Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беру кеңістігі тұтастығының қажетті шарты



жүктеу 25.52 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі25.52 Kb.
Секциялық отырыстың ұсыныстары
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – Қазақстан Республикасында білім беру кеңістігі тұтастығының қажетті шарты»
Астана қаласы 21 тамыз 2014 жыл
Қатысушылар: білім беру ұйымдарының басшылары, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері, «Бөбек» ҰҒПББСО, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдарының, БАҚ-тың өкілдері.

Республикалық педагогикалық тамыз кеңесінің секциялық отырысында білім беру ұйымдарының басшылары, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, «Бөбек»ҰҒПББСО ата-аналар қауымдастығының өкілдері оқушылардың адамгершілік-рухани тәрбиесі бойынша тәжірибе алмасты. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы шеңберінде мұғалімдер оқушылар мен ата-аналар арасындағы өзара әрекеттесу формаларын талқылады. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын кірістіру жағдайында мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуінің негізгі қағидаларын жинақтап, келесідей ұсынымдар қабылдады:

1. Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын болашақта тереңірек кірістіруді енгізу бойынша жұмыстарды белсендіру.

2. Пилоттық білім беру ұйымдарының стратегиялық бағыттағы қызметін білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын әдістемелік тақырыпта, оқу-тәрбие жұмысы бойынша жылдық жоспардың мақсаты мен міндетінде, жоспарда, ғылыми-әдістемелік, тәрбие жұмысында, қосымша білім беру ұйымдарының жанында енгізуді анықтау.

3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша барлық әдістемелік зерттемелерді «Бөбек» ҰҒПББСО ғылыми-әдістемелік кеңесімен келісуін қамтамасыз ету.

4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған қызметке қоғамдық бірлестіктерді құру және белсендендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

5. Оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын тереңірек енгізу моделін жүзеге асыратын пилоттық білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу және өзара әрекеттестікті жалғастыру.

6. Бірыңғай білім беру кеңістігінде пилоттық білім беру ұйымдарына «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын тереңірек енгізуде ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.

7. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы арқылы болашақ мұғалімдердің деонтологиялық түсінігінде кешенді және мақсатты тәрбие үшін педагогикалық жағдайды қамтамасыз ету.

8. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша оқыту тренингтерін, мастер класстарын балаларға, педагогтарға, ата-аналарға өткізуді белсендіру.



9. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің үлгілі педагогикалық тәжірибелерін БАҚ-та жариялауын ұйымдастыру.

10. БАҚ-та электрондық және қағаз беттерінде демографиялық даму, балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі, отбасылық саясаттың сұрақтары бойынша «сұрақ-жауап» айдары, тұрақты телевизиялық және радиобағдарламалық сұхбаттар ұйымдастыру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет