Білім беру бағдарламасы 6В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі»


Лексикология мен лексикография



Pdf көрінісі
бет34/42
Дата27.08.2022
өлшемі1.26 Mb.
#460060
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
Силлабус Тіл біліміне кіріспе

 
Лексикология мен лексикография 
1. Лексикологияның зерттеу нысанын атаңыз. 
2. Лексикологияның ерекшелігі неде? 
3. Лексикологияның қай саласы лексикалық бірліктер мәнін зерттейді? 
4. Сөзге анықтама беріңіз. 
5. Сөзге анықтама берудің қиындығы неде? 
6. Сөздің жекелік ерекшелігі неде? 
7. Грамматикалық мағына дегеніміз не? 
8. Сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз не? 
9. Тіл білімінің қай саласы тікелей сөздің лексикалық мағынасымен айналысады? 
10. «Денотат» (референт) терминінің мәні қандай? 
11. «Сөздің концептуалды мағынасы» деген ұғым нені білдіреді? 
12. Сөздің негізгі мағынасына эмоциялық, экспрессивтік және стилистикалық ерекше 
әсер беретін «қосындылар» қандай терминмен аталады? 
13. Сөздің лексикалық мағынасынның қандай үш жағын бөлуге болады? 
14. «Сөздің затқа қатыстығы» деген ұғымға не кіреді? 
15. «Сөздің ұғымға қатыстығы» деген ұғымға не кіреді? 
16. Мағынаның қай аспектісі мәнділік деп аталады? 
17. Жалпы және жеке заттық қатыстылық деген ұғымның мағынасын ашыңыз. 
18. Жалпы және жеке заттық қатыстылыққа байланысты атауыш сөздер қандай үш топқа 
бөлінеді? 
19. Жалқы есімдерге сипаттама беріңіз. 
20. Жалпы есімдерге сипаттама беріңіз. 


21. Полисемияның мағынасын ашыңыз. 
22. Атауларды ауыстырудың басты екі түрін атап, сиапаттама беріңіз. 
23. Екі немесе көп сөздің бірдей айтылуы қалай аталады? 
24. Омонимдердің жіктелу ерекшеліктері. 
25. «Семантикалық өріс» дегеніміз не? 
26. Синоним құбылысына анықтама беріңіз. 
27. Омоним құбылысына анықтама беріңіз. 
28. Фразеология қандай тілдік бірліктерді қарастырады? 
29. Фразеологизмдерді жіктеудің басты ерекшелігін атаңыз. 
30. Фразеологизм түрлері. 
31. Фразеологияның негізін салушы кім? 
32. Тіл білімінің қай саласы сөздік жасаудың теориясы мен практикасымен айналысады? 
33. Сөздіктерді жіктеудің қағидаларын атаңыз. 
34. Сөздіктердің негізгі түрлерін атаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет