Әдебиет[1-11]
№7 дәріс
Тақырып: Электр өрісіндегі өткізгіштер
Дәрістің мақсаты: Өткізгіштердің электрлік қасиеттерін сипаттау
Дәріс мазмұны:
1. Өткізгіштердің электр сыйымдылығы
2. Конденсатор
3. Конденсаторлардың электр тогі тізбектерінде қосылуы
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр сиымдылығы
Өткізгіштегі зарядты қанша есе арттырсақ, онда өрістің әрбір нүктесіндегі кернеулігі де сонша есеге артады. Олай болса, бірлік зарядты шексіздіктен өткізгіштің бетіне алып келу үшін істелген жұмыс және оның потенциалы еселеп артады. Сонымен оқшауланған өткізгіш үшін: .
Мұндағы пропорционалдық коэффициент С өткізгіштердің электр сиымдылығы деп аталады, ол . Сонымен, сиымдылық сан жағынан өткізгіштің потенциалын бір өлшемге арттыруға қажетті зарядқа тең. Сиымдылықтың өлшем бірлігі: Фарада (Ф) деп аталады.
Конденсаторлар және оларды қосу
Оқшауланған өткізгіштердің сиымдылығы аз болады. Практикада өткізгіштерді өзін қоршаған денелермен салыстырғанда шамалы потенциалы бола тұрып, шамасы едәуір зарядтарды жинақтайтын қондырғылар қажет болады. Осындай қондырғыларды конденсаторлар деп атайды.
Конденсатор сиымдылығы:
1. Жазық конденсатордың сиымдылығы:
Мұндағы: d – астарлардың арақашықтығы; S - астардың ауданы; - ортаның диэлектрлік өтімділігі.
2. Цилиндрлік конденсатордың сиымдылығы:
3. Сфералық конденсатордың сиымдылығы:
Конденсаторларды параллель қосқан кезде сиымдылық:
Конденсаторларды тізбектей қосқан кезде сиымдылық:
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
- Өткізгіштер, металдар, диэлектриктер
- Электр өрісіндегі өткізгіштің электрленуі
- Электростатикалық өрістегі өткізгіштің ішіндегі электр өрісі
- Өткізгішке берілген зарядтың үлестірілуі
- Зарядталған өткізгіштің өрісінің кернеулігі және потенциалы
- Электр желі. Үшкір өткізгіштердің маңындағы электр зарядтары
- Өткізгіш маңындағы электростатикалық өріс
- Өткізгіштің және конденсатордың электр сыйымдылығы
- Электростатикалық қорғау. Ван-де– Грааф генераторы
- Конденсаторлар жүйесінің сыйымдылығы.
- Өткізгіштердің диэлектриктерден айырмашылығы
- Өткізгіштер электростатикалық өрісте болғандағы кернеулік пен потенциалы
- Электр өрісіндегі қорғау әдістері
Достарыңызбен бөлісу: |