміз есептерді арифметикалық амалдардың немесе өрнек құру арқылы шешуді айтамыз. Екінші сыныпта есептер алдымен арифметикалық тәсілмен шығарылады. Есепті шешу үшін өрнек құру кезінде алғашқы орындалатын амал өрнегі дәптердің ортасына қарай жазылады, кейінгі сандар мен амал таңбалары, яғни жазу не солға, не оңға қарай жалғасуы мүмкін.

Төртінші сыныпта орта буын математикасын өтуге дайындық түрінде есептерді жеке-жеке амалдар, яғни арифметикалық тәсілмен шешу қарастырылады. Алгебралық тәсілмен шешу төртінші сыныпта оқылып-үйретіледі. Мұндай тәсілмен есептерді шешу кезінде алдымен жай есептерге теңдеу құру қарастырылады. Жай есептердің бір топ түрлерін, яғни арифметикалық амал атаулары мен нәтижелері арасындағы байланысқа арналған жай есептерді шешу кезінде оқытылып-үйретіледі. Белгісіз қосылғыштарды, белгісіз азайғыш пен азайтқышты табуға арналған есептерді шешу кезінде алгебралық тәсіл қолданылады. Мысалы: «Ағашта бірнеше торғай қонып отырған еді. Оларға тағы екі торғай келгенде, олар 13 болды. Бастапқыда неше торғай отырған еді?» Бұл-белгісіз қосылғышты табуға арналған жай есеп, белгісіз қосылғышты х-пен белгілейміз, сонда мынадай теңдеу шығады: х+2=13.

Үшінші сыныпта күрделі теңдеулер құру арқылы есептер шешу мәселесі қарастырылады. Сонымен бірге, төртінші сыныпта жанама түрде тұжырымдалған жай есептердің түрлері ді қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет