16- дәріс
Тақырыбы: «Геометрия элементтері» мазмұндық-әдістемелік желісінің материалдарын оқыту технологиясы
Бастауыш математика курсында қарастырылатын геометриялық ұғымдар курстың негізгі мәселесі теріс емес бүтін сандар нумерациясы мен оларға арифметикалық амалдар қолдану мәселелерінің мән-мағынасын ашумен қатар, орта буын «Геометриясының» жүйелі курсын оқытуға дайындық және оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, математикалық білім сапасын арттыру мақсатында оқытылып-үйретіледі.
Геометриялық материалдар оқушыларға геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері, геометриялық шамалар туралы жалпы түсінік қалыптастыру, салу есептерін орындау, геометриялық мазмұнды есептерді шешу түрінде оқытылады.
Геометриялық фигуралар математиканың алғашқы сабақтарында-ақ санау материалы ретінде қарастырылып, осы кезеңнің өзінде кейбір қасиеттері (үшбұрыштың қабырғалары – кесінділер, оның үш төбесі бар, үш бұрышы бар т.б.) оқытылып-үйретіледі.
Бұған қоса, геометриялық фигуралардың көпшілігі остенсивті (көрсету арқылы) түрінде таныстырылғанымен, кейбір фигуралардың нақты анықтамалары (тік, сүйір, доғал бұрыштар, тік төтрбұрыш, шаршы) да сұралады. Бұған қоса, геометриялық шамалар – аудан, периметр және көлем – да оқытылып үйретіледі.
Геометриялық материалдарға жататын мәселелердің бір тобы – геометриялық салулар.
Геометриялық салулар фигураны ерікті өлшеммен салу және берілген параметрлер бойынша салу деп бөлінеді. Салу есептерін орындауда оқушылар геометриялық фигуралардың қасиеттеріне көз жеткізеді, бастауыш математика курсы қарастырмайтын кейбір геометрияның жүйелі курсының мәселелерін де ұғынады. Жалпы салу есептері мынадай 4 кезеңнен тұрады: есепті талдау, салу, дәлелдеу, зерттеу.
Бастауыш мектепте оқушылар еркін өлшеммен кез-келген фигураны, ал белгілі бір параметрлер бойынша тек кесінді, тік төртбұрыш пен шаршыны ғана салады.
Геометриялық мазмұнды есептер бірінші сыныптан бастап оқытыла бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |