Тақырып: №8 зертханалық жұмыс. Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Магнит өрісін оқу және оның кернеулігінің бір құраушысын эксперимент жүзінде анықтауды меңгеру.
Құрал-жабдықтар: Тангенс-гальванометр, амперметр, реостат, тұрақты ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар.
Тапсырмалар:
1. Тангенс (В), амперметр (А), реостат (R), кілт және ток көзінен (ε) тұратын электр тізбегін жинау керек.
2. Тангенс-гальванометр және компасты айналдыра отырып, тангенс-гальванометр катушкасының жазықтығын магниттік меридиан жазықтығына, яғни тілше 00-ге келіп тұратындай қылып орналастырады (компастың 00 көрсеткіші катушка диаметрімен сәйкес келеді).
3. Тұрақты ток көзін қосады және реостат қозғалтқышын қозғай отырып, амперметрмен ток шамасын өлшейді (реостат қозғалтқышы ток 0,5А болатындай етіп орналастырылуы қажет).
4. Компас тілшесі тепе-теңдікке келген кезде компастың дөңгелек шкаласы бойынша тілшенің 1 ауытқу бұрышын санайды.
5. I ток шамасын өзгертпей кілтпен оның бағытын өзгертіп, тілшенің 2 ауытқу бұрышын өлшейді. -ның орташа мәнін алу қажет.
6. Тәжірибені үш рет токтың әртүрлі 0,5; 0,6; 0,7; 0,8; 0,9 мәндері үшін қайталайды. Ток шамасын реостат қозғалтқышы арқылы өзгертіп отырады.
7. Есептеп алынған tg және I-дің мәндерін (3) формулаға қоя отырып, Нж шамасын есептеу қажет. Барлық алынған мәндер кестеге толтырылады.
n=6; 2r=0,2134 м.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Өткізу формасы:«екі дұрыс ,бір бұрыс» әдісі.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер: 1,5,8,19,25,31
Достарыңызбен бөлісу: |