ӛздігінен білім алуына мүдделілік туғызу. «Қазақ тілі» пәнін оқытуда негізгі басымдылық
коммуникативтік
дағдыларды, сӛйлеу әрекетінің тӛрт түрін – тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау
дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, ӛздігінен білім алуына
мүдделілік туғызу. Қазақ тілін оқу, білу не үшін қажет? Себебі қазақ тілі –
қазақ
республикасының мемлекеттік тілі, ол ӛнеркәсіп пен техниканың, ғылым мен мәдениеттің
және қоғамдық-саяси ӛмірдің барлык саласын қамтып кӛрсететін бай лексикасымен,
қалыптасқан жазу жүйесімен және әр түрлі стильдік тармақтарымен (кӛркем сӛз стилі,
ғылыми стиль, публицистикалық стиль және т.б.) сипатталады.
Бастауыш сыныпта балалар қазақ тілі сабақтарында нені білуге тиіс?
Балалар бастауыш сыныптарда сауатын ашады, оқуға, жазуға үйренеді, ойын ауызша
және жазбаша жүйелі дұрыс, анық, дәл жеткізе алатындай білім алады, оны іске асыру
шеберлігін меңгеріп, дағдыланады, яғни дұрыс сӛйлеуге үйренеді.
2. Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты, адамды ерлікке, Отанын, туған халқын
сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д.Ушинский: "Халық тілі –
тарих шекарасынан
әлдеқайда әріректен басталатын, оның бүкіл рухани ӛмірінің еш уақытга солмайтын және
ӛмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық, оның күллі елі –
барлық, толық ойы мен сезімі туған елінің ӛлеңінде, әндерінде..." деп кӛрсеткен болатын.
Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі.
Ӛйткені ана тілінде оқу-жазуға дағылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол
ашылады. Бұл жӛнінде де ұлы педагог К.Д. Ушинский: "Ана тілін толық меңгермеген бала
тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде, теореманы, математикалық
бір есепті ӛз сӛзімен айтып бере алмай, дәл осындай күйге ұшырайды.
Ана тілі басқа
пӛндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін ӛзіне жинақтайтын басты, ӛзекті
пән екені енді түсінікті емес пе?" деген болатын. Балалар ана тілі арқылы адамгершілікке,
еңбекке, патриотгық рухқа тәрбиеленеді. Құндылықтар негізінде тәрбиелеу сабақ
барысында қалыптастырушы тапсырмалардың мазмұны арқылы іске асырылады.
Оқушылардың бойына қазақ тілі мен мәдениетіне, қазақ тарихы, салт-дәстүрі мен
әдет-ғұрпына, ӛзгелердің мәдениеті мен кӛзқарастарына құрметпен қарай білу,
рухани-
мәдени мұраларды қастерлеу, айналадағыларға қамқорлық кӛрсету, достық, тӛзімділік,
жауапкершілік сияқты ұлттық сана-сезім құндылықтарын қалыптастыру жаңартылған
оқулықтарда арнайы лексикалық тақырыптарда міндеттелген. Мәселен, бастауыш
сыныптың 2-сыныбына арналған Қазақ тілі оқулығында мынадай тәрбиелік бағыттарда
лексикалық тақырыптар беріледі: «Менің ана тілім – қазақ тілі», «Менің
отбасым және
достарым», «Менің мектебім», «Менің туған ӛлкем», «Дені саудың – жаны сау», «Салт-
дәстүр мен ауыз әдебиеті», «Қоршаған орта».
Достарыңызбен бөлісу: