Білім беру бағдарламасы 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Антропоөзектілік қағидаты



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата28.08.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460061
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Силлабус Қазіргі лингвистиканың негізгі бағыттары (1)

Антропоөзектілік қағидаты адам үшін тілдің, тіл үшін адамның орнын 
анықтаумен тікелей байланысты. Тарихи даму барысында жақсылықтың да, жамандықтың 
да басты себепкері адам болғандықтан және түрлі прогресті дамытып, сан қилы 
дағдарысты шешетін де адам болғандықтан, оның қабілеті, соны көрсететін тілі көптеген 
ғылымдардың зерттеу нысанына айналды, яғни адамның іс-әрекетіне тілдің, тілдің 
дамуына адамның ықпал-әсері негізге алынады. Шынында да, адам болмаса тілдің 
заңдылықтары, сөздік құрамы, лексикаға еніп жатқан жаңа бірліктердің еш қажеті болмас 
еді, ал тіл болмаса, қандай жағдай болса да, қарым-қатынасқа түсіп, соған сәйкес тіл 
(сөйлеу) бірліктерін таңдап, іріктеп қолдану мүмкін болмас еді. Сол себепті де тіл 
білімінің әр саласы сөйлеу субъектісі ретінде адамды әр тұрғыдан қарастырады. 
Функционализм қағидаты бойынша, ең алдымен, тіл бірліктерінің қызметі, 
қолданылу мақсаты, екіншіден, оның қолданыстағы қалпы, яғни сөйлеу әрекеті мен өнімі 
(мәтін не дискурс) қарастырылады. Функционализмнің басты белгілері ретінде типтік 
құрылымдарға қызмет етуге бағытталғандығын, эмпиризм, статистикалық әдістерді 
пайдалануын және пәнаралық байланыстарға негізделуін атау керек. 
Экспланаторлық қағидаты қазіргі лингвистикада ішкі сұрақтардың жауабын табу 
үрдісімен тығыз байланысты, яғни тіл құбылыстарын экспансионизм және 
функционализм қағидаттарына сүйене отырып түсіндіру. Мәселен, қазір түсініксіз болып 
отырған тіл элементтерін морфемалық, модельдік талдау, модельдеу және жоққа шығару, 
ішкі және сыртқы жаңғырту әдістері, статистикалық талдау арқылы нақтылауға, 
айқындауға мүмкіндік туды. Зерттеуші Ж. Манкеева «тілдің қазіргі деңгейінде 
ажыратылмайтын екі буынды түбір-негіздер туынды етістіктерге негіз болған «өлі» 
түбірлерді сыртқы және ішкі реконструкция арқылы анықтаған» [2;16], сондай-ақ 
фразеологимдердің пайда болуына прецедентті жағдайлар мен мәтіндер әсер еткенін 
дәлелдеуге жаңғырту, қайта қалпына келтіру, айқындау тәсілдері себеп болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет