Білім беру бағдарламасы 2 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


  Бағдарлама нәтижелерін бағалау



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата20.05.2024
өлшемі287.19 Kb.
#501548
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1. Бағдарлама Қазақ тілі Т1

8. 
Бағдарлама нәтижелерін бағалау 
12.
Оқу нәтижелерін бағалау ағымдық және қорытынды бағалауды 
қамтиды. Сабақтардағы ағымдық бағалау өзіндік жұмысқа арналған 
тапсырмалар негізінде жүргізілетін болады. Қорытынды бағалау оқытуды 
жобалаудың біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау 
мақсатында Тыңдаушылардың пән бойынша қысқа мерзімді жоспарларын 
бағалау негізінде жүргізіледі. Пән бойынша қысқа мерзімді жоспарларды 
бағалау критерийлері: 

Сабақтың мақсаттары: сабақтың мақсаттары оқу мақсаттарымен 
келісілген; сабақ мақсаттары пәннің ерекшеліктеріне бағдарланған; сабақ 
мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, SMART форматында 
құрастырылған. 

Белсенді оқу әдістері: әдістерді таңдау пән бойынша тақырыптың 
мазмұнымен анықталған; әдістер оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді; әдістер 
оқушыларды оқуға тартуға бағытталған. 

Саралау әдістері: тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке 
алып сараланған; саралаудың әртүрлі тәсілдері жоспарланған (тапсырмалар, 
дереккөздер, оқушыларды қолдау т.б.); саралау әдістері әрбір оқушыға оқу 
мақсаттарына жетуге ықпал жасайды. 

Критериалды бағалау: бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді; 
қалыптастырушы бағалау оқуды қолдайды; бағалау критерийлері мен 
тапсырмаларға дескрипторлар қолданылады. 
 
9. 
Курстан кейінгі қолдау 
 
13.
Тыңдаушыларды курстан кейінгі әдістемелік қолдау оқыту іс-
шараларының түрлі формалары: семинарлар, шеберлік сыныптар, коучингтер, 


12 
вебинарлар арқылы жүзеге асырылады.
Тренерлердің әдістемелік қызметі келесі мәселелерге бағытталған: 

оқу процесін тиімді жоспарлау; 

оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын енгізу; 

критериалды бағалауды жүзеге асыру; 

оқу процесін басқарудың педагогикалық дағдыларын жетілдіру; 

оқытушының жеке тәжірибесін өзі зерттеу, 

білім алушы педагогтердің желілік қауымдастығын іске асыру; 

форумдар/чаттар арқылы Педагогикалық шеберлік орталығының 
порталында консультациялық қолдау көрсету. 
14.
Оқу іс-шараларын өткізу педагог шеберлігін жетілдіруге, оның 
ресурстық әлеуетін ашуға, педагогикалық тәжірибесін байытуға, оқу мен 
оқытуда туындайтын мәселелерді бірден шешуге ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет