Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика


Тақырып: №11 зертханалық жұмыс: р-n - ауысуды зерттеу. Жартылай өткізгішті диод



бет53/73
Дата15.11.2023
өлшемі2.12 Mb.
#483370
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73
Эл силлабус

Тақырып: №11 зертханалық жұмыс: р-n - ауысуды зерттеу. Жартылай өткізгішті диод
Жұмыстың мақсаты: р-n-ауысуды зерттеу, диодтың вольт-амперлік сипаттамасын тұрғызу.
Құрал-жабдықтар:зерттеу объектісі (онда түрлі диодтар орналасқан) және өлшеуіш құрылғы.
Негізгі сұрақтар:

  1. n-типті және р-типті жартылай өткізгіштерді түсіндіріңдер.

  2. Диодтардың шартты белгіленуі және таңбалануы.

  3. Диодтардың вольт-амперлік сипаттамаларын қалай түсіндіресің?

  4. Диодтардың қолданылуы.

Тапсырмалар:

  1. Өлшеуіш құрылғыны желіге қосып, құрылғынының «Сеть» қосқышын басыңдар. Осы кезде өлшеуіш құрылғының мА, мкАжәнепФиндикаторы 0-ді көрсетіп, ВАХ және ПРЯМАЯ индикаторлары жану керек.

  2. 5 минут қыздыру қажет.

  3. Зерттеу объектісінің алдыңғы жағындағы бұранда арқылы зерттелетін диодты тандаңдар.




  1. p-n ауысудағы кернеудің қажетті мәндерін «+», «-» батырмаларымен келтіріп, мА, мкАжәнепФиндикаторындағы тура токтың мәнін жазып отырыңдар. Өлшеудің соңында СБРОС батырмасын басыңдар. Ескерту: Токтың мәні 50 мА-ге жеткеннен кейін өлшеуді тоқтатыңдар. Осы мәнде p-n ауысудың қоректену көзі токтың шектелу режиміне келеді.

  2. Кері вольт-амперлік сипаттаманы алу үшін ПРЯМАЯ-ОБРАТНАЯбатырмасын басыңдар. Сол кезде ПРЯМАЯ индикаторы сөніп, ОБРАТНАЯ индикаторы жанады.

  3. p-n ауысудағы кернеудің қажетті мәндерін «+», «-» батырмаларымен келтіріп, мА, мкАжәнепФиндикаторындағы кері токтың мәнін жазып отырыңдар. Өлшеудің соңында СБРОС батырмасын басыңдар. Ескерту: Кернеудің мәні 30 В-ке жеткеннен кейін өлшеуді тоқтатыңдар. Осы мәнде p-n ауысудың қоректену көзі кернеудің шектелу режиміне келеді.

  4. Вольт-фарадтық сипаттаманы алу үшін ВАХ-ВФХ батырмасын басыңдар. Сол кезде ВАХ индикаторы сөніп, ВФХ индикаторы жанады.

  5. p-n ауысудағы кернеудің қажетті мәндерін «+», «-» батырмаларымен келтіріп, мА, мкАжәнепФиндикаторындағы сыйымдылықтың мәнін жазып отырыңдар. Өлшеудің соңында СБРОС батырмасын басыңдар.

  6. Тура вольт-амперлік сипаттаманы алу үшін ВАХ-ВФХ және ПРЯМАЯ-ОБРАТНАЯбатырмаларын басыңдар.

  7. Өлшеуіш құрылғыға екінші диодты қосып, осы диод үшін 4-тен 8-ге дейінгі әрекеттерді қайталап жасаңдар.

  8. Үшінші диодпен де дәл осылай жасап шығыңдар.

  9. Алған мәндерді кестеге толтырып, зерттелетін p-n ауысудың графиктерін салыңдар.

Әдістемелік нұсқаулықтар:
1.С.Э. Фриш, А.В. Тиморева «Курс общей физики» т.2 §§ 168, 170, 1962 г.
2.И.В. Савельев «Курс общей физики» т.3 §§ 62, 63, 1982 г.

  1. Р. И. Грабовский «Курс физики» §17, 1980 г

Өткізу формасы:«қара жәшік» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер: 4,11,16,28,33,41

Тақырып: №12 зертханалық жұмыс: Өткізгіштерді параллель қосу заңдарын тексеру
Жұмыс мақсаты:Өткізгіштерді параллель қосу заңдарын тексеріп, дұрыс екендігіне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар:қоректену көзі, вольтметр, амперметр, шамдар, резисторлар, жалғағыш сымдар.
Негізгі сұрақтар:
1.Электр тогы, электр кернеуіне сипаттама беріңдер.
2.Электр кедергісі деген не? Ол қандай шамаларға тәуелді? Ом заңы алай тұжырымдалады?
3.Өткізгіштерді параллель қосу ережесі қандай? Формулаларын қорытып шығарыңдар.


Тапсырмалар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет