Білім беру бағдарламасы -5в011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқу түрі: күндізгі Барлық кредиттер: курс: Оқу семестрі: 2



бет45/58
Дата03.01.2022
өлшемі187.65 Kb.
#451306
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Интонация туралы жалпы түсінік 
Интонацияны зерттеу тарихы ертеден, көне замандардан басталады. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және тақпақ айтушылардың өнерімен байланысты қарастырған. Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне дерекатер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, қарқын, ритм туралы алғашқы түсініктер берілген.

Сөйлемнің ритмикалық құрылымының ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы пікірлерді Аристотельдің, Деметрияның, Цицеронның, Трасимахтың еңбектерінде кездестіруге болады. Ритм туралы ең толық түсінік Цицеронның «Оратор» деген еңбегінде көреміз. Онда автор ритмнің ерекшеліктерінде тоқталып қана қоймай, ны шешендердің сөзіне қалай, қай мөлшерде қолдану керектігіне де тоқталады. Ежелгі трактаттарда «колон» және «период» деген ұғымдарға түсінік беріліп, олардың шешендер сөзінде, қалай, қай мөлшерде қолданылуы жөнінде де кепілдеме беріледі.

Қазіргі түсінікше: «колон» мөлшер жағынан «периодпен» салыстырғанда кішілеу, ықшамдау келеді де, пауза арқылы бөліанеді және оның мағына жағынан тиянақты болуы шарт емес.

Ал «период» логикалық жағынан тиянақты болуымен қатар, ол құрмалас не жай сөйлемдерден тұратын бір-бірімен ыңғайласқан көп мүшелі, құрылымы келісті, күрделі құрылым.

Фонетикалық жағынан қарағанда көңіл аударатын нәрсе, ол ежелгі трактаттардағы «колон» және «периодтарды» сөйлеу тілінің жалпы интонациясымен байланысты қарап, оның әуенін, қарқынын, паузамен байланысты бөлшектерін сөйлеу ағысының үзінділері деп санайтындығында. Демек, ежелгі трактаттарда «колон», «период» деген терминдер күрделі сөйлемнің интонациялық жиынтықтарының сипатына қарай берілген.

Сөйлеу тіліндегі интонацияны дұрыс қолдану жайында айтарлықтай пікірлерді М.В. Ломоносовтың «Краткое руководство к риторике» деген еңбегінде кездестіреміз. Онда шешендер өз сөздерін қандай интонациямен және қандай дауыспен айтулары керектігі жөнінде ғана емес, сонымен қатар оны қандай мәнерде, оған қандай көрік беріп айтуы керектігі жөнінде де түсінік беріледі.

Интонацияның сипаттамасын М.В. Ломоносов өзінің «Российская грамматика» деген кітабында береді. Онда Ломоносов интонацияның төрт қасиетін белгілейді: высота-(выходка), сила-(напряжение), длительность-(протяжение), тембр-(образование). Осыларыдң әрқайсысын түсіндіріп, оларға жеке-жеке сипаттама береді.

Интонация қасиеттерінің сөйлеу тілінде адамдардың бір-бірімен түсінісуінде мәні зор екенін айтып қана қоймай, Ломоносов осы қасиеттер арқылы адамдардың бір-бірін көрмей-ақ дауысынан танитынына көңіл бөледі.

Интонацияның компоненттері болып есептелетін – қарқын, тембр, паузаның сөздегі (речь) адамдардың ойы мен эмоциясын білдірудегі орны мен зор мәні туралы пікірді Ломоносовттың тұстасы, XVIII ғасырдағы ағылшын оқымыстысы Х.Блэр да айтқан.

Өткен ғасырдың екінші жартысы мен біздің ғасырдың бірінші жартысында көптеген зерттеушілер шешендердің немесе сахна өнеріндегі актерлардың орындауындағы көркем сөздің интонациясын жан-жақты қарастыра бастады. Олар өз зерттеулерінде сахна өнерпаздарының, артисатердің, шешендердің сөздеріне, солардың сөйлеу мәнеріне сүйенеді. Соған қарап жазбаша текстерді мәнерлеп, интонацияны дұрыс, орынды етіп, сөздердің мағынасына сәйкестеп оқудың, дұрыс сөйлеудің, текстерді дұрыс оқудың заңдылығын табу жөнінде көп ізденді, оларыдң ережелерін іздеп тауып құрастырғысы келді. Онда олар текстердің, яғни жазу тілінің, өздеріне тән заңдылықтары болуы керек деген жорамалға келеді. Сондықтан ол заңдылықтардың өзіне лайық интонациясын, оның әуенін, қарқыны мен паузасын, синтагма шекараларын тыныс белгілері көрсететініне сенді. Ал логикалық екпін қай сөзге түсіп тұрғанын оның сөйлемдегі орнынан, қай сөз табынан жасалғанынан байқауға болады деп есептеген. Сөйлеудің заңдылық ережелері көптеген фактілерді зерттеу нәтижесінде жасалғандықтан, әрбір жазу текстіне тән интонация да, тілдерге тән заңдылықтар да бар деп сенген. Бірақ сөйлеудің заңдылық ережелерін жасаушылардың өздері бұл заңдылықтардың универсалды болмауы мүмкін екенін де мойындайды.

Себебі кейбір көркем сөздің шеберлері тексті өзінше оқып, оның сөздеріне басқаша мағына беріп, тыныс белгілерін орнынан жылжытып, паузаларды басқа жерде жасап, немесе сұраулы сөйлемді де жай хабарлы сөйлем етіп, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлем интонациясымен оқуы мүмкін.

Мұндай жағдайлар тілдің лексико-грамматикалық құрылысы мен интонация қатынастарының өте күрделі болып заңды қалыптарға симай тұрғанын, кейде одан әлде қайда аумақты да терең екенін білдіреді.

Интонацияда жүйелілік заңдылыығы бар екенін неміс оқымыстысы Р.Бенедикс те айтқан. Ол интонацияның шартты арқауы ретінде төрт факторды келтіреді, олар интонацияның күші, қарқыны, биіктігі мен тембрі. Бірінші үшеуі Р. Бенедикстің айтуынша, интонацияның дұрыс айтылуын қамтамасыз етеді де, төртіншісі сөзге реңк береді. Сонымен бірге сөйлемде басты екі тон (тональность) бар делінген, оның біреуі қазіргі лингвистика сөзімен айтқанда сөйлемнің әуені, екіншісі – сөздің акценттелуі, яғни сөзге логикалық екпіннің түсуі. Р.Бенедикстің интонациялық жүйесі қазіргі тілшілердің интонациялық жүйесіндегі негізгі тонның жиілігі, ұзақтылық, интенсивтілік, спектр деген қағидалармен барабар.

Сонымен, жоғарыда келтірілген зерттеулерді қорытындылай келгенде, интонацияның шешендер сөзіндегі көріністері жайында нақты мәліметтері бар материалдар жиналған. Материалдарға теориялық талдау мен лингвистикалық анализ жасау әлі де жеткіліксіз.

Егерде біз жалпы тіл білімі тұрғысынан әр түрлі тілдердегі интонацияның лингвистиклық зерттелу жайына келетін болсақ, ол жұмыстарда (грамматикаларда) интонация туралы мәліметтерді оларыдң әр түрлі бөлімдерінен кездестіреміз. Жаңа бір тілмен танысып, оны зерттеу, не үйрену барысында оқушы не зерттеуші интонация жайындағы мәліметтерді еңбектің не «фонетика» не «синтаксис» бөлімінде кездестіреді.

Жалпы тіл біліміндегі күрделі проблемаларыдң бірі – тілдің бір көрінісі ретіндегі интонацияның тіл жүйесіндегі алатын орнын анықтау боылп табылады. «Интонация» деген ұғымның әр түрлі түсіндірілуі, оған ғалымдарыдң әр қырынан қарауына байланысты болса керек. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеушінің көңілі не оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнына, не функциясын ғана түскенінен болу керек. Бұлай болу себебі, интонацияның өте күрделі де құбылымалы болуына байланысты. Басқа фонетикалық құралдармен салыстырғанда интонация жалпы мазмұнмен өте тығыз байланысты да, сондай-ақ басқа синтаксистік тұрақты құбылыстарға қарағанда ол нақтысыз абстракт сияқты көрінеді.

Интонация туралы жарық көрген барлық еңбектерді шолғанда, оны екі дәуірге бөлуге боалды. Бірінші дәуірі ХІХ ғасырыдң соңы мен ХХ ғасырыдң 40-шы жылдарына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуірдегі оқымыстылар зерттеу объектісін іздеп, анықтаумен қатар, оның зерттеу әдістемесін, тәсілін іздейді. Екінші дәуірі ХХ ғасырыдң 40-шы жылдарынан қазіргі күндерге дейінгі уақытты қамтиды. Бұл дәуірде интонацияны зерттеу біршама дамыды. Бұны лингвистикалық теорияның және инструментальды фонетиканың пайда болып, дамуымен байланыстыруға болады. Ағылшын оқымыстысы Д. Стилдің 1776 жылы шыққан «Prosodia Rationalis» деген еңбегінде ең алғашқы рет интонацияны ерекше символдар арқылы қағазға түсіру әрекеті жасалады. Оның әдістемесі интонацияның қарқынын, әуенінің жоғарылығын, созылыңқылығын, екпінді-екпінсіздігін, паузаны белгілей алған. Д. Стиль интонация әуенінің жоғары-төмен өзгеруі – сөйлеу сөзін өзгертпей-ақ оның мәнін басқаша беруге мумкіндігі бар екенін дәлелдейді. Д. Стилдің жұмысы лайықты бағасын өз уақытынан көп кейін алды. Мамандар оның еңбегін жүз жылдан астам уақыт өткеннен кейін ғана түсіне бастады. Ол еңбек суперсегменттік фонетиканың дауындағы ең алғашқы әрекеттердің бірі болып есептеледі.

Біздің ғасырымыздың басында жазылған Д. Джоунздың «Ағылшын тілінің интонациясына анализ беру және белгілеу» деген еңбегі мазмұын жағынан Д. Стилдің еңбегіне өте жақын, яғни соның жалғасы, соны ары қарай дамытқан зерттеу сияқты сезіледі.

Интонация жөнінде біздің дәуірімізге мейлінше жақындап келетін түсінікті Ш.П.Жиро-Дювивьенің кітабынан кездестіреміз. Онда интонацияның көтерілу-бәсеңдеу, күшті-әлсіз, жылдамдық-баяулық сияқты қасиеттері белгіленеді. Бұл белгілер қазіргі тілмен айтқанда әуен, интенсивтілік, қарқынды бейнелейді.

ХІХ ғасырыдң аяғы мен ХХ ғасырыдң басында лингвистикада сөйлеу интонациясы әуен (мелодика) деп аталады. Себебі әуенге физикалық анализдер мен анықтаулар жасау қиынға соқпайды. Интонацияның пауза, интенсивтілік, қарқын деген компоненттері жаңағы физикалық анализдердің сыртында қалады. Алайда зерттеушілерідң әуенге көңіл қоюының себебін оның акустикалық белгілері мен өлшемдері ғана деп айтуға бомайды. Зерттеушілерідің түпкі мақсаты әуеннің функциялық зор маңызды екенін ашу, соны түсіну болып табылады.

Интонацияны зерттеу тарихы екі дәуірге бөлінетін болса, соның бірінші дәуіріне біздің ғасырдың 40-жылдарына дейінгі уақыт жатады. Бұл дәуірде интонацияны зерттеуде оның ырғағының өзгеруіне, қарқынына, негізгі тонның жиілігі (частота основного тона) мен созылыңқылығына т.б. көңіл аударылып, оларға лингвистикалық анализ жасау принциптері ізделген. Бұл дәуірдегі интонацияның суперсегменттік көрінісітерін зерттеген көрнекті оқымыстыларды атайтын болсақ олар: H.Sweet, 1892; D.Jones, 1909 ;B.A. Богородицкий, 1917; В. Н. Всеволодский – Гернгросс, 1922; Н. Реrnot, 1930; S. Karcevskij, 1931 ;M. Grammont, 1933; S.C.Boyanus, 1936; Л.В.Щерба, 1937 т.б.

Бұл дәуірдегі зерттеушілердің арасында интонацияның акустикалық өлшемдері мен оның функциялық қасиеттерін қорытындылауда үш түрлі көзқарас орын алады. Ол синтаксистік, фонетикалық және фонологиялық.



1.Екпін түспейтін қосымшаны табыңыз?
А) септік жалғауы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет