Білім беру бағдарламасы 6В04112- бизнес менеджменті /білім беру бағдарламасының коды және атауы/ Тараз 2023


Тапсырманың орындалуын бақылау кестесі



бет10/12
Дата26.01.2024
өлшемі409.5 Kb.
#489956
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
HR МУ практика (каз)

Тапсырманың орындалуын бақылау кестесі



Апта
(тапсыру шекті мерзімі)

Сабақ түрі

Maкс. балл/
процент

Критерийлер және бағаның сипаттамасы, балл/%

1

-

-

-

2

«Қазақстанның жағдайындағы персоналды басқару ерекшеліктері» эссе жазу

3/30%

3 балл/100% – эссе мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі, таңдаған тақырыпты философиялық тұрғыдан түсінуі, келтірілген аргументтердің сенімділігі, мазмұнының логикалық түрде дұрыс баяндалуы.
2 балл/67% – эссе мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі, ойдың дұрыс негізделуі, сауатсыз безендіру.
1 балл/ 33% – тақырыптың толық ашылмауы, мазмұнының логикалық түрде дұрыс баяндалмауы.

3

«Ұйымның кадрлық саясатын қалыптастыру» тақырыбына презентация қорғау

3/30%

3 балл/100% – презентация зерттеудің негізгі кезеңдерін (мәселе, мақсат, гипотеза, жұмыс барысы, қорытынды), студент тақырыпты толық меңгерген, өз ойын еркін және сауатты түрде жеткізе алады.
2 балл/67% – презентация мазмұны тақырыпқа сәйкес, ойдың дұрыс негізделуі, слайдтардың сауатсыз безендірілуі және орфографиялық қателіктер.
1 балл/ 33% – тақырыптың толық ашылмауы, слайд мазмұнының логикалық түрде дұрыс баяндалмауы, студенттің тақырыпты толық меңгермеуі.

4

Кейс №1 "Адам ресурстарын басқару бойынша менеджердің бір күні"

3/30%

3 балл/100% – шешімнің жағдайда тұжырымдалған сұрақтарға сәйкестігі, тәсілдің өзіндік ерекшелігі (жаңашылдық, шығармашылық), талдау және қорытынды жасай білу, жағдай шешімдерін сауатты ұсыну.
2 балл/67% – кейс-тапсырма толығымен орындалды, тәсілдің өзіндік ерекшелігі (жаңашылдық, шығармашылық) бар, бірақ студент таңдаған шешімнің толық нақты дәлелін келтірмейді.
1 балл/33% – кейс-тапсырма орындалды, студент жасаған таңдауын нақты дәлелдей алмайды, теориялық білімінің анық жетіспеушілігін, әлсіз тұжырымдарды, фактілерді жеткіліксіз талдауды көрсетеді.

5

"HR-менеджменттегі стратегия мен саясат" тақырыбына кроссворд құрастыру

3/30%

3 балл/100% – берілген тақырып бойынша 15 сөзден тұратын кроссвордты 100% орындау.
2 балл/67% - берілген тақырып бойынша 10 сөзден тұратын кроссвордты орындау.
1 балл/ 33% - берілген тақырып бойынша 8 сөзден тұратын кроссвордты орындау.
0 балл - тапсырманы орындамау.

6

"Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы" тақырыбына реферат жазу және қорғау.

7/70%

7 балл/100% – реферат тақырыбының жаңашылдығы, мәселенің мәнін толық ашу, безендіру талаптарының сақталуы, сауатты түрде баяндау.
6-4 балл/85% – 57% - рефератты орындау мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізілген, реферат тақырыбының өзектілігі ашылған, реферат қойылатын талаптардан сәл ауытқумен орындалған.
3-1 балл/ 42% - 33% – реферат мақсаты мен міндеттері толық орындалмаған, реферат тақырыбының өзектілігі толық ашылмаған, реферат қойылатын талаптардан маңызды ауытқумен орындалған.
0 балл – тапсырма орындалмаған.

7

Командалық жұмыс № 1 – «Әңгімелесу»

7/70%

7 балл (100%) – команда мүшелерінің командалық жұмыс принциптерін түсінуі және сақтауы, ортақ лидердің болуы, команда мүшелерінің рольдік статустарының нақты анықталуы, топ мүшелерінің барлық мүшелерінің белсенділігі, тапсырманы орындау жылдамдығы, жұмысты қысқаша және нақты.
6-5 балл/86%-71% – команда мүшелерінің жалпы командалық мақсат пен міндеттерді бірдей түсінуі, барлық команда мүшелерінің белсенділігі, командаішілік рольдердің болуы, команда мүшелері әрекеттерінің сәйкессіздігі.
4-3 балл/57% - 43%балл - команда мүшелерінің жалпы командалық мақсат пен міндеттерді бірдей түсінуі, барлық команда мүшелерінің белсенділігі, командаішілік рольдердің болуы, команда мүшелері әрекеттерінің сәйкессіздігі, командалық жұмысты уақытылы өткізбеу.
2-1 балл/28%-14% балл – команда мүшелерінің бір –бірімен тиімсіз әрекет етуі, қалыптасқан команда ішінде лидерлік туралы дұрыс шешімнің қабылданбауы, командалық жұмыс мақсатына жетпеу.
0 балл/0% – командалық жұмысты орындамау.

8

Кейс № 2 - "Резюме талдау"

3/30%

3 балл/100% – шешімнің жағдайда тұжырымдалған сұрақтарға сәйкестігі, тәсілдің өзіндік ерекшелігі (жаңашылдық, шығармашылық), талдау және қорытынды жасай білу, жағдай шешімдерін сауатты ұсыну.
2 балл/67% – кейс-тапсырма толығымен орындалды, тәсілдің өзіндік ерекшелігі (жаңашылдық, шығармашылық) бар, бірақ студент таңдаған шешімнің толық нақты дәлелін келтірмейді.
1 балл/33% – кейс-тапсырма орындалды, студент жасаған таңдауын нақты дәлелдей алмайды, теориялық білімінің анық жетіспеушілігін, әлсіз тұжырымдарды, фактілерді жеткіліксіз талдауды көрсетеді.

8

Студенттің белсенділігі

1/10%

1 балл/100%: барлық тапсырмаларды 1-4 аптада орындау.
0 балл/0%: 1-4 апталар бойында тапсырмаларды кеш орындау

1 аралық бақылау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет