Тақырып: № 2 зертханалық жұмыс: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу заңдарын тексеру
Мақсаты:Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу заңдарын тексеріп, дұрыс екендігіне көз жеткізу.
Құралдар:қоректену көзі, вольтметр, амперметр, шамдар, резисторлар, жалғағыш сымдар.
Негізгі сұрақтары:
Электр тогы, электр кернеуіне сипаттама беріңдер.
Электр кедергісі деген не? Ол қандай шамаларға тәуелді? Ом заңы алай тұжырымдалады?
Өткізгіштерді тізбектеп қосу ережесі қандай? Формулаларын қорытып шығарыңдар.
Тапсырмалар:
а) 1- сурет бойынша тізбек құрып, амперметрдің көрсетуін жазып алындар.
Крест белгісі тұрған жерлердің де ток күшін өлшендер. I = I1 = I2 = 0,2 А екеніне көз жеткізіңдер.
б)Тізбектің жалпы U кернеуін және U1; U2 кернеулерді өлшендер.
U = U1 + U2 екеніне көз жеткізіңдер.
в) Ом заңы бойынша R; R1; R 2 кедергілерін есептеңдер. R = R1 + R 2
тізбектей қосу заңы орындалатынын тексеріңдер.
г) Жалпы кернеуді 3 В-қа және ток күшін 0,1 А-ге қойыңдар. Жоғарыда айтылғандарды 10 Омдық және 20 Омдық резисторлармен жасаңдар.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
И.В.Савельев. «Курс общей физики».т. 2. §92, 1982 г.
Р.И.Грабовский. «Курс физики». § 36,37, 38. 1980 г.
Өткізу формасы: «өрмекші» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер:5,9,11,13,22,26,36,38,43
Достарыңызбен бөлісу: |