8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігінің түрлері және қасиеттері қандай?
Қоспалы шала өткізгіштік. Донорлар мен акцепторлар.
Зеебек, Пельтье және Томсон эффектілері, олардың іс жүзіндегі құндылығы.
Жартылай өткізгіш диод және транзистор.
Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы.
Металл емес қатты денелердің электрондық, иондық және аралас өткізгіштік түрлері.
Контактылық потенциалдар айырымы. Вольта заңы. Термоэлектрлік құбылыстар.
Электролиттердегі электр тоғының заңдары қандай?
Электролиз. Фарадей заңдары. Ионның зарядын анықтау. Электролиздің техникада қолданылуы.
Гальвани элементтері. Аккумуляторлар.
Газдардағы электр тоғы. Газдағы разрядтардың түрлері және техникада қолданылуы. Катодтық сәулелер.
Магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі. Ампер және Био – Савар – Лаплас заңдары.
Магнит өрісі негізгі қасиеттері.
Магнит өрісіндегі электр тогына әсер етуші күш. Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіш орам.
Лоренц күші.
Магнит өрісіндегі тоғы бар өткізгіштің қозғалысы кезінде істелетін жұмыс. Магниттік ағын.
Магнетиктердің магнит өрісі. Диа- және парамагнетизмнің табиғаты. Ферромагнетиктердің табиғаты.
Электр магниттік индукция құбылысы.Фарадей және Ленц заңдары.
Өзіндік және өзара индукция құбылысы.Индуктивтілік.
Магнит өрісінің энергиясы және энергия тығыздығы.Құйынды токтар.Скин-эффект.
Электр магниттік өрістің негізгі теңдеулері. Ығысу тоғы жайындағы Максвеллболжамы.Максвелл теңдеулері.
Электр магниттік өріс энергиясының сақталу заңы. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойнтинг векторы.
Достарыңызбен бөлісу: |