артықшылықтары.
Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану:
• мәмілені ресімдеуге және құжат алмасуға кететін уақытты едәуір қысқартуға;
• құжаттарды дайындау, жеткізу, есепке алу мен сақтау рәсімін (процедураны) жетілдіруге және арзандатуға;
• құжаттаманың шынайылығына кепілдік беруге;
• ақпарат алмасудың құпиялылығын арттыру есебінен қаржылықшығындар тәуекелін азайтуға мүмкіндік береді.
ЭЦҚ қолдану жөніндегі ұсыныстар негізінен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты.
Электрондық цифрлық қолтаңбаның программалық коды бұзудан сенімді қорғалған. ЭЦҚ-мен жасалған алаяқтық фактілері программалық кодты бұзу арқылы емес, компьютер, флеш-жад пен мобильді телефонның біреудің қолына түсуіне байланысты. Осылайша, алаяқтардың ЭЦҚ пайдалануына көп жағдайда қолданушылар өзі кінәлі болады.