Тақырып: Ом және Джоуль-Ленц заңдары
Дәрістің мақсаты:Ом және Джоуль-Ленц заңдарымен таныстыру
Дәріс мазмұны:
Электр қозғаушы күш
Электр тогы тұрақты болу үшін өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы (немесе кернеуі) тұрақты болу керек. Өткізгіштің тұрақты кернеуін болдыру үшін белгілі бір энергия қоры қажет. Осындай тұрақты кернеуді әдетте ток көздері немесе кернеу көздері деп атайды.
Кез келген ток көзінің ішкі кедергісі r болады. Ток көзінің екі полюсі болады, оның жоғары потенциалы бар жағы - оң, төменгі потенциалы бар жағы - теріс деп аталады. Осы полюстердің арасында потенциалдар айырымы болады. Сонда ток көзінің полюстеріндегі кернеу: . Әдетте, электр өрісі өткізгіште потенциалдың кему жағына қарай бағытталған токты туғызады. Электр кернеуінің бағыты да осы потенциалдың кему жағына бағытталады.
Егер ток көзінің ішінде электрлік кернеуліктен басқа ешқандай әсер болмаса, онда зарядтар қозғалысы оң полюстен теріс полюске бағытталып, ішкі кедергісі арқылы ток жүрер еді де, потенциалдары теңескеннен кейін токтың жүруі тоқтар еді. Ал, шын мәнінде ток көзі сыртқы тізбекке қосылмағандықтан, оның кернеуі ұзақ сақталады, сөйтіп онда ешқандай ток болмайды. Өйткені, ток көзінде электростатикалық күштерден басқа күштер, яғни бөгде күштер деп аталатын күштер бар. Зарядтарды тасымалдау жұмысын жасайтын бөгде күштерді, әдетте электр қозғаушы күштер (э.қ.к.) деп атайды.
Сонымен, ток көздерін э.қ.к. көздері дейді де, оны әрпімен белгілейді:
Э.қ.к. - нің өлшемі потенциал өлшеміндей, яғни 1 Кл зарядты тасымалдау үшін істелетін жұмыс 1Дж болатын э.қ.к. өлшеміне 1В алынады: .
Ток потенциалдың кему жағына қарай бағытталған. Электр күштері арқылы орын ауыстырған зарядтың жұмысы: , .
Ұзындығы l өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы немесе кернеуі: . Мұндағы, ток көзінің э.қ.к. - і.
Достарыңызбен бөлісу: |