Білім беру бағдарламасы: барлық бб бағытына Петропавл қ. 2021ж. Тақырып


Тақырып 1.5. Қиялдың шығармашылық ойлаумен байланысы



бет6/16
Дата23.09.2022
өлшемі219.79 Kb.
#461176
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Білім беру ба дарламасы барлы бб ба ытына Петропавл . 2021ж.

Тақырып 1.5. Қиялдың шығармашылық ойлаумен байланысы.
Шығармашылық іс-әрекеттегі қиялдың ролі.
Шығармашылық ойлаудың көсеткіштері.

Сонымен, қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес, ол адамның бүкіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Шығармашылық қиял жеке адамның барша тұлғалық қасиеттерімен қабысып, сонымен қатар олармен бір тарапымен шектелмейді. Шығармашылық қиял шарықтауы адамның біліміне, қабілетіне тәуелді келіп, мақсаттары мен көңіл-күйіне байланысты. Шығармашыл қиялдың маңыздылығы жоқтан барды шығару емес, еленбес бөлшектерден құралған дүниені өзгертіп, жаңалауда болады. Шығармашылық қиялдың жемісті болуы адамның ерік-күшіне, үздіксіз қажымас еңбегіне байланысты. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Сондықтан, қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оның шығармашылық ісіне күш-жігер қосады. Адам жеке тұлға қалыптасып дамуында шығармашылық қиял үлкен қызмет атқарады. Менің ойымша, қиял адам өмірінде маңызы өте ерекше және шығармашылық қиял адамның қолынан келетін барлық қасиеттерімен бай қылады.


Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиляға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор. Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді.қайта құру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бұрын санамызда елестету мен ұғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс.
Кейде құр қиялдану, мұңдануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бұл — теріс пікір. Қиял — психикалық құбылыс. Ал қиялдану мен мұңдану — көңіл күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық құбылыстар да қатысады. Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді де қиял түріне жатқызады. Бұл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру — психикалық процесс емес. Ол ұйқы кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық құбылыс. Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек.
Қиялдың психофизиологиялық негізі
Қиял үрдісі арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет-қылығын реттейді, болмысты шығармашылықпен қайта жасайды. Қиялдау әрекетіне қозу мен тежелу процестері қатысып отырады. Заттар мен құбылыстардың бейнелері, елестері адамның көз алдына келуінде сенсорлық және перцептикалық процестер өте маңызды.
Қиялдың физиологиялық негізі мида ошауланған орталықтар емес, мидың үлкен жарты шарлардан тұратын қабығы. Адамдардың қиялдау әрекетінің қозу мен тежелудің үздіксіз процестері, иррадиция мен концентрация, оң және теріс индукциялар, талдағыштың ми бөлімдері талдау мен біріктіру қатысып отырады. Сөйтіп көптеген жүйке процестерінің түйісуі нәтижесінде адамның нақты қабылдағанда бұрын болмаған жаңа образдар мен елестер туады. Жүйке байланыстарының іске қосылуы, бұзылуы, қайта түзілуі мен жаңа жүйелерге бірігуі. Осының арқасында бұрынғы тәжірибеден өзгеше, бірақ одан мүлде ажырап кетпеген, жаңа бейнелер келіп шығады. Қиялдың сонша күрделі болуы, алдын-ала оның мазмұндық сипатын болжастырудың қиындығы, қиялдың көңіл-күймен байланыстылығы қиял жасаушы тетіктердің тек ми қабығында ғана емес, мидың терең, тар бөліктерінде жайғасатынын пайымдайды.
Қиял - адамның психикасының ерекше формасы, ол басқа психикалық процестермен бөлек тұратын және қабылдау, ойлау және жадыда сақтау арасындағы аралық орын алатын психикалық форма. Қиял адамға ғана тән және ағза қызметімен қызық бейнеде байланысты. Қиялдың механизмі туралы әлі күнге дейін бізге ештене белгілі емес. Адам миының қай бөлігінде қиял жайылған. Бұл басты сұрақтарға біз нақты ештеңе жауап бере алмаймыз.
Қиял арқасында адам өзінің қызметін жоспарлап оны басқара алады. Адамның материалды және рухани мәдениеті қиял өлімі болып табылған. Қиялда адам өткенін еске түсіріп, келешек өмірін ашады. Қиялы бай адам әр түрлі уақытта өмір сүре алады, өйткені жадыда сақталған, ал келешек арман мен фантазияда елестетілген. Қиял адамға практикалық әрекетсіз жағдайларда хабардар болуға және мәселелерді шешетін көрнекі бейнелі ойлаудың негізі болып табылады.
Қабылдаудан қиял ерекшелігі, оның бейнелеріндей жағдайда ғана шындықпен сәйкес келеді, онда фантазияның кейбір әлеуметтері бар. Егер қиялдың шындықпен мүлдем немесе азғана сәйкестігі бар болса, оны фантазия деп атайды. Егер ол келешекке бағытталған болса, оны арман деп атайды.
Активті қиял- адам өзінің тілегі мен және еркімен өзінде сәйкес бейнелер тудыра алады.
Продуктивті қиял - бұнда шындық саналы түрде құрылады.
Пассивті қиял - қиял бейнелері спонтанды (аяқ асты) түрде адам еркі және тілегінен туындайды.
Репродуктивті қиял- шындық қандай түрде сондай түрде елестетіледі. Фантазияның кейбір әлементтері бар, мұндай қиял шығармашылықтан гөрі қабылдау және жадыда сақтауды елестетеді. Адам қиялымен көркемдік шығармашылық процесі байланысқан. Бәріне танымал М.И.Шишкин суретінде ботаниктер орыс орманының өсімдіктерін тани алады, мұнда өсімдіктер дәл бейнеленген. Кез келген өнер бастамасы өмір, ол фантазияның бастапқы базасы ретінде көрінеді. Бірақ ешқандай фантазия адамға белгілі емес нәрсені бейнелей алмайды. Осымен байланысты тек шындық шығармашылық негізі болып табылады. Бірақ бұл шындық бейнелеушілер қиялы арқылы өтеді. Мысалы П.Пикассо «Герника» шығармасы 1936-1939 ж.ж Испаниядағы қайғылы оқиға бейнесі. Егер мұның әр бір бөлігін алып қараса, абстрактілі формада нақты ой, нақты бейне туады. Егер шындықты реалистік әдіспен қайта құру суретшіге ұнамаса, қиялдың өнімділігімен кездесеміз. Мұндай қиял өнімі болып М.Булгаковтың «Мастер және Маргарита» романы ағайынды Стругацкий фантастикасы, он төрт жасар Москва окушысы Надя Рушеваның фантастикалық кентавризасы, кентавряттары болып табылады.
Адам қиялы әдебиет және өнермен ғана шектелмей коймайды. Ол ғылыми, техникалар және т.б. шығармашылық түрлерімен бейнеленді. Қиялдың т.б түрлері бар. Бұл түс көрушілік, елестетушілік, мұң және арман. Түс көрушілік қиялдың пассивті және жеке формасы емес болып табылады. Олардың адам өміріндегі мәні әлі анықталмаған, бірақ түс көргенде адам өмірге қажетті қанағаттану алады. Елестетушілік (галлюцинация) - адамның қоршаған шындықпен ешқандай байланысы жоқ, фантастикалық елестеу. Олар әдетте адамның психикалық немесе организм бұзылуының нәтижесі.
Мұңның (грезы) елестетушіліктен айырмашылығы - бұл қалыпты психикалық жағдай, ол келешекті елестететін тілекпен байланысты фантазия. Арманның мұңнан ерекшелігі ол көп мөлшерде шындықпен байланысқан. Арман және мұң адамның көп уақытын алады, әсіресе жастық шақ кезінде.
Адам ойы жұмыс істеп тұрғандықтан, олар көп армандайды. Адам миына жаңа мәлімет келіп түспесе де жұмыс істеуін тоқтатпайды. Дәл осы кезде қиял жұмыс істей бастайды. Адам өзінің тілегімен ойды, қиялды тоқтата алмайтындығы белгіленген.
Адам өміріне қиял спецификалық функция қатарын толтырады. Соның біріншісі шындықты бейнелі түрде елестету, екіншісі эмоционалды жағдайларды реттеу. Адам өзінің қиялымен көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Өмір басты функциялар психоанализге жиналады. Үшінші қиял функциясы адам жағдайы және танымдық процестерді реттеуде қатысуымен сипатталады. Бейнелер көмегімен адам басты жағдайларға көңіл бөле алады. Төртінші қиял функциясы ішкі жоспар әрекетін құру бейнелеу көмегімен ойда орындай алу қабілеттілігі. Бесінші функция - бұл шындықты жоспарлау және бағдарламалар.
Қиял көмегімен біз көптеген психофизиологиялық жағдайларды басқара аламыз. Фантазия бейнелері ешқандай шындықтан алшақтаған болмайды. Қиялдың жадыда сақтау, қабылдау және ойлау спецификаларымен байланысты қиялдың индивидуалды, типологиялық ерекшеліктері бар. Кейбір адамдарда нақты, әлемді бейнелі қабылдау бар. Мұндай индивидтер жақсы ойлаудың шығармашылық түрімен икемделген. Ол физиологиялық түрде мидың оң жақтағы шарымен байланысты.
Проективті типтің даралық тесті (тематикалық, апперцептивті тест ГАГ, Роршах тесті) - ол адам өзінің қиялында басқа адамдарға өзінің даралық қасиеттерін бейнелеуге бейімділігі. Бұл суретте жиырма секунд мөлшерінде қарап тұрғаннан кейін зерттелуші сол бойынша әңгіме құру керек, келесі сұрақтарға жауап бере отырып.
Бұл адамдар кімдер? Суретте не бейнеленген?
Бұл адамдармен не болған?
Нақты сәтте олар не туралы ойлайды?
Қандай ойлар және сезімдер бар?
Әрі қарай не болады? Зерттелушілермен жазылған әңгімелер балмен бағаланады және оның өңдеуі бойынша зерттелушінің даму дәрежесі жайлы нәтиже, қорытынды шығарылады.
Қиял өзінде субъективті психикалық әрекет елестетеді. Қиял және органикалық процестер тығыз байланысқан. Олардың кейбір дәлелдемелерін қарастырайық. Кейбір фантазиясы бай адамдар нәтижесінде органикалық процестері өзгеруі мүмкін (пульс жиілігі, қан қысымы көтерілуі, тер шығуы т.б.). Мұндай фантазиясы сезімтал адамдар аурудың кейбір түрлерімен ауырып қалуы мүмкін. Кейбір дәрігерлер: асқазан ауруы көбінесе біз жейтін емес, бізді жейтін аландушылық сияқты түрлерден пайда болады деп дәлелдеуде.
Адам санасындағы бейнелер бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұнына ешқашан тікелей қабылданбаған, мысалы, тарих тұңғиығындағы немесе ұзақ болашақтағы суреттемелер; көріп-білмеген, тіпті болуы мүмкін емес оқиғалар, көрмеген мақұлықтар енуі мүмкін. Бейнелер арасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыспен шығып, шексіздік әлеміне есік ашады. Адам тәжірибесін түрлендіруші және өзгеріске келтіруші тосын бейнелер қиялдың негізгі сипатын құрайды.
Әдетте, күнделікті өмірдегі қиял не фантазия мәні ғылымдағы осы өздермен берілетін ұғымдардан басқашалау. Тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін, практикалық маңыз-мағынаға ие болмағаннан бәрін қиял не фантазия деп атай саламыз. Ал, шыныда, қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекеттің негізі ретінде көркем-өнер, ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Бұл тұрғыдан табиғаттың бергенінен өзгеше адам қолынан өнген өнер, мәдениет әлемінің бәрі дерлік қиял мен осы қиялға негізделген шығармашылықтың жемісі.
«Әрқандай бейне, мейлі ірі, мейлі кіші болсын, нақты қалыпқа келіп, орнықты шындыққа айналудың алдын ойда түзілген жаңа байланыстар мен қатынастар негізінде жасалған қиял түрінде іске асады». (Рибо). Алайда, қиял қандай түрде көрініс бермесін, өздік ерекшелігін жоймайды, әрі тек өзіне тән ерекше мазмұнға ие. Қиял бейнелерінің естегі суреттемелерден негізгі айырмашылығы–олардың нақты болмысқа байланысты қатынасынан туындайды. Ес бейнелері – өткен тәжірибенің қайта жаңғыруы, сондықтан да естің негізгі қызметі өткен тәжірибе нәтижелерін мүмкіндігінше өзгермеген формада сақтау, ал қиял процесінде қай бейне болмасын, өзгеріске түседі, осынысымен де қиял әрқандай шығармашылық ұмтылыстың міндетті шартын құрайды. Қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып-ақ, болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжастыра алады. Қиял жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжастыруға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына, мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады. Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс, орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. Мұның дәлелі – кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болған. қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын, ұғымдық мазмұнды негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады. Қиялда түзілетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады. Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады. Мұның дәлелі мысал, ертегі, мақал-мәтелдер, әрқандай көркемөнер туындысында біз көрнекі бейнемен ашылатын негізгі ой-идеяны іздестіретініміз табиғи нәрсе.
Қиялға тән және бір ерекше белгі – оның бастау деректері толық әрі әл талдауға келмейтін, мазмұны өте күмілжі жағдайларды болжастыруда қолданылуы. Мұндай да белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану қиын. Бұл тұрғыдан, қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» формасы ретінде қызмет атқарады.
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д.Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял – ақылдылықтың нышаны»,- деген.
Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет