Мақсаты: Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын құрастыру мен жинақтау педагогикалық сипаттағы бірқатар мəселелерді шешу
Қарастырылатын негізгі сұрақтар
Ақпараттық білім ортасы: ұғымы, құрылымы, ерекшеліктері
Ақпараттық білім ортасының оқытудың əдістемелік жүйесіне əсері
Денсаулық сақтау технологиялары ақпараттық білім ортасының компоненті
ретінде
Ақпараттық білім кеңістігі оқу орындарының ақпараттық білім орталарын
бірлестігі ретінде
Ақпараттық-білім ортасы кіріктірілген көпкомпонентті жүйе ретінде құрылуы қажет, оның компоненттері оқу, оқудан тыс, ғылыми-зерттеушілік іс-əрекет, оқыту нəтижелерін, оқу мекемелерін басқару іс-əрекетін өлшеу, бақылау жəне бағалау. Мұндай орта барлық мүмкін болатын пайдаланушылардың дифференциациясын қамтамасыз ететін максималды вариативтілікке ие болуы тиіс.
Оқу мекемесінің ақпараттық-білім ортасын жоспарлау, дайындау жəне пайдалану жалпы орта білім беру жүйесін бірте-бірте бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігіне біріктіруді қамтамасыз етуі қажет. Ортаның маңызды компоненттерінің бірі оқу мекемесінің оқу іс-əрекетін ақпараттандыруға бағытталған программалық-əдістемелік кешен болып табылады. Оқу компоненттерін жоспарлау, құрылымдау жəне жүзеге асырулау психологиялықпедагогикалық əдістемелік жəне технологиялық сипаттағы талаптар мен ұсыныстардың кең кешеніне сəйкестікте жүзеге асырылуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасының ажырамас компоненті оқушылар мен абитуриенттердің білім, біліктілік жəне дағдысын өлшеу, бағалау жəне бақылау құралдары болуы қажет. Ортаның өзіндік компонентінде ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын ерекшелеуге байланысты білім алушының білім, біліктілік жəне дағдысын компьютерлендіруге қатысты бірнеше көзқарастар бар. Мұндай көзқарастар қатарына білімді бақылау мен бағалауды автоматтандыруға арналған компьютерлік сыныптардың тобын жатқызуға болады
Ақпараттық-білім ортасының оқудан тыс компонентін құрайтын негізгі ақпараттық ресурстар: оқушылар мен педагогтардың жоспарланған немесе өткізетін оқудан тыс шараларынан хабардар ететін құралдарды, сынып жетекшілері іс-əрекетін қолдайтын ақпараттық құралдарды, жаппай мəдени жəне спорттық шараларды өткізуге қажетті ақпараттық құралдарды, оқу мекемесіндегі оқудан тыс іс-əрекетті басқару құралдарды, оқушылардың оқудан тыс қарым-қатынасын ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын қамтуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасын қалыптастыру оқу мекемесінің барлық саласын қамтиды, білім беру үрдісінің көрсеткіштерін жанжақты талдау үшін қосымша жағдайлар жасайды, жалпы орта білім беру жүйесінің жағдайы туралы, ондағы сандық жəне сапалық өзгерістер туралы біртұтас түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ортаны құруда мамандармен ақпараттық ресурстарды біріктіру үшін арнайы ерекшелену жүйесі дайындалуда. Мұндай ерекшелену ақпараттандыру-білім беру ортасында қамтылатын барлық Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын практикалық дайындауда есепке алынуы тиіс. Мұндай ерекшелену ақпараттық ресурс басқа да жалпы қабылданған талаптармен бірге меңгеруге тиісті оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасына толықтай енуіне арналған талаптар жүйесі болып табылады. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының осындай талаптарға сəйкес келмеуі оның сапасыздығының куəлігі болып табылмайды, оның орта аясындағы толыққанды қолданысқа енгендігін қиындатады.
Ақпараттық-білім ортасын пайдалану арқылы мектептегі оқу үрдісін ақпараттандыру нақты əдістемелік оқыту жүйесінің ерекшеліктерімен толықтай сəйкестікте жүзеге асырылады. Оқу үрдісінде қолданылатын ақпараттық ресурстар оқу мекемесінің басқа да іс-əрекеті аясын ақпараттандыру үрдісінде қолданылатын 279 ресурстармен мазмұнды, техникалық жəне технологиялық байланысты болуы тиіс.
Ақпараттық-білім ортасында оқушыларды оқытуда бірыңғайланған жəне өзара байланысқан Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қамтитын оқу компоненттерінің болуын ескеру қажет. Осыған байланысты оқу компонтін құру жəне қолдану психологиялық-педагогикалық əдістемелік жəне технологиялық сипаттағы талаптар мен ұсыныстар кешенімен қатаң сəйкестікте жүзеге асырылуы тиіс. Орта құрамына енетін жүйелерге қойылатын негізгі талаптар оларды оқыту үрдісінде қолданудың нақты əдістемесінің болуы, оқулыққа түсетін ақпаратты іріктеуі жəне ортаға енетін басқа Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының телекомуникациялық ресурстарымен міндетті өзара байланысы болып табылады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының негізгі дидактикалық қызметін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру əдістерін практикалық енгізу ортаны келесідей мақсаттарда қолдану мүмкіндігін біледі:
- оқушылардың дайындығын жəне сапасын арттыратын, оперативті көмек көрсетуді ұйымдастыратын, компьютерлік жəне телекомуникациялық техниканың оқу мекемелеріндегі оқу іс-əрекеті мəдениетін қалыптастыру мақсатындағы программалық-əдістемелік мүмкіндіктерін жүзеге асыратын оқыту құралдары;
- ғылыми зертхана жұмыстарын модельдеу жолымен зерттеу ісəрекеті дағдысын қалыптастыру, оқушылар мен мұғалімдердің біріккен оқу жəне зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, тəжірибелік іс-əрекет нəтижелерін оперативті жəне өзбетіндік өңдеу мақсатындағы таным құралы;
- ортақ жоба бойынша əріптестерден бастап, басқалармен ақпараттармен, идеялармен, жоспарлармен оперативті ауысу мақсатындағы əртүрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпараттарды алу білігі мен дағдысын қалыптастыратын телекоммуникация құралы;
- қарым-қатынас мəдениетінің дағдысын қалыптастыру мен оқушылардың гуманитарлық дамуын арттыру мүмкіндіктерін жүзеге асыру есебінен тұлғаны дамыту құралы;
- оқу іс-əрекетінің нəтижелерін бақылау мен түзетудің тиімді құралы.
Дәріс 11: Білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды оқытудың ерекшеліктері Мақсаты: Білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды заманауи ақпараттық технологиялармен таныстыру және оларды білім беруде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Білімді ақпараттандыру саласында педагогтарды оқытудың ерекшеліктерін талдау
Достарыңызбен бөлісу: |