Білім алушының өзіндік жұмысы



бет2/6
Дата04.03.2022
өлшемі1.35 Mb.
#455951
1   2   3   4   5   6

Гормондар

  • Гормондар әсері, олармен әрекеттесуші рецепторлар табиғатына байланысты. Мысалы, нерв және бұлшық ет тоқымаларында рецепторлармен әрекеттеуші адреналин гормоны эффекті кейбір ағзаларда бұлшық ет қысқаруына, ал екіншілерінде бұлшық ет тоқымасының босаңсуына соқтырады. Оның себебі, тері асты терминалды бөлігіндегі тегіс бұлшық ет хұжайраларының – рецепторлары адреналинмен әрекеттеседі (адамдарда осы әсер арқылы шошып кетіп бозару құбылысы өтеді). Өкпе бронхиолдары бұлшық етіндегі В – рецепторлардың адреналинмен әрекеттесуі арқылы бұлшық ет тоқымасы босаңсиды. Сондай-ақ адреналин табиғатына АМР – молекуласының қосылуы әсер етеді, соның үшін: гликогеннің глюкозаға өзгеруіне себепші болады. (Старленді). Кейбір гормондар, белок синтезіндегі гендер жүйесі активтілігіне де әсер етеді. Мысалы, қалқан безі гормондары (стероидты) липидтермен әрекеттескенде ериді, полазматикалық мембранадан өтеді. Цитоплазмада гормон, арнаулы белокты рецепторлармен байланысады, гормон-рецептор комплексі сатылы реакциялар арқылы ядроға енеді. (А. Хэм, Д. Корман).

Гормондардың қасиеттері:

  • а) олар өте белсенді, тым азғантай мөлшерде (микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер ете алады;
  • ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бір белсенді химиялық зат оның қызметін атқара алмайды;
  • б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғни қашық түрып, алыстан әсер етеді.

Гипаталамус дамуы

  • Дамуы. Ми негізінен (табаны) өсінді күйінде, гипофиздің арткы бөлімі дамиды, бездің қалған бөліктері эпителиалды және нейралды бөлімдерден бастама алады. Бас миы дамуының түтікше күйінде (эмбрионда) эктодермалды эпителийдің ауыз қуысымен жалғасатын жеріндегі бөртуден Ратка (гипофизарлық) калтасы құралады, одан соң эпителиалды қалташаға өзгереді (адиногипофизге - бастама құрайды). Бұл қалташаның бас миы бастаманың аралык көпіршігімен жанасуынан 3 ші қарынша түтігі құралады

Гипаталамус құрылысы

  • Гипофизарлық қалтаның алдыңғы қабырғасы кеңейіп, гипофиздің алдыңғы бөлігін құрайды, артқы кабырғасы аралық бөлігін құрайды. Алдыңғы және аралық бөлік ортасында жіңішке гипофизарлық қуыстық (қалта қалдығы) қалады. Адам эмбрионында алдыңғы және аралық бөлік қосылып кетеді (куыс жоқ). Түтікшенің (воронка) дисталды ұшының нейроглийлері — гипофиздің артқы бөлігін (нейрогипофизді) құрайды. Түтікшенің проксималды бөлігі жіңішкеріп, гипофизді гипоталамуспен жалғаушы гипофизарлык аяқшалар құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет