Тақырып: № 5 зертханалық жұмыс: Кедергіні анықтау
Мақсаты: тұрақты ток көпірі (Уитстон көпірі) және потенциалдардың түсуін анықтау әдістерімен қатты өткізгіштердің кедергілерін анықтауды үйрену.
Құрал-жабдықтар: реохорд, кедергілер жиыны, кедергілер магазині, гальванометр, тұрақты ток көзі, вольтметр, жалгагыш сымдар.
Негізгі сұрақтар:
Біртекті және біртексіз тізбек үшін Ом заңын жаз.
Кирхгоф заңдары және олардың қолданылуы.
Тапсырмалар:
1. ВС-24 түзеткішін, Р-315 кедергілер магазинін (белгілі кедергілер), белгісіз кедергілер панелін, кілт, реохорд және жалғағыш сымдарды пайдаланып, 1-суреттегі тізбекті құрындар.
2. Реохордтың жылжымалы контактісін ортасына әкеліп қойындар.
3. Мұғалім тексергеннен кейін қысқа уақытқа кілтті қосып, гальвонометрдің тілі қанша бөлікке және қай жаққа ауытқитынын байқандар.
4. Р-315 магазинінің ауыстырып қосқышының көмегімен R0-дің мәнін өзгертіп, гальванометрдің тілшесінің ауытқуы минимал болғанша орындаңдар.
5. Реохордтың жылжымалы контактісін орын ауыстырып, гальванометрдегі тоқты 0-ге келтіріңдер. R0, және мәндерін жазып алып, RX –тің мәнін (3) формула арқылы есептеңдер.
6. Тәжірибені 3 рет орындап, бірінші резистордың орташа кедергісін және екінші резистордың орташа кедергісін табындар.
7. Бірінші және екінші резисторларды тізбектей және параллель қосып, орташа кедергілерді табындар.
8. Тізбектей және параллель қосылған резисторлардың жалпы кедергісінің мәнін есептеуден табылған мәндерімен салыстырындар.
9. Шыққан мәндерді кестеге толтырыңдар.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
И.В.Савельев. «Курс общей физики».т. 2. §92, 1982 г.
Р.И.Грабовский. «Курс физики». § 36,37, 38. 1980 г.
Өткізу формасы:«екі дұрыс, бір бұрыс» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер: 5,9,11,13,22,26,36,38,43
Достарыңызбен бөлісу: |