Пәнді оқытуда күтілетін нәтижелер: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздерінің мазмұнын біледі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының түйінді идеяларына сәйкес, студенттердің біртұтас педагогикалық үдерісті ұйымдастыруға арналған практикалық дайындығы дамиды. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жете түсініп, өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады.
Білу керек:«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ғылыми-теориялық негіздерін; өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің аксиологиялық негіздерін; рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының идеяларын интеграциялаудың теориясы мен тәжірибесін.
Дағдылар: болашақ мұғалімнің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттері, яғни ізгілік, ой, сөз және істің бірлігінде өмір сүруге дағдылану.
Меңгеруі:адамзаттың мәдени мұрасын жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде талдау жасау; жағымды ойлау, ой, сөз және істің бірлігінде өмір сүру, эмоцияларын бақылау және т.б., яғни өзінің мінезін жетілдіру жұмыстарын жасау;
Достарыңызбен бөлісу: |