Білім беру бағдарламасы 6В01200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет16/57
Дата15.02.2024
өлшемі1.22 Mb.
#491985
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57
ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

№11 дәрістің тақырыбыГрамматикалық жаттығулар 
Дәріс мазмұны: 
Оқушының мазмұндық топтастырулар жасау, дедукцияны қолдану, рефлексиялық
қабілетін дамытуға, яғни оқушының ізденімдік-зертеушілік қабілетін қалыптастыру мен 
дамытуға соған лайықталған жаттығулардын алатын мәні зор. 
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С. 
Рахметова былай дейді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, 
жаттығуларды балалар ӛз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім баларға бақылау үлгісі 
кӛрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сӛздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу 
балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту 
метотикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде 
оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, ӛздігінен жұмыс істеудің тұрақты 
машықтары қалыптасады» деп кӛрсетіледі. Орыс әдіскерлері бастауышта орыс тілін 
дамыта оқытуда оқушылардың жазба жұмысының алатын орны туралы былай дейді: В 
процессе для формирования у учащихся навыков письмя и чтения». Н.Ж. Құрманова 
жаттығулар туралы былай дейді: «Жаттығылар оқушының білім меңгеруі барысында 
маңызды орын алады, ӛйткені, жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін 
қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық» білім алуында 
тиімді нәтижелерге қол жеткізуі үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау 
шарттарын ғылыми негізде анықтау керек. 
Егер жасалған жаттығулар жүйесі тіл бірлігін дамыта оқыту барысында тиімді және 
оң нәтижелі болсын десек, онда жаттығулардың оқушының теориялық ойлауы мен тілін 
дамытуға үлесін қосуына саналы түрде бет бұруымыз керек. 
Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Тақырып түсіндірілгеннен 
кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық 
білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады:
Біріншіден, оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады.
Екіншіден, ӛздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. 
Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларды мынадай 
талаптар қамтылуы тиіс: 
1. 
Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды 
орындай алатындай білімі болуы шарт. 
2. 
Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруы тиіс. 
3. 
Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы керек. 
4. 
Ӛз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру. 
5. 
Шығармашылықты талап ететін жаттығулар кӛбірек болуы керек. 


Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге 
асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың оқыл-ой әрекеттері, ақыл-ой 
қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады. 
Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай тіддік материалмен жұмыс 
жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып 
бӛлінеді. Фонетикалык, жаттығулардың міндеті — балалардың айтылған буындар мен 
дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалар дұрыс, анық, айтып берулерін 
қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың, жоғарыда 
кӛрсетілгендей, тілін тістеп сӛйлеу, сақауланып сӛйлеу, қайсыбір дыбысты қалдырып 
кетіп сӛйлеу немесе "с" мен"ш", "р" мен"л", "ж" мен "з" сияқты дыбыстарды шатастырып 
айту кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні 
сӛзсіз. Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық 
жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланылып қоймайды, сонымен қатар, 
балаларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін де (орфоэпия) 
пайдаланылады. Оку сабақтарында, балалардың қателері, теріс айтылған сӛздер түзетіліп, 
сӛз ішіндегі, сӛз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. 
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты — ана тілінің морфологиялық құрылысын 
оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазұүны жағынан морфологиялық жаттығулар екі 
түрлі болады: 1) сӛз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар, 2) сӛз таптарын оқу 
барысындағы жаттығулар. Сӛз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) мәтіннен 
керекті сӛздерді тапқызу, 2) керекті сӛздерді қосып, ӛздіктерінен сӛйлемдер немесе әңгіме 
құрастыру, 3) сӛздің мағынасын түсініп, сӛйлемдегі қызметін байқату. 
Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикатикалық талдау болып 
табылады. Грамматикалык, талдау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған 
синтетикалық белгілер де тән. Грамматикалык, талдау жалпы түрде де, белгілі бір 
тақырыпқа байланысгы жеке де, сондай-ақ ауызша да жазбаша да жүргізіледі. Ауызша 
талдауда балалар бұрын окығандарына тоқталады, сӛйлемдегі грамматикалық 
формаларды кӛрсетеді, оқытушынын сұрауларына жауап береді, ӛз бетімен мысалдар 
келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың 
астын сызады немесе олардың айырып жазады, тиісті формаларын кӛрсетеді, сұраулар 
қояды т.б. Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық, 
синтаксистік немесе аралас талдау болып болінеді. Кӛлемі жағынан толық немесе ішінара 
талдау болады. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды 
ажыратады, жазылған сӛздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріперінің астын сызып 
қояды, сӛздің ауызша жӛне жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады. Создердегі 
жеке-жеке дыбыстарды мүлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға тӛселеді. 
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша критериалды бағалауға арналған 
тапсырмалар жинағы ұсынылған. Жинақта оқу бағдарламасындағы барлық оқу 
мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалауды ӛткізуге арналған тапсырмалар үлгілері 
дескрипторлармен бірге беріледі. Тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген, сондықтан 
мұғалімдер білім алушылардың мүмкіндігін, қажеттіліктерін есепке ала отырып, 
бейімдеуге болады. 
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықта бӛлім/ортақ тақырыптар 
бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру, ӛткізу жолдары кӛрсетілген. 
Құжатта тӛмендегідей ақпараттар берілген: 
- бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын 
құрастыруға қатысты ұсыныстар; 
- бӛлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балмен, 
дескрипторлармен бірге берілген тапсырмалар үлгілері; 
- тапсырмаларды құрастыру, рәсімдерді ӛткізу бойынша тоқсандық 
жиынтық бағалаудың спецификациясы; 
- тоқсандық жиынтық бағалаудың балл қою кестесімен бірге 
тапсырмалар үлгілері. 


Тапсырмаларды танымдық қызметіне қарай тӛмендегі бағыттарда кӛрсетеді: 
1. 
Даму деңгейін анықтауға берілген тапсырмалар. 
2. 
Зейінді шоғырландыруға берілген тапсырмалар. 
3. 
Қисынды ойлауды дамытуға берілген тапсырмалар. 
4. 
Заңдылықты іздей білу тапсырмалары. 
5. 
Кеңістікте қиялды дамыту тапсырмалары. 
Бұдан күтілетін нәтиже: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет