Тақырып: № 3 зертханалық жұмыс: Ток көзінің ЭҚК-ін және ішкі кедергісін анықтау
Мақсаты:ток көздерінің ЭҚК-ін және ішкі кедергісін анықтауды үйрену.
Құралдар:ток көзі, вольтметр, амперметр (0-2 А), реостат (6 Ом), кілт, жалғағыш сымдар.
Негізгі сұрақтар:
Ом заңының негізгі формулалары.
Ток көзінің ЭҚК-і дегеніміз қандай шама?
Тізбекке амперметр және вольтметр қалай қосылады?
Ток көзінің ішкі кедергісін анықтайтын формуланы қорытып шығарыңдар.
Тапсырмалар:
2-суретте көрсетілген тізбекті жинаңдар.
Ток көзінің ЭҚК-ін өлшеңдер.
Кілт тұйықтаулы тұрғандағы реостаттың көмегімен кедергіні өзгерте отырып, ток күші мен кернеудің мәндерін алып, ток көзінің ішкі кедергісін (4) формуламен анықтаңдар.
Алынған мәндердің барлығын кестеге толтырып, ішкі кедергінің қателігін табыңдар.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
С.Э. Фриш, А.В. Тиморева «Курс общей физики» т.2 §§ 168, 170, 1962 г.
И.В. Савельев «Курс общей физики» т.3 §§ 62, 63, 1982 г.
Р. И. Грабовский «Курс физики» §17, 1980 г
Өткізу формасы: «кейс-стади» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер: 4,11,16,28,33,41
Тақырып: № 4 зертханалық жұмыс: Электрон зарядын анықтау
Мақсаты: Электрон зарядын анықтау
Құрал-жабдықтар:қажетті өлшеулер, өлшеу құралдары
Негізгі сұрақ: 1. Электрон зарядын өлшеудің бұл әдісін пайдаланып, нәтиженің дәлдігін жоғарылатуға бола ма?
Тапсырмалар:
Электр тізбегінің сызбасы сызылған және өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін жазатын кестесі бар қағазды әзірлеңдер.
Катодтың жоғарғы жағына таңба салып, оны өлшеңдер. Электродтарды ерітіндісі бар ыдысқа салмай тұрып, оларды тұтқышқа бекітіндер, суретке сәйкес электр тізбегін құрастырыңдар. Электрлік түйісулердің сенімділігін, электродтардың, ток көзіне, амперметрдің тізбекке қосылуының дұрыстығын тексеріңдер.
Экспериментті жасау, өлшеулер нәтижелерін реттеу
1. Электролтарды ерітіндісі бар ыдысқа салыңдар, кілтті тұйықтаңдар, реостатың көмегімен тізбектегі ток күшін А ден аспайтындай етіп тағайындандар. Реостаттың көмегімен тізбектегі ток күшін өзгермейтіндей етіп ұстай отырып, электролиз процесін 20 минут бойы жүргізіңдер. Тәжірибе аяқталысымен кілтті ажыратып мыс катодты ыдыстан шығарып алыңдар да, электр плитасының үстіне ұстап кептіріңдер, содан соң оны өлшендер.
2. Енді мәнін, ток күші мен уақытты өлшегендегі ең жоғары абсолют және салыстырмалы қателіктерді есептеңдер, массаны өлшегендегі абсолют қателікті анықтаңдар, электрон заряды шамасын өлшеудегі ең жоғары қателіктерді (абсолют және салыстырмалы) есептеңдер.
3. Электрон зарядын өлшеу нәтижесін былай жазыңдар:
,
Электрон зарядының алынған мәнін кестедегі мәнімен салыстырындар.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
С.Э. Фриш, А.В. Тиморева «Курс общей физики» т.2 §§ 168, 170, 1962 г.
И.В. Савельев «Курс общей физики» т.3 §§ 62, 63, 1982 г.
Р. И. Грабовский «Курс физики» §17, 1980 г
Өткізу формасы:«ашық микрофон» әдісі.
Бағалау критерийлері:
ертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер:4,11,16,28,33,41
Достарыңызбен бөлісу: |