Білім беру бағдарламасы: 6В07201 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»


Ірімшікті органолептикалық бағалауды



бет7/12
Дата09.09.2022
өлшемі60.04 Kb.
#460459
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Практика

Ірімшікті органолептикалық бағалауды өнімнің 18±2°С температурасында жүргізеді.
Ірімшік суретін щуппен алынған бағана бойынша анықтайды, содан соң ірімшік басын кесіп, көзшелердің болуына, санына, пішініне және өлшеміне назар аударады. Ірімшік түсін щуппен алынған бағанада н/е жағадан кесілген жерінде анықтайды.
Консистенцияны щуппен алынған ірімшік бағанасын иіп көру арқылы анықтайды. Жақсы ірімшік консистенциясы нәзік, жеткілікті эластикалы н/е майлы болады.
Дәмі мен иісін анықтауда оның тазалығына, бөтен татымдардың болмауына, айқындылығына, өткірлігіне назар аударады.
Қатты ірімшіктер тобын органолептикалық түрде 100 балдық жүйе бойынша бағалайды: дәмі мен иісі – 45; консистенциясы – 25; суреті – 10; қамыр түсі – 5; сыртқы түрі – 10; буып-түю және маркілеу – 5.
Ірімшіктің қышқылдығын анықтау
Қажетті құрал-жабдықтар: фарфор ыдыс, колба, дист.су, фенолфталеин, NaOH.
Жұмыстың орындалу тәртібі. Тәжірибе жасау үшін 5 г ірімшікті 0,01 г дәлдікпен өлшеп алады. Содан кейін оны фарфорлы ыдысқа салып ұсақтап үгітеді де, оған 50 мл 30-40°С температуралы су, 3 тамшы фенолфталин қосады да 0,1 Н сілті ерітіндісінде ақшыл қызыл түске дейін титрлейді. Бұл түс екі минут ішінде өзгермеу керек.
Ірімшікті титрлеуге кеткен сілті мөлшерін 20 санына көбейтіп ірімшіктің қышқылдығын градуспен анықтайды.
Мысалы тәжірибе бойынша 5 г ірімшік үлгісіне 11 мм 0,1 Н сілті ертіндісі кетті сонда ірімшіктің қышқылдығы 11*20=220°Т болды.


Ірімшіктің белсенді қышқылдығын анықтау. Орташа үлгіден 10-15 г ірімшік алып, фарфорлы ыдысқа салады да оған 10 мл дистилденген 35°С температурадағы су қосады да жақсылап араластырады. Содан кейін араластырылған ірімшікті патенциометр стаканына салып, сүттің рН-ын анықтағандай, ірімшікті рН анықтайды.


Ірімшіктің майлылығын анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар: май өлшеуіш, резиналы тығын, пипетка, 10 мл және 1 мл ерітінді құюға арналған құралдар, центрифуга, су ваннасы, май өлшеуішке арналған штатив, 100 °С термометр, тығыздығы 1,81 – 1,82 қойылтылған күкірт қышқылы, изоамил спирті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет