myclip.onEnterFrame=function() {
//осы жерде код ендіріледі/
};
Ойнату тиегі кадрға жеткенде, Flash оқиғаны «тыңдауды» бастайды, тек өңдеуші оқиға орындалғаннан кейін ғана жұмыс істей бастайды.
Қарапайым және эксперттік режимдер
Кодты қарапайым және эксперттік екі режимде жасауға және өңдеуге болады. Қарапайым үлкен емес, қысқа блоктар үшін қарапайым режим тиімді болса, эксперттік режим күрделі құрылымды кодтармен жұмыс істеуге ыңғайлы болып табылады.
Объект класы
|
Суффикс
|
Объект класы
|
Суффикс
|
Массив
|
– array
|
Коллективті пайдалану объектісі
|
– so (*)
|
Батырма
|
– btn
|
Дыбыс
|
– sound (*)
|
Камера
|
– camera (*)
|
Қатар
|
– str
|
Түс
|
– color
|
Текстілік өріс
|
– ext
|
Дата
|
– date
|
Текстілік формат
|
– fmt
|
Микрофон
|
– mic (*)
|
Видео
|
– video (*)
|
Видеоклип
|
– mc
|
XML
|
– xml
|
Желілік бірігу
|
– connection (*)
|
XML сокеті
|
– xml socket
|
Желілік ағын
|
– stream (*)
|
|
|
1-кесте. Actions панелінің CODE HINTS суффикстері
Қарапайым режимде Actions панелі «анкетаға» ұқсайды. Оның сол жақ бөлігіндегі кез келген элементті шерткенде панельдің жоғарғы жағында оның сипаттамасы көрінеді. Элементті екі рет шерткенде панельдің төменгі жағында әрекеттің әрқашан өзгеріссіз қалатын бөлігі шығады. Панельдің жоғарғы жағында текстік өріске әрқашан өзгеріссіз қала бермейтін әрекеттер коды енгізіледі. Мысалы: GotoAndPlay() әрекетін пайдалануда ойнату тиегі көрсетіленті кадрға өтеді де ойнатылу сол кадрдан басталады, GotoAndPlay() элементін екі рет шерткенде Actions панелінде келесі қатар шығады:
.gotoAndPlay();
Actions панелінің жоғарғы жағындағы текстілік қатарда көрсетілуі керек, видеоклип атауын толтырушы болып табылады. Келесі текстілік өрісте видеоклиптің ойнатылуы басталу керек кадрдың номерін енгізу керек. Әрекеттер терезесінде код келесі түрде болуы керек. Мысалы:
Myclip.gotoAndPlay(4);
Әрекеттер терезесіне тікелей ешқандай код енгізілмейді. Ол тек алдын ала көру үшін пайдаланылады.
Эксперттік режимде әрекет элементтерін ерекшелеуге болады, бірақ әрекеттер терезесінің үстінде ешқандай текстік өрістер болмайды. Кодты тікелей әрекеттер терезесінде енгізуге немесе басқа құжаттардан көшіріп қоюға болады. Қарапайым немесе эксперттік режимдердің бірін таңдау үшін келесі әрекеттерді орындау:
Actions панелінің оң жақ жоғарғы бұрышында орналасқан параметрлер менюін ашып, Normal Mode (қарапайым режим) немесе Expert Mode (эксперттік режим) бірін таңдау.
Эксперттік режимді таңдау үшін Ctrl+Shift+E, ал қарапайым режимді таңдау үшін Ctrl+Shift+N.
Достарыңызбен бөлісу: |