Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика



бет52/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73
Эл силлабус

Толық кедергіні анықтау:


а) 13-схема бойынша электр тізбегін жинаңдар.
б) Тізбекке әртүрлі кернеу ( ) бере отырып, сәйкес ток күшін ( ) алыңдар және 4-кестеге толтырыңдар.
в) Толық кедергіні анықтаңдар:

Z1және Z2мәндерін салыстырып, ΔZ-ті табыңдар. Ток күші мен кернеу арасындағы фазалар ығысуын тауып, векторлық диаграммасын тұрғызыңдар.

а) 1,2 кестелерінен ток күшінің ( ) бір мәнін алып, резистордағы (R), катушкадағы (L) және конденсатордағы (C) кернеудің амплитудалық мәнін анықтаңдар:


; ;

б) Векторлық диаграмма тұрғызып, қорытынды кернеудің векторын табыңдар ( ).


в) (2) формула бойынша тізбектегі ток күші мен кернеу арасындағы фазалар ығысуын есептеңдер.
г) Ток қуатының коэффициентін анықтаңдар.
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. И.В.Савельев. «Курс общей физики». т. 2. §92, 1982 г.

  2. Р.И.Грабовский. «Курс физики». § 36,37, 38. 1980 г.

Өткізу формасы:«буклет» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер:5,9,11,13,22,26,36,38,43


Тақырып: №10 зертханалық жұмыс: Металдар кедергісіінің температураға тәуелділігін зерттеу
Жұмыстың мақсаты:металдар мен жартылай өткізгіштер кедергілерінің температураға тәуелділігін зерттеу және кедергілердің температуралық коэффициентін тауып үйрену.
Құрал-жабдықтар:зерттеу объектісі (оның ішінде электр пеші, пешті қосқан кезде жанатын лампа және электр пешін суытуға арналған вентилятор орналасқан) және өлшеуіш құрылғы.
Негізгі сұрақтар:

  1. Металдардың, жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігін түсіндіріңдер.

  2. Температура жоғарылағанда неліктен металдардың кедергісі артады?

  3. Температура жоғарылағанда жартылай өткізгіштердің кедергісі қалай өзгереді?

  4. Кедергілердің температуралық коэффициенттінің физикалық мәні неде?

  5. Кедергінің температуралық коэффициенттінің өлшем бірлігін қорытып шығарыңдар.

Тапсырмалар:

  1. Өлшеуіш құрылғыны және зерттеу объектісін желіге қосып, екеуіндегі «Сеть» қосқышын басыңдар. Осы кезде өлшеуіш құрылғының индикаторында кедергі 0-ді, ал температура бөлме температурасын көрсетеді. Зерттеу объектісінде «Сеть» индикаторы жану керек.

  2. 5 минут қыздыру қажет.

  3. «Образец» бұрандасы арқылы мыс, қорытпа, жартылай өткізгіштердің бөлме температурасындағы кедергілерін жазып алыңдар.

  4. Өлшеуіш құрылғысындағы «Нагрев» батырмасын басыңдар (осы кезде индикаторда «Warm» сөзі пайда болады, ал зерттеу объектісіндегі пеште лампа жанады).

  5. Температура 50С-ға көтерілген сайын «Образец» бұрандасының көмегімен мыс, қорытпа, жартылай өткізгіштердің кедергілерін жазып отырыңдар.

  6. Өлшеулерді 1000С-ға дейін жүргізу керек.

  7. Температуралардың әр интервалы үшін (мысалы 230С-тан 280С-ға дейін, 330С-тан 380С-ға дейін және т.б.) металл және қорытпа кедергілерінің температуралық коэффициентін (4) формула бойынша есептеңдер.

  8. Алынған мәндерді кестеге толтырыңдар.

  9. Мыс және константан кедергілерінің температуралық коэффициентінің кестелік мәнін қарап, шыққан мәндермен салыстырыңдар.

  10. Жартылай өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелді графигін тұрғызыңдар.



Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. И.В.Савельев. «Курс общей физики».т. 2. §92, 1982 г.

  2. Р.И.Грабовский. «Курс физики». § 36,37, 38. 1980 г.

Өткізу формасы:«жеке» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер:5,9,11,13,22,26,36,38,43




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет