Машиналық интеллект
Биологиялық желілерді модельдеу. Жасанды сана –сезім
Ақпараттық процесстердлі модельдеу
Эвристикалық модельдеу урет 1. ЖИ облысындағы зерттеулер бағыты.
Бақылау сұрақтар:
ЖИ саласында зерттеулердің қандай бағыттары болады?
Машиналық интеллект ұғымын қалай түсінесіз?
«Қара жәшік ұғымын қалай түсінесіз?»
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Дүйсенов, Н.Ж. Логикалық бағдарламалау [Мәтін]: Оқу құралы / Н.Ж. Дүйсенов, М.Ж. Кошкинбаева.- Шымкент, 2019.- 92б.
2. Cюарт, Р. Жасанды интеллект.3-том. Жаңашыл әдіс. Логика. Оқулық-Алматы,2016-540б (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен).
3. Рассел, С Жасанды интеллект. 1-том. Жаңашыл әдіс-Логика. А,2013-540 (ҚР БЖҒМ «Оқулық» орталығы бекіткен).
4. Абдрахманова, Г., Визуалды бағдарламалау технологиясы [Мәтін]: Оқу құралы / Г. Абдрахманова -Шымкент, 2019.
ЛЕКЦИЯ №10
10. Тақырыбы: Жасанды интеллектіні модельдеу
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
Нейрон тәрізді желілер.
Нейрон тәрізді желілердің типтері.
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
1. ЖИ облысындағы зерттеулер бағытында адам мен жануардың жүйке жүйесінің құрылымы мен үрдістері модельдеудің тікелей объектісі болып табылады. Жүйке жүйесін модельдік тұрғыдан оқуда зерттеушінің көз алдына бірінші кезекте жүйке клеткалары – нейрондар және өзара байланысқан клеткалардан – нейрондық желілерден тұратын құрылым келеді.
Нейрон тәрізді желілір. Адамның миының үлкен жарты шарының қабықшасы шамамен 14 млрд. нейрондар құрайды. Олардың қысқа және өскіндері –дендриттер, олардан кіретін әрекеттер келіп түседі, және оксонда, шығатын реакцияларды жүргізеді, бұлар байланыстың күрделі өрімін құрайды. Нейронның өзінің құрылымы мен қызметінің заңдары өтое күрделі. Сондықтан нейрондарды модельдеуде қысқартылған сипаттамалар қолданылады. Нейрондар желісінің осындай қысқартылған модельдері нейрон тәрізді желілер деп аталады.
2. Нейрон тәрізді желілердің екі типі бар. Оның біріншісінде желі түйіндері болып жеке нейрондарды сипаттайтын формальды элементтер табылады. Осы типтегі желілерге белгілі нейрон тәрізді желілер жатады, оларды У.Маккалаком және У.Питсом зерттеген және дайындаған. Екінші типтегі желілерде түйіндер болып жеке нейрондарға емес, оның ерекше жиынтықтарына - нейрондық ансамблдерге сәйкес келетін формальды элементтер табылады.
Нейрондық ансамбль деп оның қандай да бір бөлігі қозған кезде толық қозатын өзара байланысқан нейрондар жиынтығы түсіндіріледі. Зерттеушілер тек нейрондық ансамбльдер ғана адамның немесе жануардың күрделі қалыптасу қызметтерін қамтамасыз ететінін айтады.
Модельдеуді сипаттау объектісі ретінде нейрондық ансамбльдер жеке жеке нейрондардан екі негізгі ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Оның біреуі ансамбльдердің қозуының шығуы үнемі өзгеріп отырғандықтан тұрады, яғни «иә-жоқ» заңы бойынша емес. Сәйкесінше ансамбль анықталған статикалық және динамикалық сипаттамалар жиынтығы түрінде берілетін аналогты ақпараттың сызықты емес түрлендірушісі ретінде сипатталуы мүмкін. Екінші ерекшелік былайша түсіндіріледі, ансамбль ойлау қызметі үрдісінде қатысатын ұғымға , образға және т.б. элементтерге, яғни қандай да бір мазмұнды бірлікке сәйкес қойылуы мүмкін.
Жеке нейрондар деңгейінде, сонымен қатар ансамбльдер деңгейінде нейрон тәрізді желіліерді зерттеу роботтық техниканың есептерін шешуде кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |