Білім беру бағдарламасы 7М01535- информатика мұғалімдерін даярлау Құрастырған: Медешова А. Б. п.ғ. к., доцент Орал, 2023 ж


- ашылу (араласу) – конференцияға қатысушыларға оқу-танымдық барысында хабарламалар алмаса отырып, түрлі көзқарас, пікірлерге араласу; -



бет19/51
Дата15.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#483361
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51
информатизация обр 2023 маг (1) (1)

- ашылу (араласу) – конференцияға қатысушыларға оқу-танымдық барысында хабарламалар алмаса отырып, түрлі көзқарас, пікірлерге араласу;
- жеделдік, жоғары жылдамдықта ақпарат алмасу, оқу үдерісін қадағалау, мұғалімдер мен оқушылар арасында байланыс жасау, кез келген қолданушыға ыңғайлы уақытта ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Инегративтілік, білім беру ортасында интегративтік деңгейлерін қадағалау жəне ұйым ретінде бағалау.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының мазмұнына кіретін тесттік тапсырмалар ерекше талаптар жүйесіне жауап беру керек. Ол талаптар құрамына бірінші кезекте мазмұнның пəндік тазалық, айқындылық, анықтылық, бірмəнділік, оңайлық, сенімділік, форма дұрыстығы, жергілікті тəуелсіздік, технологиялық жəне тиімділік талаптары кіреді.

Дәріс 8: Ақпараттық ықпалдастыру білім беруді ақпараттындыру құралдарын жасау технологиясы ретінде


Мақсаты: Электрондық басылымдар мен ресурстарды жасау құралдары
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  • Негізгі ұғымдар

  • Электрондық басылымдар мен ресурстарды жасау құралдар

  • Білімді ақпараттандыру құралдарын дайындау үшін мазмұнды іріктеу

  • Оқу ақпаратын гипермəтін түрінде келтіру

Оқытушылар мен оқушылар білім беруде қолданылатын мультимедиа-ресурстарды құрастырушылар емес. Көбінесе оқытушылар мен оқушылар мұндай құралдардың қолданушысы сапасында көрініп жатады. Бірақ іс-тəжірибе жыл өткен сайын көптеген оқытушылар қарапайым болса да, білім берудің электрондық құралдарын құрастыруда шетте қалып жатпағандықтарын көрсетеді. Осыған байланысты қазіргі заманғы оқытушы сапалы мультимедиа-ресурстарды құрастыру технологиясын, аппараттық жəне бағдарламалық құралдарды, оқытудың компьютерлік құралдарын құрастыруға арналған талаптарды ұсыну керек.


Жергілікті құрауышты жасауда қолданылатын бағдарламалау жүйесі мультимедиаға желілік жəне жергілікті білім ресурстарын интегралдай отырып курс жəне интернет жүйесінің ресурстарына қарым-қатынас қосуға мүмкіндік беретінін ескере кету керек.


Анық айтатын болсақ, интернет желісіне арналған мультимедиалық гипермəтіндік ресурстар жəне мультимедиалық беттерді жасауда көбінесе келесі тілдер мен құралдар қолданылатынын ескерту қажет:
- Гипермəтін белгісінің тілі (HTML) – ақпараттық беттерді жасау, қалыптау жəне көрсету үшін Интернетте қолданылатын стандартты тіл;
- Java тілі – C++ тіліне ұқсас мамандандырылған объектке бағытталған бағдарламалау тілі. Берілген тіл интербелсенді гра- 254 фиканы жəне интернет ресурсында анимацияларды қолдануға арналып арнайы жасалған. Көптеген дайын қосымшаларға (Javaapplets) интернет арқылы қол жеткізуге жəне болашақта өзінің жеке ақпараттық желілік жəне желілік емес мультимедиа-ресурстарын жасауға қолдану үшін компьютерге жүктеп алуға болады;
- VRML тілі (Virtual Reality Modeling Language) жүйеге қарапайым анимацияларға қарағанда, шынайы объектінің алдамшы көріністерін күштірек көресетуге мүмкіндік беретін кең үш өлшемді объектілерді жасайды жəне орналастырады. Айтылған үшөлшемді объектілер олардың «көлеміне» байланысты «виртуалды бөлмелер», «виртуалды галереялар» жəне «əлемдер» деп атау қабылданған.
- CGI (Common Gateway Interface) – мəніне қарай бағдарламалау тілі емес, ақпараттарды жинау мен мəліметтер қорын жасауды сипаттайтын спецификация болып табылады. Құраушылар PERL тілін немесе басқа тілді динамикалық іс-қағаздарды жүйеге орналастыруға жəне жұмысын қарастырушы
CGI – бағдарламалар жасау үшін қолданады. Мысалы, қолданушылар Интернет беттерде берілген уақыт аралығында тест сұрақтарына жəне т.б. жауап бере отырып, анкета жəне сауалнамалар бланкаларын толтыра отырып, осындай бағдарламаларға кез болады.
Білім беру басқармасында жобалауды ұйымдастыру мультимедиа-құрылғыларын келесідей негізгі этаптардан тұрады:
1. Оқу-танымдық бағытындағы жобаның негізін анықтау: оқутанымдық тұрғысынан қарастырылатын мəселенің көлемін анықтап мəселелер мен оларды шешу жолындағы əдістерді анықтау жəне түсінік беру;
2. Оқу пəніндегі заңдылықтарды жобалау;
3. Оқу пəніндегі заңдылықтарды жəне білім беру жүйесінің компоненттері арасындағы байланыстарға баға беру;
4. Оқу пəніндегі білімнің жағдайын жобаға келтіру;
5. Оқу пəнінің білім берудегі мазмұны мен тапсырмалар көлемін жобалау;
6. Кəсіби-педагогикалық көзқарасында берілетін тапсырмаларды жобалау.
Оқу құралдарында кезең бойынша көрсетілген келесідей бағыттар анықталады:
1. Зерттелетін пəндегі қазіргі ғылыми еңбектерге сүйене отырып, (монография, ғылыми жұмыстар жəне т.б) ғылымның логикалық құрылымын жасау;
2. Мазмұнның таңдау негізін қалыптастыру;
3. Берілген негіздер арқылы мазмұнның жобаланған құрылымынан оқу элементтерінің санын таңдау (білім беру бағытында) жəне көздеген мақсатқа жетуге таңдалған оқу элементтерінің санының жеткілікті екеніне көз жеткізу.
Жоғарыда көрсетілген жоба формаларынан басқа білім беру мазмұнына оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін жоспарлау керек, оқушылардан алған білімін, меңгеру деңгейін əр уақытта талап етіп жəне соны мультимедиалық-технологиялардың көмегімен ұсына алуы тиіс.
Білім беру облысы түсінігі жүйесінің өңделуі таңдау үдерісі мен оқу пəні мазмұнының құрылуының, сонымен қатар мультимедиа құралдарының өңделуіндегі таңдаулы мазмұнды қолданудың маңызды сəті болып табылады. Ұғымды дұрыс таңдай мəселесімен қазіргі оқу үдерісімен байланысты барлық ғылыми облыстарда жұмыс жасайтын мамандар соқтығысатынын естен шығармалық.
Түсінік деп қисынды рəсімделген жалпы ой немесе заттар немесе құбылыстар сыныбы туралы жалпы ойды айтамыз. Сонымен қатар, термин дегеніміз – берілген пəн облысындағы басқа түсініктермен сəйкес жəне ғажайып ғылыми анықтамаға ие арнайы ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері.
Терминдерді таңдау үдерісі кезінде келесі факторларды ескеру қажет:
- термин өзінің лексикалық эквивалентімен дұрыс, көбіне біркелкі сəйкестігі болуы қажет;
- термин өзі қолданылып отырған жалпы контекстен бос бола алмайды;
- терминді дұрыс түсіну үшін оның морфологиялық құрылымын, жалпы қолданылатын сөздерден ерекшелейтін семантикалық ерекшеліктерін, олардың құрылымдық ерекшеліктері мен қолдану ерекшеліктерін білу керек.
Білім берудегі гипермедиа құралдардың құрылуы кезінде оның жəне гипермəтіндік навигация жүйесін құрастыратын басқа құралдардың беттерінің құрастырылу ерекшеліктері көрсетілген. Əрбір гипермедиа бет кіріспесінде иерархиялық құрылым төбесіне сəйкес келетін білім беру облысы тезаурусының элементі болып табылатын ат жарияланады. Мультимедиа құралдары бойынша навигациялауға ұсынылған барлық гиперсілтемелер экранда негізгі 3 топқа топтастырылуы қажет.
Олардың біріншісі («ата-ана» тобы) бетке жалғыз берілген төбе-бетке қатысы бар төбе-ата-анаға сəйкес келетін гиперсілтемеден тұрады. Басқаша айтқанда, бұл топ жарияланатын түсінікке арналған бетке қатысты гиперсілтемеден тұрады. Берілген топ əрқашан тек бір гиперсілтемеге ие болатыны ағаш-иерархия түрінде, əрбір төбе бірден көп емес ата-анаға ие бола алады деген мəліметтер ұйымының сипатталған ерекшеліктерімен келісілген. Бұдан «ата-ана» тобы ешқашан бос бола алмайтынын (бұл ағаштың байланысу сипатына қарама-қайшы болар еді), соңына қарай білім берудегі гипермедиа құралдың ең бірінші негізгі титулдық беті ереже бойынша басқа беттерге сілтеме берсе де, мультимедиа ресурстардың мағынасын толықтыра алатындай болу керек.
Екінші топ («ұлдар»тобы) ағымдағы беттің мазмұнын толықтыратын немесе нақтылайтын гиперсілтемелерге ие. Мұндай гиперсілтемелік түсініктің иерархиялық құрылымына берілген төбе ата-анасы болып табылатын төбе-ұрпақтар сəйкес келеді. 268 Гиперсілтемелердің бұндай бөлінуі оқушы деңгейі төмен материалды қарауға күтпеген жағдайда гипермəтіндік беттерді барынша ыңғайлы қарастыру мүмкіндігін туғызады, егер гипер мəтіндік ақпараттық мақаланың мазмұны оны қызықтырмаса немесе ол үшін белгілі болса жəне керісінше егер гипермəтіндік мақаланың материалы пайдаланушыға пайдалы немесе қызықты болса, ол гипермəтіндік мақаланың берілген ақпараттық бағыт туралы нақты материалдарға ие анық жазылған жəне топтастырылған кіріспелерін пайдалана алады. «Ұлдар» тобы бірнеше гиперсілтемеге ие болатын жағдайлар болуы мүмкін.
Гиперсілтемелердің соңғы үшінші тобы («ағалар» тобы) негізгі беттің мағыналық деңгейіне ие иерархияда ағалар төбесіне сəйкес келетін ақпарат бар бетке сілтеме жасайды. Басқаша айтқанда бұндай топ дəл сол мезетте қаралып отырған бетке қатысы бар, материал тақырыбына немесе туысқандық «тақырып» материалына ұқсас гипермəтіндік мақалалар кіріспесін атап айтуды қамтиды. Қорыта келгенде иерархияның берілген деңгейін ұсынушы барлық түсініктермен танысу үшін оқушыға үшінші топтағы гиперсілетемге сілтеме жасайтын барлық «ағалар-беттерін» кезегімен көрсету жеткілікті. «Ағалар» тобы бос болмауы керек, сол уақытта қарастырылып отырған беттің ерекше əдіспен белгіленген аз дегенде бір гиперсілтемесі болу керек. Осының арқасында оқушы қарап отырған бет «ата-ана»-«бауырлар»-«ұлдар» мағыналы иерархиялық жүйесінде қандай орынға ие екендігі жайлы қосымша ақпаратқа ие бола алады.

Дәріс 9: Электрондық оқулық жасақтау технологиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет