Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж



бет12/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi". Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау үрдісі. Бұл үрдістің күрделiлiгi сонда - ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.
Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

Дәріс 2: Оқыту мен тәрбиелеуде пайдаланылатын ақпараттық және телеқатынастық технологиялары құралдары


Мақсаты: Ақпараттық және телеқатынастық технология құралдарының оқытудағы және тәрбиелеудегі пайдаланылуы туралы талқылау
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  • Білім беруде пайдаланылатын техникалық құрал түрлері

  • Компьютерлік техникаға негізделген ақпараттық технологиялар

  • Əртүрлі ақпараттар негізінде оқыту көрнекілігін арттыру

  • Компьютер жəне компьютерлік желілер телекомуникациялық құрал ретінде.



Білім беруді ақпараттандыру құралдары – оқыту мен тәрбие жұмысында психология- педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған және білім беру саласында ақпаратпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйесі және компьютерлер базасында істейтін программалық- аппараттық құрал.
Білімді ақпараттандыру құралдарына тек қана ақпаратты ұсынатын жəне өңдейтін компьютерлік құралдарды жатқызуға тура келеді. Бұл жағдайда білімді ақпараттандыруды тəжірибелік іске асыру білімде жаңа ақпараттық жəне телекомуникациялық технологиялардың кеңеюіне əкеп соқтырады. Сондықтан, бұл оқулықта білімді ақпараттандыру мақсаттарына жету үшін қолданылатын білімді ақпараттандыру құралдары болып компьютерлік аппараттық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың мазмұндық толтырулары түсіндіріледі.
Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету анықтама бойынша білімді ақпараттандыру құралдарының ажыратылмас бөлігі мақсатқа сай дербес компьютерлер жəне олармен бірігіп жұмыс істейтін басқа да аппараттық құрылғылар болып табылады.
Дəрежесінен, моделінен, құрылу уақытынан жəне қолдану аясынан тыс білім беруде қолданылатын барлық дербес компьютерлердің ортақ түпкі (фундаменталды) ерекшеліктері бар, олардың ішінде:
1. Бір қолданушымен жұмыс істеу, бұл жағдайда уақыттың əр кезінде компьютермен тек бір адам жұмыс істейді. Сонымен бірге ақпараттарды өңдеуде біруақытта бірнеше əрекетті орындауға болады;
2. Мəтін, сандық мəліметтер, графикалық бейнелер, дыбыс секілді жəне т.б. ақпараттардың əртүрлі типтерін өңдеу, сақтау, ұсыну жəне тасымалдау мүмкіндігі;
3. Табиғилыққа жақын, қолданушымен біркелкі тілде араласу;
4. Əртүрлі типтегі ақпараттарды өңдеуде, сақтауда, ұсыну мен тасымалдауда дербес компьютердің мүмкіндігін елеулі кеңейтетін əртүрлі аппараттық құрылғылардың бірлесіп жұмыс істеуі;
5. Компьютердің түрлі жүйелік функциясының жұмысын қолдауға мақсатталған, сонымен адам əрекетіндегі ақпараттандыру үшін маңызды қолданбалы есептерді шешетін арнайы өңделген компьютерлік бағдарламаларды басқаруда ақпараттарды өңдеудегі əреттердің орындалуы. Бұл тəрізді жүйелік жəне қолданбалы бағдарламалардың жиынтығы
дербес компьютерлердің бағдарламалық қамтамасыз етуін құрайды. SMART Board Software
Соңғы жылдары мультимедиалық құралдар деген атқа ие болған құралдар қатарына əуен, дауыс жазбаларының жəне фото, бейне суреттерінің құрылғылары кірген. Егер жақын арада иісті сандық өңдейтін құрылғы жасалып, дамитын болса ол құрылғыда мультимедиалық құралдар қатарына кіретін болады.
Мультимедиа - бұл:
- зерттеме, функциялау, əртүрлі ақпаратты өңдеуге өңдеу құралдарын пайдалану тəртібін түсіндіретін технология;
- əртүрлі типтегі ақпаратты өңдеу жəне тарату технологиясының негізінде пайда болған ақпараттық;
- əртүрлі типтегі ақпаратты тарату жəне өңдеуге байланысты компьютерлік бағдарлама;
- əртүрлі типтегі ақпараттармен жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін компьютерлік-аппараттық жүйе;
- өз алдына визуалды (мəтін, графика) жəне динамикалық (сөз, əуен, бейнефрагмент) ақпараттарды біріктіретін ақпараттың бір түрі.
Иллюстрация – бұл:
- мəтінге басқа типтегі толықтаушы ақпарат енгізу (сурет немесе əуен);
- тереңдетіп түсіндіру үшін мысалдар терминнің екі мағынасы да тең дəрежеде қолданылады, қағаз жүзіндегі кітаптарда да, электронды құралдарда да. Бұл термин қазіргі мультимедиа құралдарында, ақпараттандыру жүйесінде кең қолданады, яғни иллюстрация ақпарттандыру құралдарын қолданғанда оқу материалын түсіндіруде көрнекілік, терең түсіндірме, қиын тапсырмаларды жеңіл шешуде пайдаланылады. Мультимедиа жұмысты қызықты да тез аяқтауға көмектеседі.
Виртуалдық шындық – дыбыстық, көру, тактильді, сонымен қатар нақты уақытта кеңістікке объектілерге қатысты пайдаланушының орын ауыстыруына қатысты басқа да ақпараттардың түрін көрсететін мультиедиа құралдары.
Компьютер жəне компьютерлік желілер телекомуникациялық құрал ретінде
Клиент – сервер технологиясы.
Жергілікті желілердегі компьютердің бір-бірімен қатынас жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді тікелей байланыстыру кезінде сияқты клиент жəне сервер ұғымдары қолданылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет