2) Жоғары мектеп педагогикасы ғылымының әдіснамасы. Кәсіби педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық аппараты Тақырып мазмұны: .Жоғары мектеп педагогикасы –педагогика ғылымдарының саласы ретінде. Ғылым дамуының негізі – әдістаным.Педагогикалық ғылымның әдістанымы. Педагогикалық зерттеудегі әдіснамалық аппараты. Педагогика ғылым ретінде және оқу пәні ретінде педагогиканың негізгі категориялары, педагогиканың қолданбалы сипаты. Педагогикалық ғылымдар жүйесі және олардың сипаттамасы. Жоғары білім интеллектуалды құбылыс және қазіргі мұғалімнің кәсіби-педагогикалық ойлауын қалыптастырудың негізі ретінде. Әдістеме ғылым дамуының негізі ретінде және педагогика ғылымының әдістемесінің мәні мен ерекшеліктері. Педагогикалық зерттеулердегі әдістемелік тәсілдер мен ұстанымдар. Гуманистік педагогика. Негізгі гуманистік теориялар. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің типологиясы: іргелі, қолданбалы және әзірлеме. Педагогикалық зерттеудің әдістемелік аппараты және зерттеу алгоритмі. Зерттеу әдістері: теориялық, эмпирикалық, математикалық және статистикалық зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері мен критерийлерін таңдау. Педагогикалық эксперимент.
3) Жоғары мектептегі оқытушы педагогтың қызметі Тақырып мазмұны: Жоғары мектеп оқытушыларының кәсіби біліктілігі. Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтілік біліктілігі. Оқытушы білім беру процесінің субъектісі ретінде. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби маңызды қасиеттері. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Педагогикалық коммуникативті әрекеттер.
Педагогикалық-коммуникативтік құзыреттілік: жоғары оқу орны оқытушысы қызметінің мазмұны мен түсінігінің мәні. Университеттің оқу-тәрбие процесінде оқытушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынас және өзара әрекеттестік технологиясы.
Модуль 2. Жоғары мектептің заманауи дидактикасы: теория және практика 1) Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика).Жоғары мектепте оқытудың қозғаушы күші және ұстанымдары Тақырып мазмұны: Дидактика туралы жалпы түсінік, оның тұжырымдамалық негіздері. Дидактиканың атқаратын қызметі және категориялары. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері. ЖОО-дағы білім берудің жаңа стратегиялары. Оқытудың заңдылықтары мен принциптері.Дидактикалық тұжырымдамалары және жоғар кәсіби білім беруді өзгерту жолдары.