Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Металдардағы заряд(ток) тасымалдаушылары табиғаты
Рикке тәжірибесі
Мандельштам және Папалекси тәжірибесі
Толмен және Стьюарт тәжірибесі
Толмен және Стьюарт тәжірибесінде заряд (ток) тасушылар
Электр кедергісінің пайда болу себебі
Металл өткізгіштігінің зат табиғатына және температурасына тәуелділігі
Ток өткенде өткізгіштердің қызу себептері
Ом және Джоуль-Ленц заңын түсіндіру
Бір атомды идеал электрон газының моделі
Электронның бір еркіндік дәрежесіне сәйкес келетін энергия
Металдың жылу өткізгіштігі мен электр өткізгіштігінің арасындағы байланыс. Видеман Франц заңы.
Металдардағы электрондар концентрациясы және қозғалғыштығы
Металдар электр өткізгіштігінің классикалық теориясының кемшіліктері және олардың себептері
Әдебиет[1-11]
№13 дәріс
Тақырып: Жартылайөткізгіштердегі электр тогы
Дәрістің мақсаты: Шала өткізгіштердегі электр тогінің табиғатын көрсету, шала өткізгіштердегі заряд тасымалдау шарттарымен, термоэлектрондық эмиссия құбылысымен таныстыру.
Дәріс мазмұны:
1. Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері
2. Металдардың контактілердегі электр құбылыстары
3.Термоэлектрондық эмиссия және оны қолдану
Жартылай өткізгіштердің электрлік қасиеттері
Жартылай (шала) өткізгіштерде заряд тасымалдаушылар екі текті болады: электрондар және кемтіктер. Таза күйдегі жартылай өткізгіштің меншікті өткізгіштігі жоғары емес. Бірақ оған қоспа енгізу арқылы не электрондық, не кемтіктік өткізгіштікті көп күшейтуге болады. Бұны қоспалық өткізгіштік деп атайды. Осы кезде шала өткізгіште валенттік және өткізгіштік зоналардың арасында қосымша энергия деңгейлері пайда болады. Олар не донорлық, не акцепторлық деңгей деп аталады.Осыған сәйкес донорлық не акцепторлық қоспа, ал сәйкес шала өткізгіштерді: n – типті немесе p – типті деп атайды. Осы шала өткізгіштердің қасиеттерін әртүрлі аспаптарда қолданылады. Мысалы: шала өткізгіш диод, транзистор, тиристорларды қоспалық шала өткізгіш кесектерінен құрайды.
Жартылай өткізгіштердегі электр тоғы
Меншікті кедергісі: кемтіктік-қоспалық электрондық қоспалық
10-5 – 108 Ом м өткізгіш (р-типті) өткізгіш (n-типті)
Металдардың контактілердегі электр құбылыстары
Екі не одан да көп металды тізбектеп жанастырса, олардың контактілерінде потенциалдар айырымы пайда болады. Вольта заңдарына сәйкес потенциалдар айырымының шамасы- металдардың химиялық табиғатына және температурасына тәуелді. Ал бірнеше металды тізбектеп контактіге келтіргенде, температуралары бірдей болғанда, пайда болған потенциалдар айырымы шеткі металдарды тіке жанастырғандай болады. Бірнеше металдан тұйық тізбек құралып, барлық тізбек бөлігінде температура бірдей болса, тізбекте ток жүрмейді. Бірак контактылардың температуралары бірдей болмаған жағдайда, тізбекте термоэлектр қозғаушы күші: және ток пайда болады.(Зеебек эффектісі) Керісінше де, екі метал контактілерінен ток өткізгенде тоқтың бағытына қарай не жылу бөлінеді, не сіңіріледі. (Пельтье эффектісі). Тіпті бір текті өткізгіште де температура градиенті болса, ток өткізгенде жылу бөлінеді, не сіңіріледі.(Томсон эффектісі). Бұл эффектілер температураны өлшеу үшін және т.б мақсаттар үшін қолданылады.
Термоэлектрондық эмиссия және оны қолдану
Термоэлектрондық эмиссия құбылысы деп қызған металдардан электрондардың бөлініп шығуын айтады. Бұл құбылыс анық біліну үшін ауасы сорылған, екі электроды бар, бітеу ыдыс (лампа) қолданылады. Электродтардың арасына үлкен кернеу түсіргенде ток байқалады. Ал теріс клеммаға жалғанатын электродтты қыздырса (катод) ток үлкен болады, кернеуді азайтуға болады. Осы құбылыс электрондық шамдарда қолданылады (диод, триод, тетрод, пентод) радиоэлектроника саласында көп қолданылады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Әртүрлі қатты денелерде зарядтардың еркін тасымалдаушылардың температурадан тәуелділігі. Металдар және шала өткізгіштер
Шала өткізгіштердің меншікті өткізгіштігі
Еркін заряд тасымалдаушылардың пайда болуы
Электрондар және кемтіктер
Рекомбинация процесі
Шала өткізгіштердің қоспалық өткізгіштігі
Донарлық және акцепторлық қоспалар
Негізгі негізгі емес заряд тасымалдаушылар
Шала өткізгіштердің меншікті және қоспалық өткізгіштілігі зоналық теория тұрғысынан
Шала өткізгіштің кедергісінің температуралық тәуелділігі
Өткізгіш бетіне таяу аумақтығы қос электронды қабат
Электрондардың металлдан шығу жұмысы
Термоэлектрондық эмиссия
Потенциальдардың контактілік айырмасы: ішкі және сырты
Ферми деңгейінің ролі
Металдарда және шала өткізгіштерде жылулық және электрлік құбылыстардың өзара байланысы
Зеебек эффектісі. Термо эқк. Термопара
Пельтье құбылысы токтың контактіден өткенде жылудың жұтылуы және бөлінуі
Томсон құбылысы
Достарыңызбен бөлісу: |